Тақырыптар, және олардын мазмуны


Резервтік валюта дегеніміз не?



бет30/73
Дата28.11.2023
өлшемі241,58 Kb.
#130844
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   73
Байланысты:
sciPaper56656

Резервтік валюта дегеніміз не?
Резервтік валюта – халықаралық төлем және резерв құралы функциясын орындайтын, басқа елдер үшін валюталық паритет пен валюталық бағамды анықтауға базалық қызмет ететін, валюталар бағамының реттеу мақсатында валюталық интервенция жүргізуде пайдаланатын алдыңғы қатарлы елдердің айырбасталған ұлттық валютаның ерекше категориясы.
Резервтік валюта мәртебесін алудағы алғышарттар:

  • дүниежүзілік өндірісте, тауарлар мен капитал экспорттарында елдердің билік ету позициясы;

  • жоғары тиімді байланыс жүйесі бар несиелік – банктік мекемелердің дамыған торабы;

  • басқа елдерде оған деген сұранысты қамтамасыз ететін, халықаралық айналымдағы валютаның еркін айналымдығы және валюталық шектеудің болмауы.

Халықаралық есептік ақша бірлігі дегеніміз не?
Халықаралық есептік ақша бірлігі - валюталық паритет пен валюталық бағамды белгілеу, халықаралық талаптар мен міндеттемелерді өлшеу үшін шартты бірлік ретінде пайдаланылатын валюталық бірлік. Қазіргі уақытта дүниежүзілік несиелік ақша типтері ретінде СДР (арнайы қарыз алу құқығы) және ЭКЮ (Европа валюта бірлігі) қызмет етеді.
Валюталық паритет дегеніміз не?
Валюталық паритет - валюталық бағамның негізі болып табылатын және заңды түрде бекітілетін екі валюта арасындағы шекті қатынас. ХВҚ (Халықаралық валюталық қор) жарғысы бойынша валюталық паритет СДР негізінде белгіленеді.
Валюталық жүйенің даму кезендері
Валюталық жүйенің дамуының төрт кезені бар:

  • бірінші дүниежүзілік валюталық жүйе - өнеркәсіптік ревалюциядан кейін алтын монометализм базасында алтын монета стандарты формасында қалыптасты. 1867 жылы Париж келісімі алтынды дүниежүзілік ақшалардың жалғыз формасы ретінде мойындады.

  • екінші дүниежүзілік валюталық жүйе – 1922 жылы Генуэз конференциясындағы мемлекетаралық келісіммен құрылды. 30 елдің ақша жүйесі алтын девиз сатндарты базасында қызмет етті. Ол кезеңдерде резервтік валюта мәртебесі ресми түрде бір валютаға бекітілмеді, бірақ доллар мен фунт – стерлинг жетекшілік танытты.

  • үшінші дүниежүзілік валюталық жүйе – 1934 жылы Бреттон – Вудс қаласындағы (АҚШ) валюта – қаржы конференциясында рәсімделді. Оғын 44 ел мүше болды. ХВҚ жарғысы бекітіліп, онда дүниежүзілік валюталық жүйе қағидалары бекітілді:

Алтынға және екі резервтік валютаға (АҚШ доллары және Ағылшын фунт – стерлингі) негізделеген мемлекетаралық алтын девиздік стандарттың жүйесі бекітілді. Бұл жерде алтын девиз стандарты халықаралық қатынастарды сақтауталып, ал ақша жүйесі айырбасталмайтын несиелік ақшаларға негізделді.

  • төртінші дүниежүзілік валюталық жүйе – қағидалары Кингстонда (Ямайка) 1976 – 78 жылдары халықаралық валюталық қорға мүше елдердің келісімімен рәсімделді. Онда ХВҚ жарғысына түзетулер енгізілді. Ямайка валюталық жүйесінің негізгі қағидалары мыналар:

а) СДР стандарты енгізілді, бірақ іс жүзінде долларлық стандарт сақталды, себебі доллар СДР жүйесіндегі есеп айырысуларды көбірек пайдаланады (валюталық “қоржындағы” доллардың үлесі 40%, ресми валюталық резервтерде - 60% жуық). Бірақ ХВҚ-ға мүше елдерге валюталық париттеттерін кез – келген валютада белгілеуге құқық берілген, соның негізінде көп валюталық стандартқа өту заңдастырылды;
б) Алтынды демонетизациялауға заңды түрде тиым салынды; ресми баға, алтындық паритет алынып тасталып, доллардың алтынға айырбасталуы тоқтатылды;
в) Валюталық бағамдар режимын таңдауға құқық берілді (1973 жылдың 6 – шы наурызынан бастап өзгермелі бағамдар жүйесі енгізілді);
г) ХВҚ арқылы мемлекетаралық реттеу күшейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет