Тақырыптар, және олардын мазмуны


Валюталық жүйенің маңызды элементтері



бет32/73
Дата28.11.2023
өлшемі241,58 Kb.
#130844
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   73
Байланысты:
sciPaper56656

Валюталық жүйенің маңызды элементтері.
Валюталық жүйенің маңызды элементтівалюталық бағам болып табылады. Оның пайда болуы: тауарлар мен көрсетілген қызметтердің халықаралық саудасы барысында, капитал және несиенің қозғалысында валюталармен өзара айырбастың қажеттілігімен; дүниежүзілік және ұлттық нарықтардағы бағаларды, сондай – ақ ұлттық немесе шетелдік валюталарда бейнеленген әр түрлі елдердің құндық көрсеткіштерін салыстыруға; банктер мен фирмалардың шетел валютасындағы шоттарын уақтылы қайта бағалап отыруға байланысты негізделіп отырады.
Валюталық бағам – бұл бір елдің ақша бірлігіне басқа бір елдердің ақша бірліктерінбейнеленген бағасы. әрбір елдің ұлттық валюталарын салыстыру олардың өндіріс және айырбас процессінде пайда болатын объективті құндық қатынастарына негізделеді.
Бағамның қалыптасуына әсер ететін факторлар.
Саяси – саяси тұрақтылық, валюталық заңдылықтардың ырықтандырылуы, валюталық саясат және т.б.
Экономикалық – халықаралық тәжірбиеде анықталатын экономикалық төртбұрыштың шыңы сияқты; экономикалық өсу, валюта тұрақтылығы, инфляцияның төменгі қарқыны (жылына 10%-ға дейін), жұмыссыздықтың төменгі деңгейі (жылына 8%), дүниежүзілік нарықтағы тепе – теңдік;
Психологиялық – жаппай сұраныс, негізгі капиталды тәуекелден қорғануға ұмтылыс және т.б.
Валюталық нарықтың объектілері мен субъектілері.
Валюталық нарықтар – бұл тауар ретінде валюталық құндылық саналатын нарық.
Валюталық құндылықтарға мыналар жатады:

  • шетел валютасы (ақша белгілері, банкноталар, қазыналық билеттер, монеталар т.б.) – құнды қағаздар ( чектер, векселдер) қор құндылықтары ( акция, облигация) және т.б. шетел валюталары көрінетін міндеттемелер.

  • құнды металдар ( алтын, күміс, платина, палладий, иридий, родий,ретений, осмий) және табиғи құнды тастар ( алмаз, рудийн, изумруд, сабфира, александрид, жемчук)

Валюталық нарықтар субъектісіне- банктер, биржалар, экспартерлар мен импартерлар, қаржылық және инвестициялық мекемелер, үкімет ұйымдары жатады.
Валюталық нарықтар объектісіне- келген қаржы талаптары жатады. Валюталық нарық субъектісімен сатылады және сатып алынады.
Валюталық нарықтар субъектілері келесі операциялар түрін орындайды;

  • сатып алушылық қабілетті беру.

  • хеджерлеу (ашық валюталық позицияны сақтау)

  • спекуляция (валюталық курсы немесе пайыз мөлшерлемесімен пайда табу.

  • Пайыз мөлшерлеменің орбитражы (депозит қабылдаудан алынған пайда және оларды жоғары мөлшермен белгілі кезеңге қайта жұмсау)

Сатып алушының мүмкіншілігін беру келесі операциялар түрінде жүргізіледі;

  1. Кассалық (спот)-валюталарды жедел түрде жеткізу әдетте келісім жасалғаннан кейін екі жұмыс күні көлемінде.

  2. Жедел (форворд)-валютаны жеткізу белгілі бір уақыт мезгілінен кейін жүргізеді.

  3. своп-сату және сатып алу операциялары әртүрлі орындалу мерзімінде бір уақытта жүргізіледі.

Валюталық нарықтың объектілерімен жұмыс істегендевалюталық нарық субъектілері тек қана экономикалық мақсаттылық көзқараста ғана емес, сонымен қатар ұйымдық, экономикалық және құқықтық көзқарастарға сүйенеді.
Бұндай қатынастарды- қажы валюталық қатынас жүйесі деп атайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   73




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет