Тақырыптар: сс педагогика – тәрбие мен оқыту жөніндегі ғылым



бет4/4
Дата29.09.2023
өлшемі463,1 Kb.
#111740
1   2   3   4
Байланысты:
3 семинар Амангелдиева

«Парадигма» ұғымы.

  • Білім беру саласының әрбір даму кезеңдеріне тән заманауи үлгі, модель ретінде қабылданатын өзіндік теориялык, әдіснамалық ерекшеліктері болады. Бұл жалпы педагогикалық қауымдастықтың қабылдаған даму бағыттарының жиынтығы ғылыми тілде парадигма деп аталады. Парадигма ұғымын ең бірінші болып ғылыми пәндердің дамуының түрлі кезеңдерін зерттеген американдық тарихшы Т.Кун болған. Оның пайымдауынша әр ғылымның дамуында мынандай кезендер бар: парадигманын орнығуына дейінгі кезен, парадигманың қалыптасуы, орнығуы; ғылым саласындағы дағдарыс, парадигмалардың ауысуы.

(Таубаева Ш.Т. Педагогиканың философиясы және әдіснамасы. Оқулық. – Алматы:
Қазақ университеті, 2016. – 12 бет)

Білім беру парадигмалары. Парадигманың түрлері.

  • Білім беру парадигмасы - білім алушыларды мәдени табиғатқа сай әдіснамалық тұрғыдан негізделген эталон құрылымы бойынша білім стандартына сәйкес жоғары адамгершілік құндылықтарға тәрбиелеу. Қазіргі таңда қолданыста:
  • 1. Дәстүрлі-консервативтік ( білімдік парадигма). 2. Феноменологиялық (гуманистік парадигма). 3. Рационалистік парадигма (бихевиористік, мінез-құлықтық). 4. Технократиялық. 5. Эзотериялық парадигма сияқты бес түрлі парадигма бар.

(Әлқожаева Н. С. Қазіргі кездегі білім беру парадигмалары контексінде тұлғаның рухани дүниесін қалыптастырудың ғылыми- педагогикалық негіздері. - Алматы: Қазақ университеті, 2012.- 35 бет.)

Білім беру парадигмасының психологиялық аспектілері.

  • - Шынайы өмірдегі шынайы адаммен эксперименттік психологияның әрекеттестігінің мүмкін болатындығына күмән туындауда. Осыған орай адамды танудағы жаратылыстану —ғылыми парадигмадан гуманитарлыққа, яғни, адамды оның тұтастығында қарастыруды көздейтін герменевтикалық, феноменологиялық таным әдістерін қолданып зерттеуді қажет етеді.
  • - Гуманистік психология өзінің ұстанымын нақтылай түсуде, онда адам тәнінің, жанының және рухани тәжірибенің интегралды бірлігі ретінде, болатын мазмұны мен процесіне көңіл аударатын адам ретінде карастырылады.
  • Пcихология адамгершілік құндылыктарға деген катынаста бейтараптык танытады және «ғылым-дін-адам» кеңістігінде өз орнын іздейді.

(Әлқожаева Н. С. Қазіргі кездегі білім беру парадигмалары контексінде тұлғаның рухани дүниесін қалыптастырудың ғылыми- педагогикалық негіздері. - Алматы: Қазақ университеті, 2012.- 33-36 бет.)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет