Әлеуметтік – экономикалық карталардың жіктелуі мен түрлері
Басқа тақырыптық карталар тәрізді әлеуметтік – экономикалық карталар да аналитикалық, кешенді және синтетикалық болып бөлінеді.
Аналитикалықтардың басты мақсаты – бұл мүмкіндігінше белгілі – бір көрсеткіштер бойынша базалық материалдарды толық және мұқият келістіру. Аналитикалық мінезі бар карталар негізінен – бұл анықтамалық түрдегі, оперативті мағынадағы карталар.
Кешенді карталар аналитикалық карталардың қасиеттерін сақтай отырып өзіне белгілі – бір экономикалық немесе әлеуметтік аймақтық кешенді мінездейтін нысандар мен құбылыстады көрсетуді біріктіреді.
Синтетикалық карталар әлеуметтік – экономикалық аймақтық жүйелердің толық, интегралды көрінісін береді. Әлеуметтік – экономикалық карталардың масштаб бойынша жіктелуі ерекше көзқарасты талап етеді. Әлеуметтік – экономикалық құбылыстар картасының қосымшасында карталардың белгілі үлкен, орта және кіші масштабқа бөлінуі бірқатар белгілермен ерекшеленеді. Үлкен, орта және кіші масштабтар ұғымы аймақ көлемі мен шаруашылықтың даму интенсивтілігіне және сатысына байланысты әртүрлі қабылданады. Географиялық масштаб нысандардың кеңістік дифференциациясы деңгейімен және олардың жүйелік арабайланысының ұзақтылығымен анықталады. Үлкенмасштабты әлеуметтік – экономикалық карталарға 1: 200 000 және оған дейінгі масштабтағы карталарды жатқызуға болады. Осы сияқты масштабтар әдетте жеке әлеуметтік – экономикалық нысандардың бейнесінің шекті анық көрінісін қамтамасыз етеді. Ортамасштабты карталарға 1: 200 000 – 1: 500 000 масштабтағы карталарды жатқызуға болады. Олар да сол сияқты әлуметтік – экономикалық нысандардың анық (ауылшаруашылық кәсіпорындар, жеке тұрақты қоныстар және т. б. дейін) көрінісін береді. Кішімасштабты карталарға 1: 500 000 және одан кейінгі масштабтағы карталарды жатқызуға блады. Олар тек шолу – анықтамалық картографиялауды немесе оқытушылық картографияны қамтамасыз етеді.
Әлеуметтік – экономикалық карталарды аймақтық қамту бойынша топтастыру ерекшеленеді. Жоғарғы «эшолондарда» ол табиғи және жалпыгеографиялық карталармен (дүниежүзі, құрлықтар, мұхиттар және т. б. карталары) бірегей болып келеді. Әрі қарай аймақтық қамту бойынша бұл карталардың жіктелуі саяси – әкімшілік бөлінісіне байланысты кеңейе береді (жеке мемлекеттер, жеке аудандар карталары және одан әрі).
Ерекше мағынаны құрамы бойынша жіктелу орын алады. Құрамы бойынша карталарды ең алдымен екі топқа бөлу қабылданған: әлеуметтік сала және экономикалық сала карталары. Бірінші топ карталары халық, қызмет көрсету саласының, әлеуметтік – саяси өмір карталарын қамтиды. Екінші топтағы карталар жалпы экономика мен халықшаруашылығы карталарын қамтиды. Салалы экономикалық карталар өзара жалпысалалы және жекесалалы болып бөлінеді. Өзінің топтамасын әлеуметтік тақырыптағы карталар да құрайды. Сондайларға тақырыптық картографияның саяси, саяси – әлеуметтік, тарихи картографиялау карталары жатады.
Әлеуметтік – экономикалық картографиялауға картографиялық бейнелеу тәсілі бойынша топтама қызығушылық тудырады. Мұнда тарихи қалыптасқан екі топтама бар: бейненің географиялық барабарлығын қамтамасыздандырушы тәсілмен құрастырылатын карталар мен сұлбалық географиялық карталар. Біріншісіне белгілер, сапалы фон, ареал, қозғалыс белгілері, сызықтық белгілер, нақтыланған картограмма, нүктелік әдістің географиялық нұсқасы тәсілдерімен құрастырылған карталар жатады. Екінші топқа жай картограмма, картодиаграмма,нүктелік әдістің сұлбалық нұсқасы тәсілдерімен құрастырылған карталар жатады.
Қолдану түріне қарай әлеуметтік – экономикалық карталарды шартты түрде үстел үстілік және қабырға үстілік болып бөледі.
Тәжірибелік бағытына байланысты әлеуметтік – экономикалық карталар инвентаризациялық, бағалаулық, болжамдық, ұсынушылық және т. б. карталар болып бөлінеді.