КІРІСПЕ
Математика ең алдымен оқушылардың дұрыс ойлау мәдениетін қалыптастырады, дамытады, шыңдай түседі. Американдық педагог – математик Д.Пойа былай деген: «Математиканы білу деген не? Бұл есептерді шығара білу, онда стандарттық есептерді ғана емес ойлаудың еркіндігін, сананың салауаттылығын, өз болмысты, тапқырлықты керек ететін есептерді шығару».
Математика өмірді сан арқылы бейнелейді. Адамзат баласы ең алғаш рет жазу-сызудан бұрын санауды үйренгені хақ. Осылайша, бертін келе адамдар қарапайым арифметикалық амалдарды қолдануды үйреніп, олардың негізгі қасиеттерін сараптап, тағы басқа да математикалық білімдерін дамыта түседі. Әуел баста адамдар саусақтармен амалдар қолданып, кейіннен есептеудің өзге де тәсілдерін ашқан. Сондай-ақ жылдам есептеу әдістеріне талдау жасап, оны келешек ұрпаққа таратып отырған.
Ал біздің заманымыз ғылым мен техниканың қарқынды дамуымен ерекшеленеді. Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір адамға сапалы және терең білімнің, іскерліктің және жылдамдықтың болуын қажет етеді.
Бұл жобада профессор Я. Трахтенбергтің жылдам есептеу әдісі көрсетілген. Осы әдіске мысалдар келтірілді.
Тақырыптың өзектілігі:
Адамдардың ойлау қабілетін арттыру .
Зерттеу объектісі:
Жобаның мақсаты:
Профессор Яков Трахтенбергтің есептеу әдісінің тиімділігін анықтау.
Мақсатқа жету үшін қойылған міндеттер:
Тақырыпқа байланысты әдиебиеттерді іздеу;
Трахтенбергтің есептеу әдістермен танысу;
Ұсынылып отырған әдіске мысалдар келтіру.
1.1 АУЫЗША ЕСЕПТЕУДІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ
Өмірде ауызша есептеу не үшін қажет ? Бүгінгі күнде ғылыми технологияның дамуына байланысты адамзат баласы ой және дене еңбегін жеңілдететін техникалық құрылғылардың түр-түрін ойлап табуда. Мысалы, қазіргі кезде электронды есептеу машинасын қолдана отырып, кез-келген күрделі есептің шешімін аз ғана уақыт аралығында табуға болады,тіпті калькуляторлардың өзі бүгінгідей нарық заманында қарапайым халық үшін аса тиімді. Әрине, мұның бәрі адамның ойлау қабілетінің ең ірі жетістіктері болып табылады. Сол себепті де, баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің бірі деуге болады.
Технологиялар мен гаджеттер әлемінде көптеген қалыпты деп есептеліп келген процесстерді ығыстырды. Қазір қолмен хат жазусыз ақ шешіледі немесе керекті ақпаратты энциклопедияны оқу арқылы емес гуглдан іздеу арқылы тауып жатады. Технологиялар ығыстырған процесстер бізге керек емес деуге болмайды. Керісінше бізге қажет. Заманауи технологиялар біздің өмірімізді жеңілдеткенімен. Біз оларды көп пайдаланғандықтан ең басты нәрседен айрыламыз, бізге қажетті механизм – миды жаттықтыруды тоқтатамыз. Ең көп қолданыста болатын қабілет ол оймен ауызша есепеу. Бұл ойлау қабілетін жаттықтыратын негізгі тәсіл. Компьютерімізде немесе смартфонымызда сесептеуіш калькулятор қосымшасы бар болса онда не үшін ауызша есептеу керек деген ой келеді. Біз бұл қабілетті бағаламаймыз. Бұл қабілеттің мәнісі сандарды бір-бірімен көбейту, қосу, азайту, бөлуді білгенде ғана емес. Ауызша есептеу отбасылық бюджетті жоспарлауға, сауданы тиімді жүргізуге, кредиттің пайызын есептеп, қанша қосып төлейтінін есептеуге көмектеседі. Бұл айтылғандар өмірде кездесетін жағдаяттардың кішкене ғана бөлігі. Калькулятормен ғана шешілмейді, себебі калькулятор сіздің орныңызға шешім қабылдай алмайды.
1.2 ТРАХТЕНБЕРГТІҢ ЕСЕПТЕУ ӘДІСІНІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ
Профессор Трахтенберг көпқырлы дарынды адам болған. Ол 1988ж. Одессада дүниеге келген. Мамандығы инженер (Петрбург тау-кен институтын қызылға бітіріп, Обуховскийдің кеме жасау зауытында бас инженер қызметі атқарған). Трахтенберг көп күшін Ресейде және Германияда өзінің көзқарасын насихаттауға жіберді, билік басына Гитлердің келуімен 1919ж бері тұрып келген Германиядан Австрияға қашты. Осыдан кейін Трахтенбергтің 7 жылдық абақты мен лагерлердегі кезеңі басталды. Оны Фашистер тұтқындап лагерге жібереді. Әйелінің көмегімен Югославияға қашып кетеді. Бірақ, гестаполықтар ол жерден де тауып алады. Қиын, адам төзгісіз жағдаларда есінен адаспас үшін өзінің жеке сандар әлеміне толықтай кіріп кетеді. Осы қиын жылдары «Шапшаң есептеу жүйесі» атты еңбегі пайда болады. 1944 ж. оған тағайындалған жаза белгілі болып, оның адал досы – әйелі оны тағы да құтқарып үлгерді. Әйелі күйеуінің Лейпцигке ауысуына қол жеткізіп ол жерден қашуды ұйымдастырады. Ол қайта тұтқындалып Триестке жіберілгенімен ең ауыр күндері артта қалды. Соңғы қашуды ерлі-зайыптылар Швейцарияда ұйымдастырады.
40 жж. соңында Трахтенберг Цирихта өзінің математикалық институтын ұйымдастырады. Балалар мен ересектерді оның әдісімен есептеуге үйрететін жалғыз білім беру мекемесі болды. Профессор Трахтенбергтің ойлап тапқан әдісі өте қарапайым. Әрине, кез-келген жаңа істі бастауға, игеруге (әсіресе ересек адамдар бұрын алған білімдерден бас тартып, қайта үйренуде қиындықтар туады) белгілі бір уақыт керек және күш жігері керек. Трахтенберг өз әдісімен бұрын ақыл ойы баяу дамитын балалар (көп жағдайда математикадан үлгермейтін) қатарына жататын балалрға жылдам есептеуді үйреткен Сонымен қоса осы балаларда (және Трахтенбергтің барлық оқушыларында) математикаға деген қызығушылық пен оқуға деген қызығушылықтың пайда болғаны анықталған. Трахтенбергтің есептеу жүйесі өзінің ықпалын білім беруге ғана емес банктердегі есептеулердің практикасына енгізілді.
1.3 ТРАХТЕНБЕРГТІҢ ЖЫЛДАМ ЕСЕПТЕУ ӘДІСТЕРІ
Көбейту әдістерін қарастырайық:
Достарыңызбен бөлісу: |