1999 - жылғы маусымның 7 - сінде (№389 - І ҚР3) бекітілген Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында ШЖМ - ке мынадай анықтама беріледі: «шағын жинақталған мектеп - сынып - жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретін мектеп».
ШЖБМ - те мұғалім бір уақытта бірнеше сыныппен сабақ жүргізеді: екі комплектілі мектепте - екі сынып, ал бір комплектілі мектепте - үш немесе төрт сынып біріктіріліп, бір сыныпты құрайды. Сыныптарды комплектіге біріктіру, оның негізінде сабақ кестесін құру, соған байланысты сабақтың күнтізбелік жоспарын жасау, сабақтын жоспарын жасау, сабақтың уақытын дұрыс, тиімді пайдалану мәселелері бұндай мектептердің мәнді белгісі болып табылады.
«Соңғы 15 жылда шағын жинақты мектептің саны күрт өсті. Әр төртінші мұғалім шағын жинақты мектеп жағдайында жұмыс істейді және әр алтыншы қазақстандық оқушы шағын жинақты мектеп жағдайында оқиды».
«Соңғы 15 жылда шағын жинақты мектептің саны күрт өсті. Әр төртінші мұғалім шағын жинақты мектеп жағдайында жұмыс істейді және әр алтыншы қазақстандық оқушы шағын жинақты мектеп жағдайында оқиды».
Білім беру мекемесінің бұлай ерекшеленуінің басты критерийі – ондағы оқушы санының аздығы, ал қалған ерекшеліктер осы критерий негізінде туындайды. Шағын жинақты мектептің жоғарыда келтірілген түрлерге жіктелуі нормативтік құжаттарға сай жүзеге асырылады: «Тұрғындарының саны аз әрбір елді мекенде:
1) бастауыш шағын жинақты мектеп – білім алушылардың саны 5-тен 40 адамға дейін;
2) негізгі шағын жинақты мектеп – білім алушылардың саны 41-ден 80 адамға дейін;
3) орта шағын жинақты мектеп – білім алушылардың саны 81-ден 180 адамға дейін болған жағдайда жұмыс істейді.
«Шағын жинақты мектеп қызметінің тәртібіне» сәйкес 1-сынып оқушылары жеке оқытылады. Себебі мектепке енді қадам басқан оқушылардың оқу әрекетiне бейiмделуі, талаптануы, зейіні тұрақтануы мен ынтасының артуы үшiн оларды сынып-кешеніне қоспай, жеке оқыту керек.