2. Шағын жинақты мектепте сабақты ұйымдастыру мен формалары қандай?
3.Шағын жинақты мектепте сабақты ұйымдастыру мен жоспарлардың тиімді жақтарын атаңыз?
Жаңа формация мұғалімі мынадай гуманистік тәсілдері бар этиканы пайдаланады:
Жаңа формация мұғалімі мынадай гуманистік тәсілдері бар этиканы пайдаланады:
Бақылаудың орнына ынталандыру; Мәжбүрлеудің орнына кеңес беру; Ауыстырудың орнына сенім білдіру; Үгіттеудің орнына түсіндіру; Басқарудың орнына қатысу; Айғайлаудың орнына әзілдеу; Кінәлаудің орнына қорғау; Бұйрық беріп тексерудің орнына кәсіби көмек көрсетіп, қолдау жасауға ұмтылу.
Қазіргі таңда республикамыздың түпкір-түпкірінде орналасқан шағын елді-мекендердегі мектептердің басым көпшілігі – шағын жинақты мектептер. Мұндай мектептер саны тәуелсіздік алған жылдардан кейін жыл сайын өсіп келе жатқаны белгілі. Себебі ауыл халқының тіршілік қамымен қалаға қоныс аударуы көбейген сайын, елді-мекендерде тұрғындардың саны азаюымен, оқушы саны да кеміп келе жатыр.
Шағын жинақты мектеп дегеніміз – тұрғындардың саны аз аймақтарда жұмыс істейтіндіктен, оқушыларының саны аз, біріктірілген сыныптардан, толық емес сыныптардан тұратын, оқу үдерісін жоспарлау мен ұйымдастыруда өзіндік ерекшеліктері бар жалпы білім беру мекемесі. Қазіргі таңда шағын жинақты мектеп:
- біріктірілген сыныптармен;
- біріктірілген сыныптармен және толық емес сыныппен жұмыс жасайды.
Мектеп құрылымы бұлай өзгеше аталғанымен, мұндағы білім мен тәрбие сапасына қойылатын талап барлық білім беру мекемелеріне қойылатын талаппен бірдей болып қала береді. Сондықтан да шағын жинақты мектеп жұмысын ұйымдастыруға ерекше көңіл бөлу керек
1999 - жылғы маусымның 7 - сінде (№389 - І ҚР3) бекітілген Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында ШЖМ - ке мынадай анықтама беріледі: «шағын жинақталған мектеп - сынып - жинақтамалары аралас және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар, оқушылар саны шағын жалпы білім беретін мектеп».