Тайга қылқан жапырақты ормандар



бет5/11
Дата08.02.2023
өлшемі14,06 Mb.
#66329
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
6 daris ormandar

Солтүстік Америка мен Евразияның бореалды ормандары
1. Солтүстік Америкадағы бореалдық ормандарды: америкалық, ситх шыршалары (ель); бальзамды, ақ, Дуглас самырсыны (пихта); сары, Веймутов, Банкс қарағайлары (сосна); батпақты, Виргиния аршалары (можжевельник); аляска кипарисі, туя, тсуга, секвойя құрайды.

Америкалық шырша Ситх шыршасы Дуглас самырсыны



Бальзамды самырсын Ақ самырсын Сары қарағай



Веймутов қарағайы Банкс қарағайы Виргиния аршасы



Туя Тсуга Секвойя тұқымбүрлері
2. Европадағы негізгі ормантүзуші ағаштарға: европалық шырша мен балқарағай (лиственница), тис, ақ самырсын (пихта), арша, кәдімгі және қара қарағайлар және т.б. жатады. Европалық қылқанжапырақты ормандарды европалық түрлерден басқа тайгалық ағаштардан құралған карель және печора ормандарынан басқасын тайга деп атамайды. Барлық жерде – қайың (береза) мен көктеректен (осина) тұратын майдажапырақты ағаштар араласып кездеседі.



Европалық шырша Балқарағай

3. Сібірдегі негізгі ормантүзуші ағаштар: сібір және Гмелин (Даур) балқарағайлары, сібір шыршасы, кәдімгі қарағай және балқарағай (кедр) және сібір самырсындары, аршалар, балқарағай қайыңы (кедровый стланик). Мұндай ағаштардан құралған ормандарды тайга деп атайды. Араларында қайың мен көктерек те кездеседі.





4. Қиыр Шығыста ормантүзуші ағаштардан басқа (Камчатка және Гмелин балқарағайлары), Куриль самырсыны, Саян шыршасы, балқарағай қайыңы (кедровый стланик) қайыңдар өседі.


Бореалды ормандардың барлық жерінде бұталардың көптеген түрлері: орманжаңғақ (лещина), өгейбұта (бересклет), итшомырт (крушина), таңқурай (малина) маңызды роль атқарады. Экожүйеде шөптесінді өсімдіктердің, мүктердің, қыналардың болуы биотопқа байланысты. Температура төмендеу болса топырақ бетінде қыналар басым, ал температура жоғарылау жағдайда төменгі яруста көптеген шөптесінді өсімдіктер мен бұталармен қатар, жалпақ жапырақты ағаштар да кездеседі. Батпақты жерлерде сфагналық мүктердің ролі артады. Осының бәрі бореалдық ормандағы биомдардың күрделі фитоценотикалық картинасын құрайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет