Тайженбетова Айгүл Бижанқызы



Дата16.02.2023
өлшемі135,96 Kb.
#68456
Байланысты:
3 дәріс презентациясы


«Тұран» университеті мекемесі
Тайженбетова Айгүл Бижанқызы
«Аймақтану және халықаралық қатынастар» кафедрасының аға оқытушысы
Дәріс тақырыбы
Сана, рух және тіл
Дәріс жоспары
1. Философия мен ғылым тарихындағы сана мәселесінің зерттелуі
2. Сананы онтологиялық мәселе ретінде түсіну. Сана фактілері. Сана феномендері.
3. Сана құрылымы. Бейсаналық, сана, санадан жоғары
Философия мен ғылым тарихындағы сана мәселесінің зерттелуі
19 ғасырда Артур Шопенгауэр сананы «ғаламның сиқыры» деп атады, яғни сана құпиясы бүкіл адамзат білім-ғылымындағы құпиясы әлі ашылмаған ең қараңғы жер болып қала беретіндігін меңзеді.
Философия тарихындағы сана туралы идеялардың эволюциясы
  • Алғашқы қауымдық қоғамдағы түсініктер бойынша қоршаған ортадағы нәрселердің барлығының жаны бар; мысалы анимизм, фетишизм, тотемизм
  • Ежелгі Шығыс философиясында сана ғарыштық ақыл, бүкіләлемдік ғарыш заңы ретінде түсінілді;
  • Ежелгі Грек философиясында сана -сыртқы әлем туралы білім ретінде түсінілді (Аристотель);
  • Ортағасырлық философияда сана - әлемнің рухани бастауы ретінде (Құдай) және адамның өзінің ішкі рухани тәжірибесі туралы білім ретінде;
  • Жаңа Заман философиясында өзіндік санасыз сана болмайды, сана өзінің мағынасына тең. Нет сознания без самосознания, сознание = его предметному содержанию;
  • Ағарту дәуірінде сана - бұл мидың қызметі және шынайылықтың көрінісі;
  • Неміс классикасы философиясында сана белсенді шығармашылық сипатқа ие, ол шынайылықты бейнелеп қана қоймайды, сол шынайылықты жасайды (Кант, Гегель);
  • Марксизм философиясында сана материяға қатысында екінші орында, оның әлеуметтік мәні бар;
  • Психоанализ Бейсананың ашылуы (З. Фрейд)

Сана туралы түсінік. Негізгі дүниетанымдық тәсілдер

Гилозоизм

Сана барлық материяға тән;

Идеализм. Идеализм (грек. idea – идея, сана, рух) - материя мен сананың арақатынасы мәселесінде сананы (идея, рух) алғашқы орынға қоятын философиялық бағыт.

Сана материяға қатысында алғашқы орында.

Материализм (лат. material - зат) – идеализмге қарсы шыға отырып, әлемнің жаратылуы мәселесінде материяны бірінші орынға қоятын философиялық бағыт.

Материя санаға қатысында алғашқы орында. Санадан тәуелсіз өмір сүретін жеке субстанция.

Дуализм. Дуализм (лат. Dualis – екіжақты) – материя мен сана, физикалық пен психологиялық сияқты бір – біріне қарама – қарсы екі түпнегіздің теңділігін жариялайтын философиялық ілім.

Материя мен сана - бұл тәуелсіз субъектілер: психикалық және физикалық өз алдына жеке екі тәуелсіз субстанция.

Сана - бұл адамға бір уақытта адамның өзі және әлем қол жетімді болып көрінетін қандай да бір жағдай.
Осы сана арқылы ғана адам бір сәтте не көрген, не естіген және не сезгенін байланыстыра алады.
Күнделікті түсініктегі сана жан, психика және ми ұғымдарымен байланыстырылып түсіндіріледі.
Сана туралы философиялық тұжырымдар:
❑Сана - материяның жоғары ұйымдастырылған қасиеті.
❑Сана - шындықты бейнелеудің жоғарғы формасы,
материалдық әлемнің идеалды бейнесі.
❑ Сана әлеуметтік-тарихи дамудың өнімі және
Материалды әлемнің күрделенуі.
❑Сана - адамның мақсатты іс-әрекетінің реттеушісі.
Сана мен материяның байланысы
Сана ұғымы
 
Сана дегеніміз - шындықты идеалды бейнелерде көрсету мүмкіндігі, заттың объективті мәнінің адам миында (ойында)субъективті мазмұнына айналуы.
Сана тез өзгеретін ойлар, сезімдер, әсерлер, мотивтер және тұрақты идеялар, сенімдер, құндылықтар сияқты мидың қызметінен пайда болатын құбылыстар ағыны ретінде көрінеді.
Сана адам мен әлем арасындағы байланысты қамтамасыз етеді.
Сана мен тіл арасындағы байланыс.
Тіл мен сананың бірлігі- тіл сананы қалыптастыру құралы ретінде қызмет етеді және сонымен бірге сана тудырған идеяларды білдіру және жеткізу құралы болып табылады.
Адамның психикалық күйлері мен ойлары тек тіл арқылы өз көрінісін табады.
Тіл мен сөйлеу арқылы жалпылау және абстракциялау сияқты сана қызметтерін көре аламыз.
Назарларыңызға рахмет!

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет