Тайм-менеджмент


Жоспар құрғанда мезгіл мен мекеннің ерекшеліктерін



Pdf көрінісі
бет10/103
Дата19.02.2023
өлшемі2,81 Mb.
#69078
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   103
Жоспар құрғанда мезгіл мен мекеннің ерекшеліктерін
ескеру
Атқарылатын әрбір іс белгілі бір мезгіл мен мекен ішінде
орындалатыны анық. Яғни, қандай да бір істің орындалатын
уақыты мен орны болады. Олай болса, әрбір іс оның
орындалатын орны мен уақытына тығыз байланысты.
Сондықтан істің нәтижелі болуы үшін тек қана дұрыс
жоспарлау жеткіліксіз, уақыт пен орынның ерекшеліктеріне де
көңіл бөлу қажет. Мысалы, ойда-жоқта күтпеген жерден
қонақтар келіп қалатын немесе басқа жұмыстар шығып
қалатын уақыттар болады. Сондықтан жұмыс жоспарланғанда
кенеттен жұмыс ретінің бұзылуы мүмкін екендігі ескеріліп,
соған қарай алдын алу шаралары ойластырылмаса, жұмыс
керекті уақытында, қажетті деңгейде бітпеуі мүмкін. Жұмыс
атқарылатын мекеннің ерекшеліктері де соншалықты маңызды.
Мұнда мекен дегенде тек үй, кеңсе, кітапхана секілді
ғимараттарды ғана емес, өзіміз өмір сүріп жатқан қоғамдық
ортаны да есепке алу қажет. Тура сол секілді уақыт дегенде
тек жұмыс атқарылатын белгілі бір сағаттарды ғана емес,
адам өмір сүріп жатқан ғасырдың, заманның ерекшеліктерін
де ескеру қажет болмақ.
Жоспар құру жолдары
Заманауи тайм-менеджмент тек «қалай уақытында үлгеруге
болады?» деген сұраққа жауап беріп қана қоймайды. Ол –
өз-өзіңді және өз әрекетіңді басқару.
Тайм-менеджмент жүйе ретінде төрт сатыдан құралады.


Адам өмірін жолаушылық деп алатын болсақ, шыққан
жерінен көздеген мекеніне дейін жету үшін қалай баратынын
(төте жол, қауіпсіз жол, ыңғайлы жол, т.б.), немен баратынын
(қандай құралдар қолданатынын), қайда баратынын (көздеген
мақсаты мен діттеген жерінің бір болуы) және неліктен
баратынын (неге басқа жерге емес, дәл сол мекенге бару
қажеттігі) анықтап алу өте маңызды. Сондықтан адам кез
келген істі орындамас бұрын осы сатыларды қарастырып,
өзіне қойылған сұрақтарға жауап беріп шығуы қажет.
15
Жоспар құру барысында мән беру қажет қағидалар:
 Жазбаша жазу. Жоспардың іске асуы үшін қажетті ең
басты қағида – оның жазбаша түрде жазылуы. Бұл
жоспардың шынайылығын көрсетеді. Сонымен қатар
жоспарланған 
істердің 
орындалып-орындалмағандығын
қадағалау үшін де қолайлы.
Тұрақтылық. Тұрақты түрде күнделікті жоспар құру дұрыс
ойлануға, зейіннің шоғырлануына, өз ісі мен өміріне деген
жауапкершіліктің артуына септігін тигізеді. Сондай-ақ ойды
артық мәліметтерден арылтып, маңызды жайттар мен
пікірлерге орын босатуға, есте сақтау қабілетінің артуына
жағдай жасайды.
 Басымдылық. Жоспар құру барысында ең маңызды істер
мен тапсырмаларға басымдылық беру қажет.
Шынайылық. Жоспар құру сізге уақыттың мөлшерін және
соған сай шынайы мүмкіндіктеріңізді көрсетеді.
16


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет