Тайм-менеджмент


Өткен қателіктерден сабақ алу



Pdf көрінісі
бет34/103
Дата19.02.2023
өлшемі2,81 Mb.
#69078
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   103
Өткен қателіктерден сабақ алу


Ғапылдыққа салынып, пайдасыз істермен айналысып, асыл
уақытымызды босқа шығындап қойып, сан соғып, бармақ
тістеген кездер қайсымыздың болса да басымыздан өткен
болуы мүмкін. Пенде болғандықтан, адамның қатесіз, күнәсіз,
кемшіліксіз болмағы мүмкін емес. Алайда пендешілікті сылтау
етпей, ерекше ақылды болып жаратылғанын ескеріп, адам
баласы мұндай қателіктерінен сабақ ала білуі қажет. Және
өзіне берілген ерік-жігерін қолданып, алған сабағына сай
амал етіп, ол қателігін болашақта қайталамауға тырысуы
қажет.
Алла Елшісі (с.а.с.) бір хадисінде былай дейді: «Нағыз мүмін
бір ұядағы жәндікке өзін екі рет шақтырмайды».
66
Бұл хадис
ақылға салып ойланудың, мұқият болудың және өткен
қателіктерден сабақ алудың маңыздылығын көрсетуде. Олай
болса, өткен қателіктерден сабақ алу мүміннің міндеті деуге
де болады.
«Бүгінгі ақылым болғанда кешегі жіберген қателіктерімді
жасамас едім, алайда кешегі қателіктерімді жасамағанда бүгінгі
ақылым болмайтын еді» деген сөздің де жаны бар. «Көп
жасағаннан сұрама, көпті көргеннен сұра» демекші, адам
«көре-көре көсем болады».
Дәл солай уақытты дұрыс пайдалануды үйрену жолында да
әртүрлі кедергілер кездесіп, шалыс басатын тұстар да болуы
ықтимал. Сондай сәттерден не өмірімізде өткен бұрынғы
қателіктерден нағыз ақылды әрі мүмін адамға жарасардай
сабақ алып, болашақта ондай қателіктерге қайта ұрынбауға
нақты бекініп, жігерімізді шыңдап, алға қарай ұмтылуымыз
қажет.
«Әрбір адам өз қателігінен сабақ алады, ал ақылды адам
өзгенің қателігінен сабақ алатындығын» ескеріп, тек өзіміздің
басымыздан өткен жайттардан ғана емес, таныстарымыздың да


қателіктерін сараптау арқылы өзімізге өмірлік сабақ алу
жолдарын қарастырсақ, нұр үстіне нұр болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет