Тайм-менеджмент


Шешім қабылдаудың төрт түрі



Pdf көрінісі
бет33/103
Дата19.02.2023
өлшемі2,81 Mb.
#69078
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   103
Шешім қабылдаудың төрт түрі
Уақыттың дұрыс белгіленбеуі шешім қабылдау уақытына да
кері 
әсерін 
тигізеді 
немесе 
керісінше 
дер 
кезінде
қабылданбаған шешім көп уақытты шығындайды. Жұмыс
барысында шешім қабылдаудың төмендегідей төрт түрімен
ұдайы кездесетін боласыз:


 Сіз өзіңіз ғана қабылдай алатын шешім. Оны сіз басқа
адамға тапсыра алмайсыз, себебі оған тікелей сіз
жауаптысыз. Сондықтан одан қашып құтыла алмайсыз.
 Басқа адамға тапсыруға болатын шешімдер. Басқа
адамдарға 
тапсыра 
алатын 
шешімдер 
де 
болады.
Айналаңыздағы 
адамдарды 
(әріптестер, 
балаларыңыз)
жетілдірудің тиімді жолдарының бірі – оларға жұмыс
тапсыру, олардың да ойланып шешім қабылдауына жағдай
жасау.
Өз мойныңызға алуға болмайтын шешімдер. Қателік кеткен
жағдайда салдары өте қауіпті болуы ықтимал: адам
өміріне, жұмыс орнына немесе қаржылық жағдайға зияны
тиетін. Мұндай шешімдерді қабылдауға ешқашан кіріспеңіз.
 Міндетті шешімдер. Олардан бас тартуға болмайды.
Әрекетсіздік немесе шешім қабылдамау зиянын тигізетін
жағдайда қабылданатын шешімдер болады. Ал шешім
қабылдаған жағдайда оң нәтижелері де көп бола алады.
Есте сақтаңыз: егер еш нәрсе сіздің шешім қабылдауыңызға
итермелемесе, мұндайдан бас тартуға болады. Қабылдауымыз
қажет болатын ең маңызды шешімдердің бірі – қай уақытта
әрекет етуіміз қажеттігі.
Уақыт қайда жұмсалады?
Тайм-менеджмент сарапшысы Майкл Фортиноның айтуы
бойынша, адам өз өмірінде 7 жыл жуынатын бөлмеде, 6 жыл
тамақ ішумен, 5 жыл кезек күтумен, 4 жыл үй тазалаумен, 3
жыл жиналыста өткізеді.
Жоғалтқан затын іздеуге бір жыл, түрлі қажетсіз хаттарды
оқуға алты ай, бағдаршамда күтуге алты ай, тіс тазалауға
120 күн кетеді. Ең таңқаларлығы, отбасына уақыт бөліп,
жұбайымен сөйлесу үшін күніне төрт минут, балаларының
жағдайын білуге 30 секунд қана уақыт арнайды.
65


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет