Тайм-менеджмент



Pdf көрінісі
бет4/103
Дата19.02.2023
өлшемі2,81 Mb.
#69078
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103
Байланысты:
Тайм менеджмент Шынар Әділова

Time 
Management 
Skills 
for 
Muslims
»


(Мұсылмандарға арналған уақытты басқарудың тиімді жолдары)
кітабын және Малайзиялық Халықаралық Университеттің
баспасынан шыққан «Time Management from an Islamic
Perspective
» (Ислами тұрғыдан уақытты басқару) атты
нұсқаулықты кәдемізге жараттық.
Сонымен қатар Ричард Уолштың «Time Management:
Proven Techniques for
Making Every Minute Count»
(Тайм-менеджмент: Әрбір минутты тиімді өткізуге арналған
дәлелденген 
тәсілдер), 
Джулия 
Морганстерннің 
«Time
Management From
The Inside Out» (Жан-жақты тайм-
менеджмент 
ережелері), 
Линда 
Сападин 
мен 
Джэк
Макуайрдың «It’s about Time» (Бұл – уақыт жайында)
кітаптары және басқа да көптеген ағылшын тіліндегі
еңбектерден аларымыз болды.
Одан соң орыс тілді мамандарға жүгініп, Ресейдегі алдыңғы
қатарлы сарапшы Глеб Архангельскийдің кеңестеріне құлақ
түрдік. Оның «Тайм-драйв: Как успевать жить и
работать
» 
және 
«Тайм-менеджмент. 
Полный 
курс:
Учебное
пособие» кітаптарын негізге алдық. Және де Хайнц
Марияның «Позитивный тайм-менеджмент: Как успевать
быть счастливым
» кітабын негізге ала отырып, уақытты
жоспарлау 
мен 
соған 
сәйкес 
өмір 
сүрудің 
адамды
жалықтырмай, оның бақытты болуына жол аша алатындығын
көрсетуге 
тырыстық. 
Солтүстігіміздегі 
көршілеріміздің
еңбектерінен пайдамызға асыра алған тұстарымыз көп болды
деуге болады.
Қолға қалам алып, бастап отырған бұл еңбек елімізде ана
тілімізде 
жазылған 
осы 
тақырыптағы 
алғашқы 
кітап
болатындығын жоғарыда атап өттік. Сондықтан пайдаланған
әдебиеттеріміздің арасында дәл осы тақырыптарды қамтыған
қазақ тіліндегі мәлімет болмағандығын айта аламыз. Дегенмен
тақырыбымызды ары қарай да аша түсу барысында ана
тіліміздегі діни және әдеби кітаптар мен жекелеген сайт
материалдарын қолданған тұстарымыз баршылық.


Біздің 
халқымыздың 
да 
уақыт 
тақырыбынан 
кенде
қалмағандығын 
көрсету 
мақсатында 
ертедегі 
ақын-
жазушыларымыздың өлең-жырлары мен ел аузындағы мақал-
мәтелдерді де тақырыпқа сәйкес келген жерлерінде келтіріп
отыруды ұмытпадық.
Кітабымызды 
ең 
алдымен 
уақыттың 
құндылығы 
мен
маңыздылығын түсіндірумен бастағанды жөн көрдік. Уақытты
тиімді пайдаланудың қажеттілігін ұғыну үшін оның қаншалықты
құнды сый екендігін терең түсіну қажет екендігі айқан.
Уақыттың маңызын түсінгеннен кейін ол уақытты қалайша
дұрыс қолдана алуға болатыны сұрақ болып қалмас үшін
кезек күттірместен, уақытты тиімді пайдалану үшін берілген
кеңестер 
мен 
заманауи 
тайм-менеджмент 
тақырыбының
ережелеріне орын берілді. Оның ішінде жоспар құру, уақытты
қажетті нәрселерге жұмсау, істі кейінге қалдырмау, уақытты
жоғалтпау әрі бос өткізбеу секілді мәселелерге тереңінен
түсініктеме беріліп, бұл тұрғыда әлемдік тәжірибедегі барлық
дерлік кеңестер қамтылды.
Одан соң Ислам дініндегі уақыт тақырыбы қолға алынды.
Осы орайда уақыттың маңыздылығын түсіндіруді жалғастыра
отырып, ол жайлы Құранда не айтылғандығына кезек бердік.
Уақыт тақырыбына Алланың қасиетті кітабында көптеп орын
берілгендігі оның қаншалықты маңызды екендігіне дәлел бола
түседі. Осы орайда Құранда аталған уақыт түрлері мен
олардың маңызы, құлшылығымыздағы уақыттың орны, уақытты
кезеңдерге бөлудің сыры жайлы да анықтамалар беріп өттік.
Уақыт мәселесін Ислам діні тұрғысынан қарастырып
жатқандықтан, дінімізде ерекше құнды саналған кезеңдер мен
уақыттарды атап өтуге де көңіл бөлдік. Сонымен қатар
мұсылман баласы уақытын бөлуі қажет болған бірден-бір
құлшылық
1
намаз бен оның уақыттары, түнгі намаз жайы да
сөз болды.
Кейінгі кезекте адамның басты қажеттіліктерінің бірі
демалысқа уақыт арнау жайында арнайы тақырып талданып,
дінімізде демалыстың орны, арнайы демалыс уақыттары мен
атаулы мереке күндері туралы кеңінен түсініктеме берілді.


Адам баласының өмірі де уақыттың аясында өтетіндіктен,
оның өмірінің кезеңдері мен әрбір кезеңнің маңыздылығы әрі
атқарылатын істері жеке-жеке жазылып, бөлек тақырып
арналды. Уақытын тиімді пайдалануға итермелейтіндей әрбір
жанның алға қойған мақсаты болуы керек екендігін ескертіп
өттік. Адам белгілі бір уақыт ішінде өмір сүруі арқылы
сынаптай сырғыған уақытқа тәуелді болғандықтан, біз
мұсылман ретінде уақытымызды дүниелік істерге де, ақыреттік
амалдарға да жеткізе білуіміз қажеттігі мен оның жолдары
көрсетілді.
Дініміздегі 
уақыт 
құндылығы 
мен 
тайм-менеджмент
ережелерімен танысып, мән-жайға қанық болғаннан кейін
мұсылман баласының сол уақытын қандай істерге жұмсауы
қажеттігі көрсетілді. Олардың ішінде адал ризық табу, ғибадат
ету, білім алу, отбасына уақыт арнау, туыстар мен достарға
көңіл бөлу және демалу секілді ең бастыларын жеке-жеке
түсіндіріп өттік.
Ең 
соңында 
уақытты 
тиімді 
пайдаланудың 
маңызын
түсіндіріп, оған арналған ережелерді келтіріп болғанда,
тақырыбымыздың тәжірибелік жағын көрсету мақсатында осы
мәселенің байыбына барып, өмірлерінде қолдана білген
жандардың мысалдарын келтіре отырып, үлгі алу жолдарын
қарастырдық.
Ислам 
дінінде 
уақыттың 
маңыздылығына 
баса 
мән
берілгендігін 
тағы 
бір 
нақтылап 
көрсете 
отырып,
қорытындылау арқылы кітабымызды тамамдадық. Кітапта
келтірілген аят-хадистер мен басқа да мәліметтерді пайдалана
отырып, өмірінің тиімділігін арттыра білген бір ғана жан
болса да еңбек мақсатына жеткен деп санаймыз.



УАҚЫТ ҚҰНДЫЛЫҒЫ
Уақыт – аманат. Алла Тағала Құранда «Ғасырға серт!»
деп уақытқа бекер ант етпесе керек.
2
Алла 
Тағаланың 
ешкімді 
бөліп-жармай, 
бір-бірінен
өзгешелемей барлығына бірдей етіп берген бірден-бір нығметі
– уақыт. Барша адамның өмірінде күнделікті 24 сағат бар.
Сондықтан да уақыт тұрғысынан «миллионерлер» болмайды.
Уақыт Алланың белгілеген заңдылығы бойынша ағып кете
барады. Бұл дүниеде көп нәрсені сатып алу немесе қайтарып
алу мүмкін. Алайда өткен уақыт олай емес: ол қайтып
келмейді, 
сатылмайды, 
қарызға 
берілмейді, 
уақытша
алынбайды...
Ақшаның құны оған не сатып алуға болатынымен
есептеледі. Ал уақыттың құны сол уақытта не істей
алатынымызбен тікелей байланысты.
Уақыт – өте құнды. Қайта айналып келмейді. Арнайы
бөгеттерде суды жинауға болады, бірақ уақытты бұлай жинау
мүмкін емес.
Уақыт тек маңызды жайттарды ғана емес, мардымсыз деген
істерді де өзгертуге қауқарлы. Өмірімізде уақыттың әсерінен
тыс қалатын ешбір жағдай жоқ. Уақыт күштіні әлсізге, әлсізді
күштіге айналдыра алады. Уақыт міндетті түрде өзгеріс алып
келеді.
Барлық іс белгілі бір уақыт аралығында орындалады. Сонда
да көптеген адамдар осы бірегей, орны толмас және қажетті
қорды қалыпты жағдай ретінде қабылдайды. Уақытқа деген


мұқияттылық – адам өмірінің сапасын белгілейтін бірден-бір
өлшем.
Сол үшін де әрбір сәтімізді дұрыс пайдалануымыз керек.
Өйткені уақыт ешқашан ешкімді күтіп тұрмайды. Өткен уақыт
ендігәрі қайта айналып келмейді. Ал болашақ болса,
бұлыңғыр. Тек қазіргі тыныс алып тұрған сәті ғана адам
баласына берілген алтын мүмкіндік. Уақыт әрбір адамға
мүмкіндік береді. Алайда сол мүмкіндікті дер кезінде
пайдалана білгендер ғана жетістікке жете алмақ. Ал уақыттың
адам баласы үшін мүмкіндік екендігінің байыбына бара
алмаған жан өмірінде барлық жақсылықтан мақұрым қалады
деуге болады. Сондықтан мүмкіншілік болып тұрған кезде
уақытты Алла разы болатындай етіп пайдалану – ең
ақылдының ісі.
Бүгінде кішкентай көзге көрінер-көрінбес алтын сынығын
ешкімнің қоқысқа тастамайтыны мәлім. Бірақ миллиондаған
алтын беріп сатып алуға болмайтын уақыт ысырабына көп
адам мән бермейтіні қандай өкінішті!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   103




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет