9. Дәрістің тақырыбы Отбасы психологиясына арналған психокоррекция Жоспар



бет1/6
Дата07.01.2022
өлшемі41,35 Kb.
#20333
  1   2   3   4   5   6
Байланысты:
9 лекция


9. Дәрістің тақырыбы Отбасы психологиясына арналған психокоррекция

Жоспар:

  1. Психологтың кәсіби іс-әрекет типтері

  2. Психологтың кәсіби сапалары

  3. Тиімді отбасылық кеңес берудің шарттары

  4. Мектеп тәжірибесіндегі психо түзеушілік



Дәрістің мазмұны

Отбасына кәсіптік әлеуметтік-психологиялық көмек көрсетудің негізін құрағандар-псияторлар мен психотерапевттер.Отбасына кеңес берудің психологиялық моделі псианалыз негізінде пайда болады.Оны құраушылар теориялық көзқарасына байланысты бірнеше топқа бөлінеді.

1.Психодиагностикалық көзқарас. Бұл топқа М.Боуеннің отбасына психологиялық кеңес беру тұжырымдамасы мен М.Уельрихтің отбасына тиянақты психологиялық көмек көрсету концепциясын жатқызуға болады.

2.Бихевиористік көзқарас.Бұл көзқарас шеңберіндегі нәтижелі кеңес берудің анықтаушы шарты себептерге емес «қалай,қашан,қайда,не» деген қамқорлық көрсетумен шектеледі.Негізінде құраушылар Д.Тиболт,Г.Кенлей жақсы отбасы ұтылыс пен ұтыстың ,жаза мен ынталандырудың арасындағы теңдік жағдайныдағы болады деген болжам ұсынған.

3.Гуманистік көзқарас.Отбасына көмек көрсетудің психотерапевтік моделін АҚШ ғалымы Карл Роджерс ұсынған.Ол кеңес алушы проблемаларына бағытталған әрекеттерге негізделеген.

4.Психологиялық кеңес берудің моделі.Отбасына психологиялық кеңес берудің моделі В.Кемплердің жасаған сынақ тәжірибелеріне негізделген.Мұндағы отбасына кеңес берудің мақсчсаты-мейлінше нәтижелі кездесулердің сынағына өтуге көмектесу.Психологтың ұйымдастырған кездесулері отбасын қолдайтын хал-ахуал туғызады,өзінің жекелігімен тілегін білдіру мүмкіндігін ғана беріп қоймай сонымен бірге басқа да ой лағаны мен тілегін білу,қажеттігінің ерекшеліктерін түсінуге мүмкіндік береді,отбасының қиындықтары «осы жерде және қазір» деген жағдайда талқыланды.

5.Құрылымдылық моделі.С.Мухиннің отбасына кеңес берудің құрылымдылық моделі бойынша отбасылық жүйе құру мен қайта құру жөніндегі үздіксіз эксперимент ретінде түсіндіріледі.Отбасы құрылымын отбасындағы өзара әрекеттестік әдістерін қадлыптастыратын талаптар мен функциялар тарабы құрылады.Отбасы келесідей жүйеліктерден тұрады:ерлі-зайыптылар жұбы,олардың ата-аналары балалары

6.Кеңес беру моделінің стратегиясы.Кеңес берудің бұл моделін жасаған Дж.Галий тұжырымдамасы бойынша адамдар өзінің жеке көзқарасы жүйесінің құрылымдылық өзін-өзі қисынды ұстау туралы ережелерінен туындайды.Көзқарас жүйесінің құрылымы-бұл дүние басқа адамдар өзі туралы қорытындылардың жиынтығы.

Отбасылық кеңес беру процесін шартты түрде 5 фазаға бөлуге болады.

1.Байланыс орнату

2.Проблемаларды анықтау

3.Іс-әрекет фазасы

4.Шешім қабылдау фазасы

5.Кері байланыс фазасы

Бірінші фаза-өтініш иесі мен байланыс орнату.Кеңес алушылармен өзара әрекеттесу шегін анықтау.Ол бастапқыда әңгімелесу-кеңес беру барысында жүзеге асырылады.Бұл қатынасының құрудағы арақашықтығы қандай болу керек екендігінің анықтайды.Кеңесші әңгіме өткізгенге дайын отбасы ата-аналар мен баланың байланыстарын қадағалап бақылау нәтижелерін талдап алады.Бұл бақылау барысында психолог бала мен ата-ананың байланыс жасауындағы мінез-құлқын бағалау мен реттеу әдістерін бағалайды.Сонымен қатар бастапқы әңгімелесу барысында өтініш иесінің ата-аналардың психологқа деген көзқараксының сипатымен отбасымен өзара әрекетерінің шегі анықталып,белгіленеді.Тәжірибелі психолог бір кездескеннің өзінде-ақ баланың даму тарихы отбасының тәрбиелік нысаны ата-аналардың педагогикалық ұстанымдары туралы мәлімет ала алады.

Екінші фаза-өтініш иесінің отбасының проблемасын анықтауБұл фазада кеңес алушы мен кеңесшінің проблемаларды түсінудегі келісімдері анықталады.Психолог өз зерттеулеріне сүйене отырып проблеманы анықтап,оның мәнісін клиентке жеткізіп кеңес беру жұмысының бағыт-бағдарын түсіндіреді.Кеңес алушы мен кеңесші баламалы амалдарды талқылай келе біржақты шешімге келіп,клиент проблеманы қабылдау керек.Бұл кезеңдегі маңызды мәселе-екі жақ бір-бірін жете түсініп отырып келімісімге келуі болып табылады.Олай болмаған жағдайда барлық кеңес беру процесінің тиімділігін қамтамасыз ететіні киын болады.Сондықтан клиентпен әңгімелесу барысында осы проблеманы шешуге теориялық негіз ретінде қабылданған көзқарастар ретінде оның жеке тұлғалық тәсілдерін ерекшеліктерімен таныстыру арқылы кеңес беру процесінің мақсаты-кеңес алушының проблемаларын тиянақты шешу екені анықталады.

Үшінші фаза-іс-әрекет.Бұл фаза кеңес алушымен бірге оның алдында тұрған проблемаларын талдау,оны шешудің бірнеше варианттарын салыстырып көру,орын алған жағдайдың оң-терісін анықтау арқылы оны жаңаша түсінуге жетелеу жүргізіледі.Бұл фаза үшін мынадай динамсика тән:кеңесші мен кеңес алушы арасындағы байланыс бірнеше құрылымдылық көріністерге бөлінеді.клиенттің өз проблемасына терең малшынуынан оның жүйкесі тарылады,төзімділігі төмендейді,сонан соң біртіндеп мәселені талдау барысында оның мән-мағынасына түсіну арқылы өз жағдайын қоршаған адамдардың оны бағалауына көзқарасты өзгере бастайды.Мұндай өзін-өзі түсінушілікке жеткізу үшін психолог көп күш жұмсап клиентті түсінушілікке жетелеп эмоционалды тапрыққан жағдайлардан шығарып алу керек.Қорытындысында кеңес алушы төзімсіздіктен шығып өз басына иелік жасау жолын табады.

Төртінші фаза-шешім қабылдау.Клиенттің өмірінде қалыптасқан табиғи жағдайда басқалармен сиысымды мінез-құлық көрсету.Бұл фаза белгілі бір кеңес теориясына сүйене отырып.Маман кеңес алушының қалыптасқан жағдайдан шығу жолдарын іздестіріп оны табуға жетелейтін өзінің әрекеттерінің жоспары мен стратегиясын құрады.Клиент өзі үшін ең қолайлы шешім тапқаннан кейін оны өзінің пікіріндей қабылдап дербестігі туралы сенімге ие болған соң қақтығыс орын алған ортада өзінің жаңа бейнесін көрсету үшін іске кіріседі.Сонымен қатар клиент кеңесшімен бірге түрлі әдістерді одан әрі жалғастырып басқаларға сенімді және әсерлі болудың түрлі әдістері сұрыптаудан өткізіп ең соңында өзіне қолайлы деген амалдарын таңдап алады.Бұдан кейін осы амладардың тиімділігін табиғи жағдайда өзінің өмірлік тәрбиесінде тексереді.Нәтижелі болатынына көзі жеткен соң өзінің күш қуатын тұтастай осчы жүйеге жұмылдырады.

Бесінші фаза-кері байланыс.Кеңес алушының кеңсе беру процесімен және оның нәтижесімен қанағанатынын білдіреді.Психолог кері байланыс қағидасын бағдарға апла отырып таңдап алған кеңес беру ақпараттарының мынадай талаптарын жүзеге асыруы тиіс.Ақпарат мазмұнының нақтылығы мен дұрыс құрылуы белгілі адамға бағытталуы белгілеушілігі уақыттылық тұтынушылық сипаттары.

Көптеген психологтар кеңес беруді өткізу кезінде магнитафон мен диктафонды кеңес беру нәтижесін тіркеуге арналған үлгідегі бланкілерді пайдаланады.Алынған ақпараттарды толығырақ ұғыну үшін ассистент көмекшілері әңгіме барысын хаттамаға түсіреді.кеңес беру процесінің динамсикасы мен нәтижелігін қадағалайды.

Психологиялық кеңес беру барысында клиентке көрсеткен қызметінің тиімділігіне психологиялық кәсіби шеберлігіне байланысты ол мынадай мінездемелерге ие болуы мүмкін:

-беделді,ұқыпты сұрастырушы сенімді нығайтушы дияноз қоятын түсінуге ұмтылған

-ұқыпты кеңесші,сырт қарағанда селқостау болып көрінгенімен салиқалы кеңес береді

-беделді психолг осал көрінетін клиентке күш қайрат беріп ізгіліке ұмтылуға баулиды,күш жігерімен клиенттің сенімін нығайтады.

-сұрастырушы психолог ерекше белсенділік білдіреді,сұрақтарды көп қояды пайдалы көзқараста болалы

-диагноз қоюшы психолог көптеген жағдайда тәуекелег жиі барып ықпал етудің болжамдық әдістерін жиі қолданады.

Кеңес беруді жүргізу барысында психолог өзін кәсіби біліктілігі мен дағдысын сынан өткізіп онай және қиын сұрақтар қою арқылы кеңес алушының сезіміндегі басты ойлардың назарга алады.Осы жинақталған клиенттің ойын айтқандарын ой елегінен өткізіп оны қорытындылай білу керек кезде үндемей отыру гипотеза ұсынып және оның тиімділігін дәлелдеу,клиентпен ақылдаса отырып бірлесе шешім қабылдау

Психолог кеңес беру кезінде ресми әңгімеге бармай-ақ қойып клиентпен қымсынып тым тұйықталып қалмай немесе жеңілтектікпен шектесетіндей тым ашыла бермей өзінің ойын еркін жеткізу керек.Гипотезаны берік ұстануға бара бермей керек,өйткені ол жалған болып шығуы мүмкін.Себепсіз клиенттің жанына дақ түсіретіндей беделін төмендететіндей тұра сұрақ қоюға болмайды.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет