сыйлау күні, бейсенбі – басшының құзырына бару күні, жұма
күні – неке қию және отбасы күні, сенбі – аңшылық күні».
240
Бұл риуаят әйгілі
сахабаның сөзі болғанымен, әлсіз деп те
баға берілгендіктен, ешқандай әмір ретінде рөл атқармайды.
Сондықтан бұл
риуаятты тура орындау қажет, аптаның әр
күнінде сол істерді атқару керек деген үкім
шығару қажет
емес. Тек қана мүмкіндігінше істерімізді аптаның күндеріне
байланысты белгілі бір жоспарға сәйкестендіріп орындау
қажеттігі қағидасын ұғынуға келеді.
Себебі бұл қағиданың
дұрыстығы жөнінде Пайғамбардан (с.а.с.) жеткен сенімді
риуаяттар кездестіре аламыз. Мысалы, Алла Елшісінің «
Әр
дүйсенбі күнін білім алуға арнаңдар»
241
дегені бар. Алла Елшісі
(с.а.с.) жұма күнінің мейрам ретінде өткізу керектігін айтумен
қоса,
мұртты қысқарту, тырнақ алу,
ғұсыл құйыну секілді
тазалық
істерін
тұрақты
түрде
жұма
күні
орындап,
мұсылмандарға да сол күнде атқаруды кеңес ететін.
242
Қан алдырып хижама жасатқысы келгендерге дүйсенбі,
сейсенбі және бейсенбі күндері жасауын кеңес етіп, басқа
күні жасаудан тыйған. Сонымен қатар, қамари айдың 17, 19,
21-жұлдыздарында хижама жасауға кеңес бергені де бар.
243
Мұндағы ең маңызды жайт – осы хадистердің аясында әркім
өз
жағдайына қарай зиярат, сауда-саттық және жұмыс
барысына байланысты істерін белгілі бір күндерге байланысты
жоспарлап,
ойына келгенде жұмыс істеп, қалаған уақытында
қыдырып, жалқаулық
танытудан бойын аулақ салып, уақытын
барынша тиімді пайдалануға тырысу қажеттігі.
Достарыңызбен бөлісу: