2. Дер кезеңі- сүйек жүйесінде анық талатын өзгерістерімен сипатталады.
2. Дер кезеңі- сүйек жүйесінде анық талатын өзгерістерімен сипатталады.
а/ Бас сүйектері жағынан-сүйек талшықтарының шамадан тыс өсуіне байланысты төбе мен маңдайдың дөңестігі,үлкен еңбектің уақтынан кеш жабылуы, тістерінің кеш шығуы байқалады
б/ Кеуде сүйектері жағынан-5-8 қабырғаларында « мешелдік таспих» пайда болады. Қабырғалар жұмсақ, иілгіш,көкірек қуысының шет жақтары жалпайып, кеуденің төменгі апертурасы ұлғаяды, көк еттің бекітілген жолағына сәйкес қабырға ішке қарай майысады. Осылайша Гаррисон сайы – мешелдік патогномоникалық белгілерінің бірі көрініс табады. Баланың төсі «құс төс» немесе «етікші төс» болып өзгереді.
в/ Аяғы «Х» немесе «О» тәріздес болып өзгереді, жамбасы қушық болады, табаны жалпақ «түйе табан» болып келеді, түтікше сүйектердің өзгеруі –білек және балтыр сүйектерінің бас жағының « мешелдік білезік», саусақ буындарының жалпаюы « інжу жіптер» білінеді.
г/ Бұлшық еттердің күші төмендеп сіңірлері әлсізденеді. Құрсақ шандырының, ішектер тонусының нашарлауынан (атония) сәбидің іші үлкейеді «құрбақа іші» , оның уақытында басын ұстауы, отыра бастауы, тұруы, жүруі кешігеді.Бала отырғанда бәкіше бүктеліп қалады.
3. Айығу (Реконвалесценция) кезеңінде нерв жүйесінің зақымдану белгілері жойылады, сәбидің сүйегі қатайып, тістері шығады, тұру және жүруі қалпына келеді.
4. Қалдық өзгерістер кезеңінде рахит процесі аяқталып , бұлшық ет гипотониясы, анемия т.б өзгерістердің мүлдем жойылуы не олардың азайып, кейбіреулерінің тек ізі қалуы мүмкін . Сүйек өзгерістері өмірлік қалады.
Рахит диагностикасы
Рахитті анықтау үшін рентгенологиялық және биохимилық зерттеу әдістерін қолданады. Ең ерте байқалатын зертханалық белгі – остеобласт ферменті сілтілік фосфатазаның белсенділігінің жоғарылауы және фосфор концентрациясының төмендеуі. Рахиттың алғашқы рентгенологиялық симптомы диафиз бен эпифиз арақашықтығының ұлғаюы болып табылады. Ол метафиздің өсуі, ұзын сүйекте өсінді пайда болуы, остеопороз әсерінен өзгеріске ұшырайды. Ары қарай остеопороз ұлғаяды, метафизарлы зона көлемі өседі, әктену аймағы төмпек түрден горизонталдыға ауысады, сүйек тіні бұзылады. Аурудың асқынуы кезінде ұзын сүйектер мен “жасыл бұтақ” типі бойынша қабырғалар сынығы болуы мүмкін. Реконвалесценция кезеңінде метафизде кальций фосфаты жіңішке тығыз сызық түрінде қорға жиналады. Рахиттың рецидивті ағымында осындай бірнеше әктену сызықтары пайда болады.