Тал бесіктен жер бесікке дейін



Дата08.04.2023
өлшемі24,11 Kb.
#80627
Байланысты:
Әлдиден эпосқа дейін


ТАЛ БЕСІКТЕН ЖЕР БЕСІККЕ ДЕЙІН
Қазақ халқының ғасырлар желісінде қалыптасқан ұлттық әдет-ғұрып, салт- санасынан адамның туған күнінен қартайғандағы таусыншақ күніне дейінгі екі арадағы уақыт мерзімі ішінде белгілі бір жүйеге түскен құбылысты көреміз. Мысалы, жаңа туған нәрестенің қырқын атап, шілдеханасын өткізіп, бесік жырын айтып, ән салып, өлең айтып, жастар бір жырғап қалса, көп өтпей-ақ, тәй-тәй басып жүре бастағанда, тұсаукесерін, ырым-жырымын өткізіп, аталары бата беріп, қызыққа бататын. Ол бала өсіп атқа мінсе, тоқымқағарын өткізу, апасы, абысын-ажындарын бастаңғыға шақырып, барын беріп күтетіні де бар.
Міне, бала өсіп, қыз ес жиып, бой түзей бастағанда, ата-аналарының құда түсіп, сырға салып, үйлену тойына қамдану, құда шақырып, кит киісіп, қыз үзату, келін түсіру әрекеті қатар жүріп отырады. Бұған дейін күйеудің ұрын келуі, қыздың жеңгесіне сый тартуы, қызды келін қылып алатын құдаларға арнап қынаменде өткізіп, қызыққа бату, жар-жар, беташар, сыңсу тәрізді ген. асы салттар өткізу - осы салт-дәстүр, әдет-ғұрып атаулының бәрі де өлең, жыр, айтыспен өтетін танымал нәрселер. Үй болып, отау тігуге, жаңа түскен келіннің төркіндеуіне байланысты қаншама әдет-ғұрыптар бар. Келіншек төркініне тек балалы болғанда ғана бара алады. Нағашысына келген жиен балаға тай мінгізіп, бәсіре беріп, үй аралатып сый беріп, бата беріп, сыйлауға байланысты талай қызықты жайлардың өтетіні тағы да бар.
Енші алып, отау тігіп, тұңғышы мен артынан ерген іні-қарындастарына тәлім-тәрбие беру, жасында тілін жетілдіріп, сөйлеуге даярлау үстінде санамақ, бес саусақ, онға дейін сан үйрету, тақпақ, жанылтпаш айттыру, осыларға қоса балаларға ертегі тындатып, келе-келе батырлар жырына ұйыту аса бір қызықты да қыздырмасы мол ерлікке еліктетіп, елін, жерін қорғауға баулу тәрбиесі де барынша күрделене түседі.
Міне, осындай әдет-ғұрып, салт-сананың жалғасы ретінде ата-ана қартайып, өмірден өткен кезде жоқтау айтып, жылын өткізу, асын беру, аруақты риза ету тәрізді түрлі салт-дәстүрлер орындалып жатады. Бір қызығы, туғаннан таусыншақ күнге жеткенше орындалатын сан түрлі әдет-ғұрып, салт-сана бір жүйеге түсіп, үзіліссіз қайталануы арқылы ұлттық санамыз, рухани, тарихи жадымыз - рухани, ұлттық құндылыққа айналып, халқымыздың болмысын қалыптастырады екен. Осы ұлттық күндылықтарымызды дамытып, оны үлттық дәстүр ретінде үрпақтан үрпаққа жеткізіп, тіліміз бен ділімізді олардың санасына сініріп, озығын дамытып жетілдіре алсақ қана ұрпағымызды аман сақтап, рухани жағынан жетілдіре аламыз.
Біздің ата-бабаларымызды, олардың салт-дәстүрін жете танып білген қытай ғалымдары «Түркілерді жаулап алып бағындыруға болады. Бірақ салт. дәстүріне аса берік, олардың әдет-ғүрпын, салт-санасын бүзып өзгерту мүмкін « емес» деп қараған.
Профессор Күдайберген Мүбановтың айтуынша, біздің Ресейге қосылуымыз кертартпа құбылысқа жатады. Өйткені ол «Біз Ресей империясына біртұтас, берік мәдениеті бар, диалектісі жоқ тілі бар, көшпелі қайталанбас өркениеті бар бай ел ретінде қосылып едік, енді соның бәрі күйреп жатыр» деп қараған. Шынында да біз 1911 жылғы халық санағында Ресей патшалығына қараған 17 түрік елінің 57%-ын құрайтынбыз. Ресей патшалығының шоқындыру арқылы орыстан- дыру саясатын ұстанғандығынан біздің ұлттық рухани құндылықтарымыз терістеліп, саны жағынан басым жатқан қазақ елінің үш есе азайып кетуі - профессор Қ.Жұбановтың пікірі дұрыс екенін айғақтап отыр. Ал, 1917 жылы Кеңес билігі орнаған соң, бәрі орыстандыру саясатын халықтар достығы деген ұранмен бүркемелеп жүргізу арқылы біздің ұлттық құндылықтарымызды таптық саясат тұрғысынан феодалдық, байшылдық деп терістеп, кудалау арқылы ұлттық рухани құндылықтарымыздан күштеп қол үздіре бастады. Ата жазуымызды күштеп өзгерту арқылы мәңгүрттендіріп, тарихи, халықтық жадымызды біртіндеп шаю арқылы өткенімізді ұмыттырды.
Міне, енді тәуелсіздігімізді алып, ес жиып, етек-жеңімізді жия бастадық. Ұлттық рухани мәдениетімізді қалпына келтіріп, дамытып жетілдіру арқылы қалыптастыру жолына бағыт-бағдар алдық. Осы мақсат тұрғысынан біртіндеп шайылып жоғалуға айналған халықтық жадымызды табиғи қалпына келтіруге жабыла атсалыса бастаған әрекетіміздің бір көрінісі ретінде, әсіресе, жас ұрпақ қамы үшін «Олдиден эпосқа дейін» деген отбасылық хрестоматиямызды қалың қазақ оқырмандарының назарына ұсынып отырмыз. Атам қазақ «көш жүре түзелер» дегендей кемшілігі болса, келесі басылымда түзелер деген ниеттеміз.
Мекемтас МЫРЗАХМЕТҰЛЫ,
Қазақстан Республикасы мемлекеттік және халықаралық
«Түрік еліне қызмет» сыйлығының иегері,
филология гылымдарының докторы, академик
ҚҰНДЫ КІТАП

Ұлттық тәрбиенің басты құралы - ұлттық әдебиет пен дәстүрлік тағылымдар. «Әлдиден эпосқа дейін» отбасы хрестоматиясы бала тәрбиесіне қажетті тәлімдік ойларды жүйелі жинақтаған. Әдеби, психологиялық, логикалық, тәлім-тәрбиелік дүниелерді сұрыптап, мәні тұшымды түжырымдарды екшеп ұсынған. Бала тәрбиелеудегі ата-ананың үлесі мен міндетін анық ұқтырады.


Хрестоматияны қарап, екшеп, оқып шықтым. Балалардың жас ерекшелікте- ріне лайықталып, бала тіліне оралымды тақпақтар мен жаңылтпаштар, санамақтар, ертегілер, аңыз-әпсаналар жүйелі іріктелген.
Бесік жырының алғы сөзі қызықты мағлұматтарды қамтыған. «Әу» дегеннен адамды бірден өзіне баули жөнеледі. Авторлар бесік жырының маңызын түсіндіргенде бұған жаңаша тәсілмен келеді. Шетелдік тәжірибелерді көп іздеген, дәлелді пікірлері мол. Мұны авторлардың жаңашылдығы деп есептедім.
Тақпақтарды іріктегенде де авторлар жан-жақты зерттеулерге сүйенген. Балалардың жас ерекшеліктеріне сай тақпақтарды тандап алған. Баланы тәтті жеміспен, нәрлі көкөністермен қызықтырады. Кейбір тақпақтарды өздері құрап, толықтырған. Шумақтардың астарында мәнді қисса, тағылымды хикая жатыр. Бала дүниетанымын жан-жақты дамытуды басты мақсат еткені байқалады.
Санамақтары да қызықты әрі құнды зерттеулерді қамтиды. Пайдалы тұсын түсіндіреді. Оқып шығып, мәні зор санамақтарды жинағанын аңғардым. Ішінде сан түрінде берілетін санамақтар да бар. Бір ерекшелігі, авторлар хрестоматияға ұмытыла бастаған аушадияр жанрын кіргізген. Мұны да жаңашылдық деп қабылдадым.
«Сөз атасы - ертегі» бөлімінен ұлағатты, тәрбиеге шақыратын ертегілерді оқыдым. «Бақ, қызыр және ақыл», «Жамандық неден болады», «Ынтымақ» сынды ертегілер балаларды өнегеге, тағылымға шақырады. Ертегінің тілі жеңіл, оқуға орамды, шағын етіп берілген.
Жаңылтпаштан, алдымен, оның пайдалы жақтарын оқисың. Артынша зерттеуі өзінді жаңылтпаш оқуға тартып тұрады. Мазмұны әр алуан. Жеңілі де, күрделісі де бар.
Бата жаттату да дәстүрлі тәрбиенің бір көзі. Хрестоматияға ақын- жыраулардың жақсы бата-тілектері енгізіліпті.
Кисса сүл-әнбия немесе қиссалар желісін балалар тіліне лайықтап жазу - авторлардың басты жанашылдығы. Біздің дәстүрлі мифтік дүниетанымымыз аңыз-әпсаналарда, жыр-қиссаларда жатыр. Бала педагогикасының басты діңгегі осында. Хрестоматияға енген «Рабғузи қиссаларының» дидактикалық, танымдық мәні зор. Оны авторлар өзіндік сипатта, тартымды тілмен берген.
Хрестоматияда маған ең үнаған тұсы батырлар жыры. Алпамыс, Қобыланды, Қамбар, Ер Тарғын батырлар жыры «еспе сөз жанрында», яғни қара сөзбен, тілге шұрайлы, оқуға орайлы етіп жазылыпты. Өте женіл, жатық әрі қызықты етіп баяндалған. Баланың оқуына және танымына барынша ыңғайлы.
Қорыта айтсам, балалар үшін, әсіресе ата-аналар үшін тамаша дүние шыққан. Жас ата-аналарға таптырмас көмекші күрал. Бесігін түзегісі келетін әр үйде осындай мазмұнды «отбасы хрестоматиясы» болу керек.

Әдібай ТАБЫЛДЫ,


Педагогика гылымдарының докторы, профессор.

АЛҒЫСӨЗ
Құрметті ата-ана, бұл кітап сізге арналған. Әр ата-ананың «ұрпағым өзімнен асып туса» деген жалғыз арманы болады. “ұлым қайтсе зерек, қызым қайтсе ибалы болады» деген ой бір сәт тыным бермейді. XI ғасырдағы технология бала бойындағы зеректік пен иба-әдеп сезімдерін күшейтуге айтарлықтай үлес қоса алмаған сыңайлы. Керісінше, технология жетістігін дұрыс пайдалана алмағанның кесірінен сөйлеу мәнерін, қарым-қабілетін, алғырлығын, дарыны мен зеректігін жоғалтатын балалар әлем бойынша көбейіп барады. Осы проблеманы барынша азайту мақсатында біраз іздендік. Іздену кезінде мынадай ортақ заңдылыққа көз жеткіздік.


Қай ғасырда да өз ортасын жарып шыққан тұлғалар өзінің қалыптасу кезенін естеліктерінде «бала күнімде атамыз не әжеміз қызық киссалар мен батырлар жырын жаттатып, дастарқан басында қызық етіп әңгімелеп отыратын» деп жазады. Дәстүрлі тәрбиенің арқасында ақылдың сарқылмас кеніне кол жеткізгенін айтады. Абайдан бастап ғасырда ерекше құбылыс боп көрінген қазақ интеллигенциясының өкілдері түгелдей дерлік бала кезінде осындай дәстүрлі тәрбие мектебінен тәлім алған. Бір ғана мысал: Бауыржан Момышұлы «+шқан ұя» кітабында жастайынан аңыз-ертегі естіп өскенін айта келіп, осыларды құлағына құйған әжесін өмір жолында кездескен ұстаздары- ның бәрінен де жоғары қояды.
Көрнекті қаламгер, марқұм Таласбек Әсемқұлов: «Адамның тәрбиесі шыр етіп дүниеге келгеннен басталады. Әуелі отбасы-ошақ қасы тәрбиесі, содан соң мектеп тәрбиесі, содан кейін азаматтық өмір… осылай кете береді. Алаш қайраткерлерінің өмірбаяндарын оқығанда «алғашқы білімді ауыл молласынан алды» деп келетін елеусіз ғана мәліметті талай рет көзіңіз шалған шығар. Солай болған. Адам әуелі діни тәрбие алуы керек. Алаштың арыстарына бала кездерінде иманның, ұят-аят, ар, кісіліктің әліппесін үйреткен, көбінің аты белгісіз қарапайым ауыл молдалары еді1» деп, ұлттық тәрбиенің шынайы сипатын ашады.
Мыңдаған жылдар бойы кәдеге жарап, кемеңгер, қайраткер тұлғалардың қалыптасуына түрткі болған рухани бастау - аңыз-ертегі, қисса-хикая, жыр- дастандар желісі еді. Осы кітапты құрастыру кезінде біз де осы фактіні басты назарға алдық. Яғни, бір кездері ерекше дарын қабілетімен айрықша танылған қазақ ғалымдары мен зиялы тұлғалардың бала кезінде «әжемнен тындап едім» деген аңыз-әпсана, жыр-дастан, қисса-ертегілерін шамамыз келгенінше бір кітапқа жинауға тырыстық. Одан бөлек, баланың дүниетанымын жан-жақты етіп дамытатын мазмүны терең тақпақтарды қоса жинадық. Тақпақтар, санамақтар, жұмбақтар мен жаңылтпаштар жинау кезінде де жаңадан ештеңе ойлап тапқанымыз жоқ. Бұған дейін қазақ ұлтына әбден танылып, еңбектері кеңінен таралған ақын ағаларымыздан қалған мәнді тақпақтар мен мағыналы санамақтарды сұрыптап алдық. Кейбір авторына сілтеме берілмеген тақпақтарды баланың танымына сай етіп Мұхит Төлеген құрады.
БЕСІК ЖЫРЫ
Ғалымдардың зерттеуінше жастардың 70 пайызының жүйкесінде ауытқу бар. Олар өмір сүруге қабілетсіз, өнер мен ғылымға бейімсіз. Академик B.Бехтерев «баладағы невроз ауруының алдын алу үшін бесік жырын тыңдату керек» деген2. Ал,психолог В.Леутин «бесік жырын тыңдау мидағы нейронның дүрыс дамуына түрткі болады»3 дейді. Америкалық ғалым С.Гроф «Beyond the brain» деген кітапта бесік жыры баланың психотерапиялық аурудан жазылуына ықпал ететінін ескертеді.
2001 жылы Ресейдің Тюмень қаласының ғалымдары мынадай тәжірибе жүргізді. Жастары шамалас бірнеше сәбиді іріктеп, екі топқа бөліп бақылайды. Бірінші топтағы сәбилерге тұрақты түрде бесік жырын тыңдатты. Екінші топтағылар әртүрлі әуендер тыңдады. Алты айдан соң, бөбектердің миын тексереді. Әлдиге жарымаған балалардың нейрон жасушалары баяу дамыған. Бұл фактіге күмән келтіргендер де болды. Бірақ, зерттеу жұмыстары жалғаса берді. Әлди тыңдамаған сәбилердің мінез- құлқында психологиялық ауытқулар да күшейе берді. Олар тез ашуланып, тез шаршады. Жалқаулыққа бейім болды. Сабаққа ынтасы төмендеді. Ауру-сырқауға да тез шалдықты. Ал, бесік жырын үзбей тыңдаған сәбидің бойында мынадай артықшылықтар байқалды:
1. Жүйке жүйесі қалыпты жұмыс істеді.
2. Мейірімділік, қайырымдылық, сүйіспеншілік сияқты ізгі сезімдер қатар дамыған.
3. Қиялдау қабілетін ұштаған.
4. Мағыналы һәм мәнерлі сөйлеуді үйренген.
5. Тұйықталмай,пікірін ашық білдіретін батыл болған.
Академик Қаныш Сәтбаевтың үстазы, Қарнақ медресесінің түлегі, халық арасында «Сармолда» атанған Балмағамбет Балқыбайұлының бесік жыры:

Тербеткенде бесікті,


Ананың мынау алғысы.
Келеді кімнің кем болып,
Қатарынан қалғысы.
Менің жаным ер болар,
Жаудан қайтпас өр болар.
Күншіл менен міншілдің
Кеудесі тұнған шер болар.
Еңбек етсең ел үшін,
Жаудың жайы көр болар.
Білек ұстап,бірлескен,
Досыңның орны төр болар.
Менің жаным ержетер,
Ержетсе деме,кер кетер.
Ғазаттық істеп халқы үшін,
Елірген жауды еңіретер.
Бұзауынан айырған
Секілді сиыр,мөңіретер.
Түлпар мініп,ту ұстап,
Ғазиздерді тебірентер.
Тікесінен тік тұрып,
Жаудан елін күзетер.
Бастырмай қия,қисықты
Тезге салып түзетер.
Бауырына басшы боп,
Артында қалар із етер.
Мен ғаріпке қызмет қып,
Еңбегімді бір өтер.
Қыран болғай қырағы,
Қияда болғай түрағы.
Тақымыңа басқаның,
Жылқының болғай пырағы.
Қараңғыда жол тапқан,
Халқының болғай шырағы.
Ел босатсаң,ержетіп,
Ананың сол ғой сұрағы.
Ғалым болсаң оқыған,
Тақуа болсаң тоқыған.
Талмайтын тарлан сен болсаң,
Текірек қағып, шоқытқан.
Қарауыл қарап,халқы үшін,
Түспейтін болсаң шоқыдан.
Жолын қуған тарихат,
Тағылым алсаң сопыдан.
Мырзалықтың жолында
Атымтайдай кем болма.
Ысырап қылып малыңды,
Залымдарға жем болма.
Мұның бәрі тілегім,
Көтерген көкке білегім.
Алмай түспе аңыңды,
Тастан үшқан түлегім.
Бағыңды ашса Жаратқан,
Айтқанымдай боларсың.
Ақ сүңқардай таранып,
Түғырға алтын қонарсың.
Қанат-қүйрық тарарсың,
Ұрым менен Қырымға,
Көз жіберіп қарарсың.
Қиядан көзің шалғанға,
Қисаймай тура барарсың.
Оқ өтпейтін, орансаң,
Оқалы жібек киерсің.
Қамал бүзған жау болса,
Қайтпай бетің тиерсің.
Өзің үшін туғанмен,
Халқың үшін күйерсің.
Аждаһадай жаланып,
Жау десе, білек түрерсің.
Қалың жауды қақ жарып,
Ғазаттық қылып жүрерсің.
Халқың үшін қайрат қып,
Табаныңды тірерсің.
Залым болма,ғалым бол,
Ғаламға айдай мәлім бол.
Бақыл болма, мырза бол,
Хақ ісіне риза бол.
Күн көрсең де қой бағып,
Ата-анаңа жүр жағып.
Ықтият бол аузыңа,
Көп сөйлеме ылағып.
Жақсы болсаң,мен пақыр,
Қызығыңа тояйын.
Құрсан болып, қуанып
Ақсарбас қойды сояйын.
Қаншама көрген мехнат,
Көңілден бәрін жояйын.
Бесікте жатқан құлыным,
Ұйықтасаң,енді қояйын.

Нәресте екі-үш айға дейін ақпаратты тек құлақпен алады. Сондықтан, бесік жа- нында әңгімелесуге, музыка қоюға болмайды. Себебі, бала жаманды-жақсылы эмоция- ның бәрін миына жинақ- тай береді.


Бұл жайында американдық биологтар L.Dj. Milk пен М.Milk мынадай тәжірибе жасаған. Олар бесік жырын тындау кезінде бөбектің жүрек қағысын тексерді. Қараса, олардың жүрегі қалыпты, яғни бір минутта 68-72 рет соққан. Әрі бала бойынан эндорфиндер, яки қуаныш гормондары бөлінетіні байқалды. Ал заманауи музыкадан сәбидің жүрегі шамадан тыс қатты соққан. Ұйқысы бұзылып, өзін қорғансыз сезінген. Тіпті, романтикалық әуендерді тындату да орынсыз.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет