Таланттар



Pdf көрінісі
бет141/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   256
Байланысты:
А.Қыраубаева. Жаным садаға. Пед.енб. 4-т.

 
Жиырма тоқтам 
 
–  Бала мектеп үшін емес, мектеп бала үшін жұмыс істейді. 
–  Баға құнды емес, бала құнды. 
–  Ұстаз    қызметінің    мақсаты  –  өз  пәнін  жақсы  үйретуден 
гөрі тереңіректе: Ол – адамды жасаушы адам. 
–  Сабақ – ұстаз  бен шәкірттің  адами қарым-қатынасы. 


272 
 
–  Сабақтың  мақсаты  –  баланың  басқаға  ұқсамайтын 
қасиетін аша білу. 
–  Кісі екеніне күмәнмен қараған баладан кісі шықпайды. 
-  Мұғалімнің  өз  сабағын    білуі  жеткіліксіз,  оған  қоса  бала 
жанын ұға білсін. 
–  Әр баланың өмір тіршілігі  – өзінше бір тағдыр.  Баланың  
тағдырына  ойланып  қара.  Сабаққа  келмесе,  себебіне  үңіл. 
Сабағына қызықпаса, себебіне үңіл. Тентек болса, себебіне үңіл. 
Себебін алдымен өзіңнен ізде. 
–  Баланың  ықыласын  оята  біл,  қолынан  келетініне  сендіре 
біл. 
–  Мұғалім  мен  баланың  қарым-қатынасы  қуанышты  әрі 
пайдалы болсын. 
–  Мұғалімнің    сөзі  мен  ісі  жасанды  емес,    шынайы  болуы 
шарт. 
–  Баланы  таңғалдыруды  ұмытпа:  «Даналыққа  ұмтылу 
таңғалудан басталады». 
–  Шәкірттің кемшілігін көргіш болсаң, ықыласын өлтіресің. 
Жеңісін  ізде. 
–  Балаға сыйлы боламын десең, баланы өзің сыйла. 
–  Көптің  көзінше  баланың  кемшілігін  бетіне  баспа.  Сеніп 
айтқан сырын шашпа. 
–  Сабақ  үстіндегі  тыныштыққа  көп  ізденіспен,  еңбекпен 
ғана жетуге болады. 
–  Қиын тақырыпты түсіндіре салып, сұрауға асықпа, келесі 
сабақты қайта түсіндіруден баста. 
–  Импровизация – сабақтың жаны. 
–  Баланы сабақтың  негізгі кейіпкері ете біл. 
–  Әр бала – табиғаттың ғажайып құбылысы. Оны сол  үшін-
ақ сыйлауға тұрады. 
 
Бесінші – сегізінші қосымшалар 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет