Таланттар



Pdf көрінісі
бет151/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   256
Екінші сынып 
Адамгершіліктің алтын  қағидасы. 
1. Аналарды  сыйлау. 2. Әкелерді құрметтеу. 3. Үлкенге ізет 
көрсету.  4.  Кішіні  көтермелеу.  5.  Таза,  әдемі  жүру.  6.  Үйде,  
ортада өзін жақсы ұстау. 
Біздің  достарымыз  кімдер?  Ақыл,  шындық,  әділет,  намыс, 
батылдық. Олар қандай кезде көмекке келеді? 
Отбасындағы  қарым-қатынас.  Үлкен  кісіге  көмек  бері. 
Тетелестің аты төбелес емес. Өзің кіші болсаң да, жүрегің үлкен 
болсын.  
Мырза  мен  Бикеш.  Қол  жүгін    көтерісу.  Орайы  келгенде 
айтылар көтерме сөздер.  
Киіне  білеміз  бе?  Қонаққа  не  киіп  барамын?  Қуыршақтың 
көмегі. 
Дастарқан басындағы әдеп. Пышақ, шанышқы, қасық, сусын 
және тамақ құюға арналған ыдыстардың қойылу тәртібі. Бикешке 
қызмет  көрсету.  Тағамды  төкпей-шашпай  алып  үйрену.  Шай, 
кофе  ішу.  Лимон,  қант  салу  тәртібі.  Шай  ыдыстары    қалай 
тұрады?  
Көтерме сөздердің айтылу орны, айтылу интонациясы. 
«Бес нәрседен қашық болу». Жақсы мен жаманды айыра білу. 
Мен қандай боламын? Тест сұрақтарымен жұмыс. Кемшіліктер. 
Оны  жою  үшін тапсырмалар. 
 
Үшінші сынып 
Әдемілік сыры – әдептілікте. Әдептің жақын достары: ақыл, 
білім, іздену. 
Отбасындағы  әдептілік.  Сіз  ата-анаңызды  сыйлайсыз  ба? 
Әлде қорқасыз ба? Қорқудан құтылуға бола ма? 


282 
 
Әңгіме – дүкен құру. Қандай жағдайда  қандай әңгіме айтуға 
болады?  Әдемі  сөйлеу.  Ойды  түйіп  ұстау.  Қимыл-қозғалыс 
арқылы ажарландыру. Диалог.  
«Сіз  өте  әдемісіз!»  Шынында,  солай  ма?  Бикештің  дене 
бітіміне, өз жүрісіне, ибалылығына назар аудару. 
Қазақ  қызы.  «Қыз  өзін  үкідей  қызғануы  керек».  Ол  қасиет 
менде бар ма? Бикешке нәзіктік керек. Ержүректілік пен өжеттік 
ше? Есті бикеш – ең сұлу бикеш.  
Сегіз қырлы, бір сырлы мырза. Жігітке қажет қасиет – намыс.  
Дөңгелек  үстел  басындағы  сұхбат:  асыл  қасиеттерді  қалай 
түсінемін. Сәнді киіну керек пе?  Мектеп, оқу және сәнді  киім.  
Ұлттық  үлгі.  
Адамдарды  түсіне  білу.  Жағдайға  қарау,  жанын  түсіну. 
Жанына батса, жәрдемдес; қуаныш болса, ортақтас. 
«Болар елдің баласы бірін-бірі батыр дер». 
Сыйлық. Ең бағалы сыйлық - өз қолыңмен жасалған бұйым, 
кітап, гүл. 
Сіз  ресторанға  бардыңыз.  Құрал-жабдықтарды  пайдалану. 
Салфетканы  пайдалану.  
Мен  қандай  адаммын?  Тест  сұрақтарымен  жұмыс. 
Олқылықтардың орнын толтыру. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет