Таланттар


ТҮРКІ ӘДЕБИЕТІН ИНТЕГРАЦИЯЛАЙ ОҚЫТУ



Pdf көрінісі
бет111/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   256
Байланысты:
А.Қыраубаева. Жаным садаға. Пед.енб. 4-т.

ТҮРКІ ӘДЕБИЕТІН ИНТЕГРАЦИЯЛАЙ ОҚЫТУ 
 
Дүниедегі 6 млрд халықтың 200 млн-дайы түркі – түрк жұрты. 
Қырдағы – қазақ, ортадағы – өзбек, таудағы – қырғыз, Сібірдегі – 
саха, тоба, хақастар, Қапқаз жайлаған – ноғай, балқар, қарашай, 
әзірбайжан,  көне  Қазан    хандығының  ошағын  үрлеген  татар, 
башқыр;  мына  жағы  –  Балқан  тау,  ондағы  түрік  ағайындар  – 
барлығымыз    түпкі  тарихымыз  бір,  тіліміз,  дініміз  бір  елміз. 
Жанымыздағы Ташкент – Мұхтар Әуезовтің оқыған жері, Тұрар 
Рысқұловтың,  талай  марқасқа  азаматтарымыздың  бас  қосып, 
Түркістанды құрған жері.  
Тарихтың арғы жағына бойласақ, қазақ-өзбектің  бірінен-бірі 
бөліп ала-алмайтын сәттері шығады. ХІV ғасырда Шығысында – 
Қара  Ертіспен,  түстігінде  –  Балқаш,  батысында  –  Түркістан, 
Ташкентпен,  Қашқар  арасын  билеген  Моғолстан  мемлекетінің 
қазақ  хандығын  құрудағы  орны  ерекше  болды.  Моғолстанның 
әміршісі  Жүніс  ханның  екі  қызы  (Михр  Нигор  ханым  мен  Хұб 
Нигор ханым) ХІV ғасырдағы екі елге ортақ тарихшы Мұхаммед 
Хайдар  Дулати  мен  Мұхаммед  Бабырдың  аналары  еді.  Кейін 
Қашқардың,  Кашмирдің  билеушісі  болған,  сол    тұстағы    қазақ-
өзбек  тарихын,  «Тарихи  Рашиди»  кітабында  жазып  кеткен. 
Мұхаммед  Хайдар  Дулати  1499  жылы  Ташкент    шаһарында 
дүниеге келген.  
1626 жылдан бастап, отыз жыл бойы Самарқанның әміршісі 
болған  алшын  Жалаңтөс  Баһадүр  1576  жылы  Сыр  өңірінде 
Сейітқұл деген кісінің шаңырағында туған еді. Оның 1643 жылы  
Жетісуды  Салқам  Жәңгір  билеп  тұрған  кезінде,  басып  кірген 
жоңғарлармен шайқаста 20 мың қолмен  көмекке келгендігін А.И. 
Левшин  өзінің  «Описание  Казахских  Орд  и  степей»  деген 
кітабында  жазған.  Жалаңтөс  Баһадүр  өзбек  жұртына  Абдул 
керим  деген  лақап  атпен  танымал  болған-ды.  Ол  салдырған 
«Тіллә-қари», «Ширдар» медреселері әлі күнге Самарқанға көрік 
беріп тұр.  
Бұл айтылғандардың сыртында ХVІІІ ғасырдың аяғы мен ХІХ 
ғасырдың    бас  кезіндегі  Сыр  бойы,  Жетісу  өлкесіндегі  Қоқан, 


223 
 
Хиуа  хандықтары  да  біздің  сылып  алып  тастай  алмайтын 
тарихымыз. 
Сансыз баптың мекені ғана емес, ар-ұят пен парасаттың, дін 
мен    салттың  дәстүрлі  мекені  болған  40  қақпалы  Сайрам  мен 
Түмен  баптың    тәрбиесін  алған,  үлкен  Түркістанның  өзегі  кіші 
Түркістан, Сығанақ, Жент, Ташкент арасы  бір жағы  Баласағұн, 
Талас,  Шу  –  Ұлы  Жібек  жолының    сан  тарам    байланыстары 
ежелден  қалыптасқан  ақиқат. 
Төле би бабамыздың Ташкентте мәңгілік мекен табуы да осы 
тарихи ортақтастық белгісі деуге болады. 
Қазақ-өзбек ақын-жазушыларының достығы мен парасаты екі 
елге  бірдей аңыз болған.  
 Өзбек  жазушысы  Насыр  Фазыловтың  «Мейірім»  деген 
естелігінде  Айбек пен Сәбит   Мұқановтың  арасындағы  қимас 
достықтың биік кісілікке ұласқанын суреттейді. Соның куәсіндей 
боп Алматыдағы Медеу  шатқалында  бір тас жатыр. Онда былай 
деп жазылған: «Бұл жұмыр тасты бауырым Мұса Айбекке сыйға 
тарттым. Сәбит Мұқанұлы. 3.06.1962 жыл».   
Сонымен, түбі бір түркілер болып есептелетін қазақ-өзбектің  
бай  тарихы  мен  мәдениетінде  ортақтықтар  мол  екен.  Ендігі 
мәселе:  осыны    ұрпақтар  санасына  қалай  сіңіреміз?  Мектепте 
қалай оқытамыз? Олар  тарихтан нені  алуы керек? Халқымыздың 
рухын көтеретін бұл тарихтар  кеңестік идеология кезінде мектеп 
оқулықтарына кірген жоқ. Тәуелсіздігіміздің сегіз жылында енді-
енді  оқытыла  бастады.  Жаңа  буын    оқулықтарына  енгізілуде. 
Бұрынғы ғылыми еңбектерде зерттеушілер ежелгі әдебиетімізді 
әрқайсысы халқына бейімдеу ыңғайын танытты. Әркім  «көрпені  
өзіне қарай тартқысы  келгені»,  өзіне  икемдегісі келгені  бүгінде 
жасырын  емес.  Соның  ішінде  түркі  мәдениетінің  түркі  тілдес 
халықтарға    ортақ  мұра  екендігін  талмай  айтып,  терең 
зерттеулерін  осы  бағытта    жүргізген  Әмір  Нажип  сияқты 
түркітанушылардың  еңбегі  зор  болды.    Бүгінде      болашақ 
ұрпағымыздың санасына осылай  сіңіруіміз  ләзім.  
Қазақ-өзбекке ортақ  әдебиеті мен тілінің тарихы, арысы, сақ, 
ғұн  заманынан, берісі, V-VІІІ  ғасырлардағы архаикалық  Түркі 


224 
 
империясы  кезінен  басталады. Ежелгі әдебиетті өзінше бір әлем 
ретінде бейнелеген, оның шығысында Қашқари мен Баласағұни, 
орта  тұсында  Йасауи,  батысында    Қорқыт  ата  жатыр.  Соның 
бәрінде  де  түркі  халықтары  тарихының  дүниетаным  үрдісі, 
ахылағы, адами құндылықтары, салт-санасы айқын көрінеді. 
Түркі әдебиеті туралы сөз болған кезде ұрпақтар  санасында  
талай  жазудың ауысқанын, кирилл, латын, араб жазуынан  бұрын 
26 әріптен  тұратын жазуы болғандығын айтуымыз керек. Оның 
дәлелі – Есік қаласынан табылған Алтын Бекзаданың жанындағы 
күміс тостағандағы жазу. Ол біздің з.д. V ғасыр болатын.  Ал VІІІ 
ғасырда  осы  таңбалармен  тасқа  сызып,    тұтас  жыр    жазған 
болатын. Ұзындығы 2,5 –3 метр, ені – 1,5-2 метрге дейінгі  алып 
тастардың екі беті мен екі қырына жыр мәтінін  жазып шығу үшін  
қанша  уақыт  керек  болды  екен?  Моңғұлияда  тұратын  қазақ 
зерттеушісі  Қаржаубай  Сартқожұлының  деректері  бойынша, 
әуелі, тасқа әріптердің ізін сызып алған,  орнына ерітінді құйған. 
Біраздан  соң  ерітіндінің  ізі  үгіліп  қалатын  болған.  Қазақ 
руларының  тасқа  басып  жүрген  таңбалары  осы  жазудың 
жекелеген әріптері еді.  
«Орхон  ескерткіштері»  аталатын  бұл  жырда  айналада  жау 
анталап  тұрған кездің  өзінде  ұзын найза,  өткір қылыш,  жүйрік 
атпен  кең  жайылған  түркі  жұртын  біріктірген  Білге  қаған, 
Құлтегіндей  әскербасы,  Тоңұқұқтай  ақылшы    жыраулардың 
еңбегін ардақтайды.  
Аңдаусыз  тауғаш  деген  елдің  уысына  түсіп  қалып, 
тәуелсіздігінен айырылған жылдарын түркі тарихының ең қаралы 
беттері 
ретінде 
бағалайды. 
Інісінің 
ағасындай 
бола 
алмағандығын,  ағаның  орнын  басқан  хандардың  жалтақтығын, 
бегі  мен  халқының  ымырасыздығын  сынап,  бодандықтың  
себептерін  ашады.  Одан  соң    түркі    халқының    бақытына    Көк 
тәңірі  мен Ұмай ананың қолдауымен, Елтеріс атты ер туғанын, 
Елтерістің  шашылғанды  жинап,  қайтадан  тәуелсіздік  тізгінін 
қолға алғанын жазады. Ой-мұраты бүгінгі күнмен үндескен бұл 
жырдың жас ұрпаққа берер танымы мен  тағылымы мол екендігі 
даусыз.  


225 
 
VІІІ-ІХ  ғасырлардағы  оғыздар  билігі  заманына  жеткен 
сарындар  «Қорқыт  ата    кітабы»  мен  «Оғыз  қаған  жырында» 
сақталған. Биыл Қорқыт  атаның өмір сүрген уақытына 1300 жыл 
толып отыр. Қорқыттың түркілер тарихындағы орнын, қазақтың 
жыраулық,  күйшілік,  бақсылық  өнерінің  атасы    екендігін 
сіңіруіміз  керек.  Қорқыт  тартқан  күйлер,  Қорқыт  айтты  деген  
нақыл  сөздер  бүгінгі  тіліміздегі  қолданыста  сол  қалпында 
сақталған: «Күл төбе болмас, Қара есекке жүген салсаң да, тұлпар 
болмас. Күңге қамқа тон жапсаң да, ханым болмас. Ескі қамыс біз 
болмас.  Ежелгі  дұшпан    дос  болмас.  Қыз  анадан  көрмейінше, 
өнеге алмас. Ұл атадан  көрмейінше, сапар шекпес» деген нақыл 
сөздердің  баламасы    мақал-мәтелдерімізде  түркі  жұртына  кең  
тараған  «Алпамыс  батыр»  жырының    түркі  желісі  «Алып 
бамсыда», көнеден жеткен «Қорқыт ата кітабының» ішінде.  
Х-ХІІ  ғасырлар  әдебиетінен  Әбунасыр  әл-Фараби  бабамыз 
дүниеге келген Отырар, Отырардың қазақ мәдениетіндегі орны, 
Фарабидің Орта ғасырдағы Ояну дәуіріндегі алып тұлғаларының 
бірі  екенін  айту.    Математика,  музыка,    философия,  поэзия 
саласындағы еңбектерін түсіндіру; Ахмет Ясауи, оның сопылық  
ілімі «Хикметтер» кітабының  мазмұнын талдау, мағынасын ашу 
қажетті.    Бұл  дәуірдің  әдебиетінен  кеңірек  тоқталуды    тілейтін 
Баласағұнидің «Құтты білігі» мен Қашқари «Сөздігі» бар.  
13 мың жылдан тұратын «Құтты білік» кітабына ХІ ғасырдағы  
түркілердің  әлеуметтік,  саяси,  ахылақ,  адамгершілік  мәселелері 
көтерілген. Оны жазған адамның өз заманының ойшылы екендігі 
хақ. Кітапта Платон мен әл-Фарабиден бастау алып, әл- Ғаззали 
еңбегінде 
талданған, 
Фирдоуси, 
Низамидің 
көркем 
шығармаларынан  көрініс  тапқан,  одан  Сұлтанмахмұт,  Абайға 
дейін  келген  кемел  адам,  кемел  қоғам  мәселелері  көтеріледі. 
Баласағұни  өзінен  бұрынғы  «Саясатнама»,  «Қабуснама», 
«Тарихи 
масуой» 
сияқты 
дидактикалық 
сарындағы 
кітаптарындағы ойлары түркілік мұраттар тұрғысынан  дамытты.  
Түркілерден шыққан ірі филолог-ғалым Махмұт Қашқаридың 
«Сөздігінде»  бүгінгі  жастар  білуге  тиіс  мағлұмат-деректер  мол. 
ХІ ғасырдағы түркі даласын өз көзімен аралап  көріп, жазылған 


226 
 
еңбектердің  құндылығын    парықтаған  адам,  одан  фольклор 
үлгілерін, жағрапиясын, тарихи деректерін табар еді. Қашқаридің 
бұл  кітапты  жазудағы    мақсаты  ислам  дәуірінде    үстем  болған 
араб тілінен түркі тілінің ешқандай кем еместігін дәлелдеу болса 
керек. Кіргізілген 262 мақал-мәтелдің 60-тан  астамы қазіргі қазақ 
тілінде ешбір өзгеріссіз, сол қалпында қолданылады. 
Түркі әдебиетін  қалыптастыруда Алтын Орда дәуірінің рөлі 
зор.  Ол  кезден  жеткен  он  шақты  жазба  ескерткіштер  назира 
әдебиеттің  діни  ағартушылықтың  дамуына  әсер  етті.  Алдыңғы 
дәуір  әдебиетінің  сопылық  поэзия  үрдісі  жаңа бір  мазмұнда  
жалғасты.  ХІХ  ғасырдың  екінші  жартысы  мен  ХХ  ғасыр 
басындағы қазақ әдебиетіндегі қисса-дастан жанрының   дамуына 
да Алтын Орда кезіндегі әдеби дәстүрінің ықпалы  зор болды. 
Осы  мұраларды  төкпей-шашпай,  өзбек  –  оны  тек  өзбектікі 
демей, қазақ – оны тек қазақтікі демей, ортақ жәдігерлік  ретінде  
оқуымыз керек. Сонда ғана  рухымыз  рухтана түседі. «Ортадағы  
үй кең болмай, шеткі үй ел болмайды» деген бар.  Кіндік Азия, 
Орта Азия  елдігін көрсетуі – парыз. 
ХV  ғасырдан  бастап,  түркілер  әдебиеті  өзінің    ортақ 
ошағынан  шығып,  жеке-жеке  даму  үрдісін  бастайды.    Қазақ 
әдебиеті  болса,  Асан  Қайғы,  Қазтуған,  Шалкиіз,  Доспамбет, 
Жиембет, Бұхарға дейінгі өр рухқа толы әдебиет көшін бастайды.  
Жыраулық    поэзия  дамиды.    Өзбек  әдебиеті    Сақақи,  Лутфи, 
Әлішер  Науайы,  Тұрды,  Гүльхани  болып,  Мұқими,  Фуркатқа 
дейін  жалғасады.   
Қазақ  мектебі жалпы  түркілік  әдебиеттің,  қазақтың кейінгі 
төл    әдебиетіндегі    іздерін,    әсіресе  Х-ХІХ  ғасыр  басындағы  
әдебиеттегі    ежелгі    әдебиет  дәстүріне,  сабақтастық    жағына  
назар  аудартуы  керек.  Бүгінгі  егемендікке  қол  жеткізген  
уақытымызда  бұрынғымызды  жасқанбай  көрсетіп,  осыған  
дейінгі  оқулықтардағы:  «Қазақ  әдебиеті  Бұхар  жыраудан 
басталады» деген мүлде қате тұжырымды жөндеуіміз керек. Енді  
ұрпағымыз қазақ мәдениетінің  түп тамыры тереңде екенін  біліп, 
туған еліне деген мақтаныш сезімі қалыптасып өсуі керек. 


227 
 
Түркі  тарихы    әлеуметтік  жағдайларға  байланысты,    қолдан 
ұйымдастырылған  геноцид,  қызыл-қырғын    салдарынан  5  млн 
қазақ  шетелде жүр.  Соның қомақты бөлігі – Өзбекстанда. Оның 
ішінде  ата-бабасынан бері сол жерді  мекендеп отырғандары да,  
жоғарыдағы себептерге байланысты  кейін көшіп барғандары да 
бар.  Қазіргі  ақпарат  деректері  бойынша,  Өзбекстан  ұлттық-
демократиялық  ел  болуды  ойлап  отырған  сияқты.  Бұл  тәуелсіз  
болуға ұмтылған әрбір халықтың  арманы болса керек. Бірақ осы 
жағдайды өзбек ұлтының өзекжарды мүддесінің тасасына қазақ  
ұрпақтарының  өзінің  ұлттық  сипатын  сақтауға  деген  мүддесі  
қалып  қоймауы  керек.  Оған  сенеміз  де.  Ол  жақтағы  
бауырларымыздың  жағдайы бүгінгі күнде  салт-дәстүрін,   тілін 
сақтауы жөнінен бізден төмен деп айта алмаймыз.  
Қазақ тілі – біртұтас, монолитті тіл, дүниенің қай түкпірінде 
болмасын,  ол бір-ақ тілде түсініседі.  Бірақ  күндердің-күнінде  
Кемал Ататүріктің: «Түркия Республикасын құрған түрік халқы, 
түрік ұлты. Түрік ұлты деген сөз –  түрік тілі деген сөз» , – деп 
ұран  тастағанындай,  заман  мүлде  келмейді  деу  де  қиын. 
Сондықтан 
бұл 
жағдайға 
ондағы 
қазақ 
қауымының, 
зиялыларының    ұлт  ретіндегі    өзіндік  болмысын  сақтап  қалуға  
деген  талпынысы мен  жігері зор  рухани   күш бола алады.  
Осы  сияқты,    дінде  де  бірлік  керек  бізге.  Христиан  сербтер 
мен  мұсылман  босниялықтар,  Армения  мен  Әзербайжан  
арасындағы  соғыстардың  сыры  белгілі.  Қазір  арамыздаға 
сынадай қағылғысы келіп жүрген әр түрлі діни ағымдарға  қарсы 
тұрудың  бір  амалы  –  балаларды    мектептен    ұлттық  рухта 
тәрбиелеу.  
«Бөрікті бөрік ішінде басы бар адам  ғана сақтайды. Өз есімін 
жүрегінде  оты  бар  адам  ғана  сақтайды»,  –  деген  Расул 
Ғамзатовтың сөзі есімізде.  Жүрегінде оты бар ұрпақ керек. 
1997 жылдың   5 желтоқсаны күнгі  «Егемен Қазақстандағы» 
«Тәлім  мен  тәрбие  біртұтас  талаптан  туындайды»  деген 
мақаласында  Қырымбек  Елеуұлы  Көшербаев:  «Өз  басым  білім 
беру  ісінде    этнопедагогика,    ұлттық  білім  беру  моделі  тәрізді  
сұрақтарды  бүгінгі күннің  өзекті мәселесі дер едім», – деген  еді. 


228 
 
Шындығында  да,  көбіміздің  көкейімізде  жүргеніндей,    ұлттық 
мектептің  моделін  жасау  –  бүгінгі  күндегі  ең  зәру    мәселердің  
бірі  болып  отыр.  Біздің  мектебіміз  алдымен  ұлттық 
мәдениетімізді    меңгерту,  содан  соң  ғана  өзге  мәдениеттерді 
таныту негізінде құрылуға тиіс екенін қазіргі жастар  арасындағы 
өзге мәдениетке құлдық ұру үрдісінің күшеюі көрсетуде. Қазіргі 
жағдайда    қазақ  тілін    аттап  өтіп,    ағылшын  тілін  білу  бірінші 
орынға  шығып    барады.  Мектепті  орыс  тілінде  оқып,  Еуропаға 
барып,  ағылшынша  университет  бітірген  балалар  ертең  біздің 
саяси  элитамыз  болмақ.  Осы    балалардың  ұлттық  мүддемізді 
ойлайтын  азаматтар  шығуы  екіталай.  Өйткені,  өзге  тілде 
сөйлеген  болса,  өзге  тілде  ойлауы,  өмірді  қабылдауы,  
құндылықтары өзгеше болады. «Тіл – болмыстың түрі» деп бекер 
айтылмаған.  
Сол  кездегі  мектебіміздің  тынысын  елестетуге  септігі  тиер 
деген мақсатпен аудандық оқу бөліміне арнап жазылған «Түсінік 
хатты» қоса кетуді жөн   көрдік. 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет