Таланттар



Pdf көрінісі
бет117/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   256
Байланысты:
А.Қыраубаева. Жаным садаға. Пед.енб. 4-т.

6 қазан 1995 жыл 
Бүгін бір жас мұғаліміз сабақтан жылап шықты: «Енді сабақ  
бермеймін,  мұғалім  болмаймын!»  –  дейді.  Себебі,  оқушылар 
берген  тапсырманы  орындамай  келіпті.  Шындап  келгенде,  өз 
әлсіздігіне  ренжулі,  қолынан  келмейтіндігіне  «сенім»  пайда  
болған. 
Осы мұғалімнің бір жылап келуі мүмкін екенін сезгеніме бір 
ай өтті. Қайта біраз шыдап көрді. «Жарайсың!» – деймін іштей. 
Жас мұғалімді  оқушылар алғаш  жақсы қабылдайды. Бәрінен де 
өздері  шамалас  адаммен  тез  тіл  табысамыз  деп  ойлайды. 
Олардың  алғашқы  қызығушылығы  мен  жылы  қабағына  елтіп 
қалған  жас  мұғалім  қаннен-қаперсіз  риза  болып  жүргенінде, 
балалар  тарапынан  ойынға  айналдыру  басталады.  Үдей  келе 
игере  алмайтынына  көзі  жете  бастаған  мұғалімнің  өкініш 
жасымен  аяқталады.  Бұл  жағдай  әлемде  қаншама  мұғалімнің  
басынан өтпеді дейсіз?! 


239 
 
Жылап болған соң, осы әңгімелерді айта отырып,  балалардың  
сабақ  оқымай  келу  себебін    анықтадық:  аударылуға    тиісті 
мәтінде (текст) таныс емес сөз көп екен. Сөздік жоқ. Сонымен, 
тапсырма орындалмаған. Үйге тапсырманы берерде  әуелі өзі он 
ойланып,  жүз  толғануы  керек  еді.  Сабақ    көңіл  күй  мен  
оқушылардың  ырқында кеткен. 
Соңынан  келесі  сабақтың  жоспарын  жасадық.  Минуттарға 
бөлдік,  есептедік.  Оқушыларға  қайтадан  кіріп,  келесі  жолғы 
сабаққа не дайындап  келуі керек екенін  айтып шығуын өтіндім. 
Оқушылар  үйіне  мұғалімнің  жеңілісіне  мәз  болып  қайтпауы 
керек. 
Ең соңында не қылдық дейсіз ғой, бүгінгі 6 қазан күнін  қойын 
кітапшама белгілеп алдым да,  келесі жылы осы күнді  күле еске 
алып,  атап өтетінімізді айттым. Айсұлу бике ол күнге ат қойып 
та жіберді: Математика – «Бір өкініш, бір үміт». Мұғалім Гүлжан 
күледі, «былтырғы мен жылап шыққан күнді белгілеп алмадыңыз 
ғой», – деп. Былтыр тура осы оқиға  оның да басынан өткен-ді.  
Сонымен,  келесі  жылдан  бастап,  6  қазан  лицейдің  жас 
мұғалімдеріне арналған күн болып белгіленді.  
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   113   114   115   116   117   118   119   120   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет