1. Еңбектенуге үйрету; 2. Жауапкершілікке үйрету; 3. Ой-қиялын шарықтату. Адамның бүкіл өмірі – еңбектену. Тіпті демалғанда да
еңбектенеді. Алдағы еңбекке күш жинау үшін еңбектенеді.
Баланы еңбектенуге үйрету – тәрбиенің өзегі. Бағдарламадағы
рейтинг жүйесі осыны көздейді. Қазіргі бағамыз бала еңбегін
толық бағалай алмайды деген ойдамыз. Ол алға ұмтылдырудан
гөрі, сын мен қорқыныш таразысына салады.
Әлбетте, бұл бағдарламада ұлттық мектептің барлық мәселесі
түгелімен қамтылды деуге болмайды. Жетілдіретін, көптеген
ғалымдар мен ұстаздар бірлесіп толықтыратын жайлары бар
болуы заңды. Біздің мақсатымыз – ұлттық мектеп үлгісін жасау
мәселесіне өз көзқарасымызды білдіру.