Таланттар



Pdf көрінісі
бет181/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   256
Байланысты:
А.Қыраубаева. Жаным садаға. Пед.енб. 4-т.

 
 
СТУДЕНТТІК КОЛЛЕКТИВТІ  ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ 
ЖОЛДАРЫ 
 
Осыдан бірнеше жыл бұрын «Ер жеткен жігіттер мен қыздарға 
куратор  керек  пе?»    деп  күдікпен  сұрақ  қойған  мақалалар 
жарияланып  жүрді.  Біздің  ойымызша,  егер  куратордың  міндеті 
сабаққа  қатыспаған  студентке  ұрсу,  емтиханда  студент  үшін  баға 
сұрау, сабаққа келтіру үшін ұйқыдан ояту деп түсінсек, балабақша 
тәрбиешісінің  міндетін  атқаратын  кураторлықтың    керегі  жоқ. 
Куратордың мақсат-мүддесі тереңірек  жатқандай. 
Болашақ  маманның  азаматтық  көзқарасын,  адамгершілік, 
коллективтік  сезімдерін  қалыптастыруда  басқа  оқытушыларға 
қарағанда  куратор  міндеті  салмақтырақ.  Студенттік  коллектив... 
Қазақстанның 
түкпірінен, 
тіпті 
шет 
елден, 
одақтас 
республикалардың  әр  жерінен  жиналған,  өмір  тәжірибесі,  білімі, 
мінезі  әр  түрлі  25-30  студенттің  ой-санасын  бір  жерге  қалай 
біріктіріп, мақсаты ортақ коллектив құруға болады? 
Қазақ халқында «Сыйлы болғың келсе, өзің сыйлай біл» деген 
даналық  сөз  бар.  Студентті  өзіңнен  төмен  санаған  жағдайда  екі 
арада ешқандай сыйластық болуы мүмкін емес. Сондықтан алғашқы 
жұмысты  әр  студенттің  жеке  жағдайын,  мінезін,    бейімділігін 
зерттеуден бастаймын. Осы сыйластық сезімдерін студенттердің  өз 
арасында да өсіріп отырудың үлкен мәні бар секілді. Ол үшін бір-
бірінің жақсы қасиеттерін аңғарып, тануына, бір-біріне құрметпен 


326 
 
қарауға мүмкіндік туғызу керек. Мұндай жағдайлар коллективтік 
ортақ істерді бірігіп атқару үстінде, қызықты кештер, кездесулер, 
сенбіліктерге қатысу үстінде байқалады. Ондай жұмыстарда жалпы 
бағыттауда болмаса инициативаны студенттер жағында қалдыруға 
тырысамын. 
Біздің  группамызда  жыл  бойы  өткізілуге  тиісті  тәрбиелік 
шаралар алдын-ала талқыланып бекітілгеннен кейін, іске жауапты 
комиссия  құрылады.  Онда  студенттердің  бейімі,  мүмкіндігі  де 
ескеріледі.  Ешбір  нәрсеге  икемі  жоқ  студент  болуы  мүмкін  емес.  
Комиссияның председателі және мүшелері атқарылатын жұмыстың 
негізгі  салаларын  ұйымдастыруға  міндетті  болады  да,  группаның 
қалған  студенттері  оларға  көмектесіп  отырады.  Мұндайда 
жайшылықта  тым  көзге  түсуге  ұялшақтардың  өзі  бір  жақсы 
қырынан  көрініп  қалады.  Комиссиялар  арасында  сырт  көзге 
байқалмайтын  «кім  қызықты  өткізер  екен»?  дегендей  намыс 
жарысы да жүріп жатады. Қоғамдық жұмысты ылғи да белгілі бір 
студенттер  атқарып,  қалғандарының  шет  қала  беруіне  жол 
берілмейді. 
Осындай  бір  пайдалы  пікірлесуге  бағытталған  алғашқы 
кураторлық  сағаттардың  бірін  мұғалімдік  мамандыққа  арнадық. 
Әдетте  филолог  студенттердің  көбісі,  ақын  Қ.  Мырзалиев 
айтқандай, «бірінші курста ақын болып бастап, екіншіде – жазушы, 
төртіншіде  –  сыншы,  ал  ақырында,  ауылға  мұғалім  болып 
аттанатындығында»  шындық  та  жоқ  емес.  Мұғалім  болуды  өз 
мүмкіндігінің «ең төменгі  сатысы»  деп  түсінетіндер  де  табылады. 
Бұл жағдай әсіресе кураторды ойлантуы тиіс. 
Бірінші  курста  өз  мамандығы  жөнінде  пікірлесуге  қазақ 
әдебиеті  кафедрасының  жас  оқытушылары  келді.  Ұстаздық 
мамандық туралы әдемі пікірлер плакаттарға бөлек жазылып ілінді. 
Ұстаз  өміріне  байланысты  көптеген  қызықты  сұрақтар  қойылды. 
Арнайы  қабырға  газеті  шығарылып,  ұстаздың  шәкірт  алдындағы 
жауапкершілігі, ізденгіштік қасиеті, еңбекқорлығы жайында әңгіме 
болды.  Соңында  ұстаздардан  бастап,  студенттер  өнерін 
тамашалаумен 
аяқталған 
бұл 
кураторлық 
сағаттың 
ұйымдастырушылары:  Қоянбекова  Сара,  Қасымбекова  Айсұлу, 


327 
 
Жаханова  Дүйсенкүл  т.б.  студенттер  болды  да,    екінші  курста 
«Менің  мамандығым  —  мұғалім»  деген  тақырыпта  кураторлық 
сағат өтті. Кездесуге № 12 қазақ орта мектебінің мұғалімі, 16 жыл 
педагогикалық  стажы  бар  Аманбаева  Бөлек,  №1  мектептен 
университет  түлегі  Қосжанова  Нағима  келді.  Мұнда  да  мектеп 
өміріне арналған қабырға газеті шығарылды.  Мұғалімдердің алдын-
ала анкета жүргізу арқылы белгілі болған сүйікті әндері орындалды. 
Біздің  курстың  студенттері  үшін  облыстық  кітап  саудасы  бөлімі 
кітаптар әкеліп сатты. Мұғалім өмірінен этюдтер айтылды, сұрақтар 
койылды. Соңында группа фотографы Е. Айтжановтың да өз өнерін 
көрсетуіне  мүмкіндік  берілді.  Шағын  концертте  сырттай  оқудан 
биыл ғана ауысып келген студенткамыздың әдемі әншілік қабілетін 
таныдық.  «Тойдың болғанынан боладысы қызық» дегендей, мұндай 
кездесулердің  өту  фактісі  қандай  пайдалы  болса,  оны  дайындау 
процесі одан да пайдалы  деп  ойлаймыз. Мамандықтың  қыр-сыры 
жайлы әңгімеге жыл сайын оралып отырмақпыз. 
Иә,    студенттік    коллектив  те  –  өзінше  бір  семья.  Оның  әр 
мүшесі  басқаларының  қуанышына  қосыла  қуанып,  қайғысына 
ортақтаса  білсе,  әрбір  істе  бірін-бірі  ұятқа  қалдырмау  сезімі 
жетекшілік  атқаратын  болса,  онда  куратор  тәрбиесінің  дұрыс 
бағытта  келе  жатқандығы.  Группадағы  студенттердің  туған  күнін 
коллектив  болып  өткізу,  жылы  сөздер,  тапқыр  достық  әзілдер,  өзі 
шығарған  алғашқы  өлеңін  арнау,  гүл  ұсыну  арқылы  дос  көңілін 
аулау  коллективке  жылылық  құяды.  Өткен  жылғы  мұндай  туған 
күнді  коллектив  болып  өткізудің  ұйымдастырушысы  группа 
активисі  Қасымбекова  Айсұлу  болды.  Мұндай  туған  күн  өткізу 
дәстүрін алдағы уақытта да жалғастыра бермекпіз. 
Болашақта студенттердің өзін-өзі басқару мүмкіндігіне жол 
беріп,  коллективтің  беделін  көтеруге  көңіл  бөлген  дұрыс. 
Стипендияны да, жатақхананы да кімге беру керектігін коллектив өзі 
шешу керек. Студенттік жылдарды мәнді өткізген бүгінгі филологтің 
ертеңгі оқушылары да бақытты балалық шақтың мектептегі күндерін 
мәнді өткізетініне сенім мол. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   177   178   179   180   181   182   183   184   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет