Таланттар



Pdf көрінісі
бет187/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   256
Байланысты:
А.Қыраубаева. Жаным садаға. Пед.енб. 4-т.

қысқаша айтып өтсеңіз. 
–  Болашақта  тек  алдыма  қойған  мақсатыма  жетуді 
ойлаймын. Алдағы уақытта осы мектеп лицейді  кеңейтіп, сапалы 
білім, саналы тәрбие беретін білімнің алтын ұясына  айналдырсам 
деймін.  Осы  жолда  мені  қатты  ойландыратын  мәселе  –  класс 
бөлмелерінің  жетіспеушілігі.  Қазір  лицейдің  әр  класында  10-15 
оқушы оқиды. Жалпы оқушы саны 55- тей болады. 1-2 және 6-7-
8-класс  бар.  Көптеген  ата-аналар  балаларын    3-4-класқа  бергісі 
келеді,  бірақ  біздің  оған  шамамыз  келмейді.  Өйткені  оқытатын 
бөлмелер аз. 
«Көп түкірсе – көл» дегендей, жаз бойы ата-аналарымыздың 
көмегімен  мектептің  жанынан  шамамыз  келгенше  бөлмелер 
қосып  едік,  қажетті  құрылыс  материалдардың  тапшылығынан 


332 
 
жұмысымыз  тоқтап  қалды.  Биылғы  жаңа  оқу  жылына  ісімізді 
аяқтап, кіреміз бе деген едік, үлгере алмадық.  
Екі жылдан бері осы үй мәселесі жөнінде бармаған жеріміз, 
баспаған  тауымыз  қалмады.  Енді  нәтиже  жоқ...  Айналып 
келгенде, жергілікті әкімшілік жасаймын десе, қолынан келетін 
шаруа. Негізінде, біздің  істеп  жатқан игі бастамамыз осы аудан 
үшін  керек.  Аудан  басшылары  да  біздің  жағдайымызға  
қарайласып, қол ұшын берсе деймін.  
–  Осы  сұхбатты  оқыған,  өз  ұлтының  болашағын  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет