тоқтала кетсеңіз. Қазіргі кезде жеке меншік мектептер мен лицейлер әр жерде жұмыс істей бастады. Олармен салыстырғанда сіздің мектептің өзгешелігі қандай? – Аты айтып тұрғандай, бұл – Гуманитарлық Қазақ
мәдениеті мектеп-лицейі болғандықтан, алдымен оқушылардың
гуманитарлық сала бойынша жан-жақты білім алуына назар
аударамыз. Мұнда «Қазақтың көне мәдениеті» деген арнайы курс
жұмыс істейді. Бұл жұмысты жүргізуге мен Қытайдан келген бір
азаматты тарттым. Шығыстану саласынан білімі өте терең.
Университетте шығыстану пәнінен сабақ бере жүріп, ол осы
мектептің жұмысына да белсене араласуда. Сонымен қоса қазақ
пәлсапасы, грек пәлсапасы
мен қазақ пәлсапасының
байланыстары деген сабақтар, тіл-әдебиет, математика, физика
тағы басқа пәндер оқытылады. Бала тәрбиесінде халықтық
педагогика
тәсілдерін
қолдануға
тырысамыз.
Өзімізді
мақтағанымыз емес, мемлекеттік мектептермен салыстырғанда,
бізде оқыған балалардың білім деңгейі де, тәрбие-өнегесі де көп
ілгері екенін айтқым келеді. Аманшылық болса, оны өмірдің өзі
әлі-ақ дәлелдейді деп ойлаймын.