– Әңгімеңізге рақмет. (Әңгімелескен – Ғ.Жүндібаев, Н.Мауытов) ҰРПАҚ ЖАНАШЫРЫ
Егеменді елдің ертеңі – жас бүлдіршіндердің болашағы
алаңдатушылық тудыруда. Рухани азығымыздан гөрі жеке
бастың тіршілігін күйттеген бүгінгі нарықтық заманда ұлт
болашағына үңіліп, көз жіберу тым таязданған тәрізді. Қолынан
іс келетін кәсіпкерлеріміздің өзі-өзіне пайда түсер істі
қаузағаннан ары бармайды. «Елім» деп еңіреп, жарғақ құлағы
жастыққа тимей, қайтсем халық игілігіне айналам, олардың
ертеңгі күні гүлденуіне қалай септігімді тигізем деуші саналы
азаматтар да аз емес. Олардың қарлығаштың қанатымен су
тасығандай, азды- көпті еңбектері елеулі үлес болып табылмас.
Сондай азаматтарымыздың бірі – филология ғылымдарының
кандидаты Алма Қыраубаевамен жолығып сұхбаттасқан едік.