– Алма апай, бүгінгі күнде ұрпақ тәрбиелеу – өзекті мәселе. Елдің ертеңі – бүгінгі балауса буын, осы төңіректе сізді қандай проблема толғандырады? – Бірінші мәселе – білім саласында істеп жүрген
адамдардың жағдайы. Мектеп мұғалімінен, университетте 22
жыл істеген менен троллейбус жүргізушісі төрт есе артық жалақы
алады. Бала-шағасын асырау үшін мұғалімдер троллейбус айдау
керек пе? Өзін нағыз ұстаз сезінетін мамандар жұмысынан қол
үзген жоқ, шыдап бағуда. Бесігімізді түзеу үшін сол тал бесікті
аялайтын, сол үшін күш-қайратын аямайтын мұғалімнің көңіл
күйі дұрыс болмайынша, білімнің өркендеуі қиял ғана болып
қалады.
366
Десе де, ізденіс тоқтаған жоқ. Өзім де ұстаз ретінде қазақ
баласы әлемдік білімді игеріп, көрікті болса екен деген оймен
жарғақ құлағым жастыққа тимейді.
– Әр түрлі әлеуметтік ортада өсіп, тәрбиеленген