– Қазіргі оқудан нені аламыз, нені жоғалттық, оң-теріс бағыттар қайсы? Әбілақұлы Әбжаппар: – Қазіргі таңдағы оқыту мәселесінде балалардың ынтасын
көтеру болып отыр. Озат оқушыларды материалдық жағынан
көтермелеу керек. Егер мұғалім өз кәсібін толық меңгерсе,
оқушыны өзіне тарта білсе, сабақ сапалы болар еді де, сол маман
нағыз айтулы ұстазға айналар еді. Бүгінгі студент ертеңгі
мұғалім ғой. Бізде тест деген ойлап табылды. Оның жетістігі,
біріншіден, емтиханды соза бермей, бір мезгілде уақыт ұттырмай
бітіру мәселесі. Кемшілігі – мұғалімнің жеке көзқарасы түсіп
қалады, балалардың терең, кең ойлауына белгілі дәрежеде тұсау
салады, бұл тұста жауаптағы кездейсоқтық та рөл атқарады.