Р.Мұратханқызы: – Қазіргі мақсат – өз бетімен ойлай, тұжырым, қорытынды
жасай алатын азаматтық дүниетанымы қалыптасқан дара тұлға
әзірлеу. Оқушылардың дара ерекшеліктерін анықтай отырып,
соған икемдей оқытудың жаңа технологиясын меңгере білген,
ынталандыра оқытумен жұмыс істей алатын ұстаздар ұжымы
ауадай қажет. Міне, осындай айқындама біздің гимназияда
қалыптасып келе жатыр деп айтуға болады. Болашақ мектеп
қандай болса, мемлекет те сондай болмақ.