Таланттар


ТЫЙЫМ САЛУМЕН ҒАНА ШЕКТЕЛУ –



Pdf көрінісі
бет237/256
Дата31.12.2021
өлшемі2,04 Mb.
#21362
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   256
Байланысты:
А.Қыраубаева. Жаным садаға. Пед.енб. 4-т.

 
ТЫЙЫМ САЛУМЕН ҒАНА ШЕКТЕЛУ – 
БІЛІМСІЗДІКТЕН 
 
Жыныстық  тәрбиені  тек  «төсек»  айналасынан  ғана  іздеу 
мәселені  тым  тарылтып  жібереді.  Қоғамдағы  әртүрлі  топтарға 
айналған тәрбие бөлек. Некеге тұрмаған жастарға, тіпті жоғары 
сыныптағы ерте есейетін  бозбала мен бойжеткендерге арналған 
тәрбиенің  жүруі  –  дұрыс  нәрсе.  Одан  қашсақ,  жақсылыққа 
апармайды. 
Бұл  мәселенің  бұрынғы  дәстүрлі  тәрбиеде  қалыптасқан 
жөн-жосығы болған. ХІ ғасырда өмір сүрген Баласағұн айтады: 
«қыз баланы өзінің иесіне тапсырғанша, бөтен  кісіге көрсетпей 
өсір.  Ертерек  күйеуге  берген,  жігітті  ертерек  үйлендірген  – 
сауап»,  –  дейді.  Жасынан  ыңғайлы  жерге  айттырылып  қойған 
қыздың  тәрбиесімен  шешелер,  әжелер,  жеңгелер  айналысқан. 
Жеңгелер институты өмірлік тәжірибеден туған, тәрбиені қызға 
сыпайы  сезімталдықпен  жеткізіп  отырған.  Жас  қосылған 
жұбайларға  екі  жақты  қамқорлық  жасалған.  «Ұрын  келу» 
салтының  да  өзіндік  мән-мағынасы  бар.  Ағайын-туғандардың 
жанашырлығының  арқасында  жастардың  ертерек  жұптасуы 
көптеген кездейсоқтықтардан сақтап отырған.  
Қазіргі  күнде  жастардың  кеш  үйленуі  табиғи  қажеттілікті 
тежеуде. Еркін қатынастарды дәріптейтін ақпараттың көп болуы, 
дәстүрлі  салт-сананың  әлсіреуі  кейінгі  кезде  біраз  мәселенің 
басын ашуда. Бұл жағдайда тіпті жоғары сынып оқушыларының 
өзіне  «Отбасы  психологиясы»  сабағының  ішінде  жыныстық 
тәрбиеге көп көңіл бөлінуі керек. Ол пәк қыздар мен жігіттерді 
кездейсоқ қылықтардан сақтайды. Алғашқы сезім, жақсы көрген 
кісінің  тағдырына  жауапкершілікпен  қарау,  үйленудің  қызығы 
мен  қиындығы,  лас  сезімге  кірленіп  қалмау,  көшедегі 


387 
 
танымайтын  еркектің  оғаш  қылықтары  –  осының  бәріне 
бойжеткен  дайын  болуы  керек.  СПИД  қалай  пайда  болады? 
Кездейсоқ  зорлыққа  ұшырап  қалғанда,  не  істеу  керек?  Қыз 
бойындағы  өзгерістер,  күтпеген  сәби.  Сезім  тұрақтылығы  не 
үшін қажет? Жеңіл жүрістен не ұтады, неден ұтылады? Отбасы 
бақыты, қыз қылығы, жар таңдай білу, оған ұнай білу тағы басқа 
толып жатқан  мәселелерді  білімді, сыпайы, жан дүниені жақсы 
түсінетін мұғалім жеткізе алса, жақсы болар еді. Ата-ана да бала 
тәрбиесіне  немқұрайды  болмағаны  жөн.  Жастар  арасындағы 
кейбір бақытсыздықтар жыныстық тәрбиенің жоқтығынан болып 
отыр. Тыйым салумен ғана шектелуге болмайды, ол – білімсіздік. 
Жастарды  біз  тәрбиелемесек,  көше  тәрбиелейді.  Ал  көше 
тәрбиесінің қандай екенін өздерің білесіңдер. Шетел фильмдерін 
телевизиядағылар  көп  тықпалайды.  Онда  дұрыс  бағыт  жоқ. 
Жыныстық  тәрбие  жөнінен  ана  тілімізде  сауатты  кітаптар 
жазылуы керек. 
 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   256




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет