Талдаудың электрохимиялық әдістері: анодты полярография. Талдаудың электрохимиялық әдістері: катодты полярография



бет2/5
Дата01.05.2023
өлшемі0,72 Mb.
#88680
1   2   3   4   5

Сонымен қатар, тамшы бетінің ауданының мардымсыз болуы электрод, яғни катодтың поляризациялануын анодқа қарағанда бірнеше есе арттырады. Ал, қосымша электрод (анод) қызметін катод бетінің ауданына қарағанда аудан беті жүз еседей үлкен, арнаулы ыдыстағы сынап (каломель, хлоркүміс) атқарады, және бұл іс жүзінде поляризацияға ұшырамайды.

Полярографиялық әдістің ерекшеліктері:


4. Бірнеше элементті ерітіндіден бөлмей анықтай алу.
3. Тәжірибе нәтижесінде дәл және нақты тіркеу аспаптарының болуы.
2. Анықталатын заттың өте аз мөлшерін жоғарғы сезгіштікпен анықтау (10-5 моль/л).
1. Анализдік анықтаудың жылдамдығы.

Әдіс электродтық процестердің механизмін зерттеу үшін, физико-химиялық тұрақтыларды анықтау үшін, ерітіндідегі кешенді қосылыстардың беріктігін, құрамын тұрақтандыру үшін және химиялық реакциялардың кинетикасын зерттеу және т.б. үшін қолданылады.

  • Әдіс электродтық процестердің механизмін зерттеу үшін, физико-химиялық тұрақтыларды анықтау үшін, ерітіндідегі кешенді қосылыстардың беріктігін, құрамын тұрақтандыру үшін және химиялық реакциялардың кинетикасын зерттеу және т.б. үшін қолданылады.

Полярограф құрылысы:

1. Полярографиялық ұяшық 2. Тамшылауыш сынап электроды 3.Вольтметр 4.Микроамперметр 5.Реостат 6.Потенциал беретін батарея

Полярографпен жұмыс істеу принципі:

  • Полярографиялық ұяшық шыны ыдыстан тұрады, оған анықталатын зат ерітілген электролит (фон ерітіндісі) құйылады және осы ерітіндіге тамшылауыш сынап электроды резина капилляр арқылы тамшылайды.
  • Полярография әдісінде сынап катоды потенциалының ток күшіне тәуелділігі зерттеледі. Бұл тәуелділік І - φ қисығымен беріледі, ол полярограмма деп аталады.

 Полярограммаларды түсіру үшін, яғни шекті диффузиялық токқа электр өрісіндегі иондардың көшіп- қону әсерін жою үшін зерттелетін ерітіндіге бейтарап электролит енгізеді. Бейтарап электролит иондары электрод бетінде тотығу- тотықсыздану өзгерісіне ұшырамайды және бұлар полярографиялық фон деп аталады.

  •  Полярограммаларды түсіру үшін, яғни шекті диффузиялық токқа электр өрісіндегі иондардың көшіп- қону әсерін жою үшін зерттелетін ерітіндіге бейтарап электролит енгізеді. Бейтарап электролит иондары электрод бетінде тотығу- тотықсыздану өзгерісіне ұшырамайды және бұлар полярографиялық фон деп аталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет