Талдықорған 2018 Әдіс-тәсілдер тізбесі



Pdf көрінісі
бет70/77
Дата18.07.2022
өлшемі1,41 Mb.
#37734
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   77
Байланысты:
249 әдіс тәсіл pdf

 
«Ұйқасын тап!» 
Ойынның мақсаты: Балаларды өлең құрастыруға баулу. 
Ойынның шарты: Өлең жолдарында айтылуға тиісті ұйқас сөздерді 
табу. 
Қайсы күні қандай сабақ, 
Қалай менің үлгерімім? 
Еш жаңылып қалмай, санап 
Жүреді ылғи … . (күнделігім) 
Ой маржанын тере білген 
Әр жазушың, әр ақының. 
Әр сөзіңді емемін мен, 
Ана сүті – … . (Ана тілім) 
Достастырып әріптермен, 
Білімге жол салып берген, 
Алдымнан шам жағып берген 
Айналайын … . («Әліппеден») 
Мекендеген портфелімді, 
Беттер аппақ, ақ көңілді. 
Қызаратын қатем үшін 
Кірлетпеймін … . (дәптерімді) 
 
 «Үлдірленген критерийлер» 
Бағалау үшін достық пиғылдағы критерийлері бар 
үлдірленген карточкалар дайындаңыз. 
«Үндеме!» 
Мұғалім барлық оқушыларды «Бірінші» және «Екінші» деп 
санап, екі топқа бөледі.Тапсырма: екі топ үндемей, тек ишарат пен 
ыммен ғана түсінісіп, туған күндері бойынша сап түзеуі керек. Саптың 
алдында 1 қаңтарда туған оқушылар тұрады да, қалғандары туған 
күндерінің реті бойынша тізіле береді. 
«Үш жақты күнделік толтыру»
Жүзеге асыру қадамдары: 
1-қадам: 
Сабақ 
тақырыбы 
айтылады, 
оқылатын 
мәтін 
таныстырылады. 
2-қадам: Мәтінді оқу барысында әрқайсысы жеке күнделік 
толтырады. 
3-қадам: Жұмыс нәтижесін жұпта, топта талқылау. 
Күнделік сол жақтан бастап толтырылады. 
 
Мәтіннен ерекше әсер 
еткен 
немесе 
ой 
салған 
дәйексөз 
келтіру 
Жеке түсінік беру: 
осы 
дәйексөзді 
жазуға не мәжбүр 
етті? Қандай ой 
тудырды? Осыған 
байланысты қандай 
сұрақ туды? 
«Мұғалімге 
хат» 

сұрақтар 
 


«Үш пікір» 
Ортаға бір тақырып тасталады. Сол тақырып 
төңірегінде әр оқушының 3 пікір айтуына мүмкіндігі бар. Ол үшін 
қолдарына 3 таяқша (шпажка, т.б. майда заттар) беріледі. Пікірлерін 
айтқан сайын қолдарындағы заттарын ортадағы коробкаға тастап 
отырады. Бұл әдіс сыныптағы оқушылардың бәрі тең дәрежеде пікір 
білдіруге мүмкіндік жасайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   77




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет