Мінездеме Елдосқызы Еркенұр 2010 жылы 5-маусымда дүниеге келген. Еркенұр отбасындағы тұңғыш бала. Өзінен кейін екі сіңілі, екі інісі бар. Отбасында төрт бала тәрбиеленіп жатыр. Көп балалы, аз қамтылған. Өз отбасы туралы толық мәлімет бере алады. Толыққанды отбасы, әкесі Амангараев Елдос Алханович Қатон қарағай Үлкен нарын ауылында бас имам болып жұмыс атқарады, қалаға келіп тұрады. Анасының есімі Ахметова Бинур, 14 шағын ауданы 5 үйде тұрады. Анасы бала күтімі бойынша үйде. Үйдің ең кенжесі Әлихан мүгедек (Дцп). Еркенұр биылғы оқу жылында жаңадан келген оқушы. Медреседе дәріс алады. Мектепте 7 «Г» сыныбында оқиды. Сабаққа өте белсене қатысады.Ұқыпты. Әлеуметтік жағдайы орташа. Сырт бейнесі өте тартымды, жарасымды. Мектеп талабына сай киінеді. Үнемі таза жүреді. Дене дамуы өзінің жасына, ортасына сәйкес келеді. Денсаулық жағдайы жақсы.
Мінезі тұйық. Көңіл күйі тұрақты. Тілалғыш бала. Қабілеті өте жақсы. Қиялы жақсы дамыған. Қызығушылығы жоғары. Ақыл-ойының дамуы жақсы. Есте сақтау қабілеті өте жақсы, қазір үйреткен нәрсені тез қабылдайды. Өз ойын ауызша жеткізе алады, сонымен қатар жазбаша жазғанда да мұқият жазады және сауатты жазады. Оқу материалын тез түсінеді және жақсы қабылдайды.
Пәндер ішінде алгебра, қазақ тілі мен әдебиеті, биология, тарих, физика, ағылшын пәндеріне қызығушылығы мол. Сабақты себепсіз босатпайды. Қойылған талаптарды қабылдайды, тәртібі мектеп ережесіне сай. Эмоциялары: мазалы, әр нәрсеге шыдамдылық таныта біледі. Үзілісте де жүгіру, шулау, қатты сөйлеу деген сияқты жаман қылықтарды көрсетпейді.
Тәртібі өте жақсы. Сыныптағы балалармен қарым - қатынасы жақсы. Сыныптағы қоғамдық жұмыстарға араласады. Қосымша үйірмелерге бармайды.