Талдықорған қаласы



бет4/7
Дата03.12.2022
өлшемі4,22 Mb.
#54568
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Марбек Талшын ЖОБА

Ілияс Жансүгіровтың еңбектері
І. Жансүгіров өлең жазуды 1912 жылы бастаған. Оның «Балдырған», «Қызыл жалау» атты өлең дәптерлері кейін, 1957 жылы Ұлттық кітапханадан табылды. Жансүгіровтың баспа бетін көрген алғашқы туындылары – «Сарыарқаға», «Тілек» деген өлеңдері. Бұлар 1917 жылы Семейде шығып тұрған «Сарыарқа» газетінде жарияланған. 1923 жылы «Сана» журналында «Мерген Бөкен» әңгімесі басылып шықты. Осыдан соң Жансүгіров өлеңдері «Тілші», «Ақжол», «Кедей еркі» газеттерінде жиі жарияланып жүрді. Осыдан былай қарай Жансүгіров халқына қаламы ұшталған, терең ойлы, талантты ақын ретінде мәшhүр болды.
Жансүгіров шығармаларының бастау алар арнасы – қазақ халқының бай ауыз әдебиеті, Абай поэзиясы, орыс және дүние жүзі әдебиетінің озық үлгілері. Оның шығармалары сан салалы, көп қырлы.

Жансүгіров халықтың бай фольклорын жинасуға, оның озық үлгілерін халық игілігіне айналдыруға, басылып кітап болып шығуына үлкен үлес қосқан. Олардың озық үлгілерін өзі жазған мектеп оқулықтары мен хрестоматияларына енгізіп, мектеп оқушыларының халықтық тарихынан, өткен өмірінен хабардар болуына зер салған. Жансүгіров әдебиет сынына да араласып, әдеби көркем сын жанрының дамуына ат салысты.



Ол А.С.Пушкиннің, М.Ю.Лермонтовтың, Н.А Некрасовтың, Максим Горькийдің, Генрих Гейне мен Виктор Гюгоның, Ғ.Тоқайдың, К.Лахутидің шығармаларын қазақ тіліне аударып, қазақ әдебиетінің әлем әдебиетімен байланысын кеңейтті. 1936 жылы А.С.Пушкиннің 100-жылдығына Ілияс Жансүгіров «Евгений Онегин» романын аударып өзінің кітабына еңгізген. Бірақ соғыс жылдары ол роман басқа кісінің атымен шығыпты. Ілияс Жансүгіров ақталғаннан кейін оның туыстары соттасып сол романды Ілияс Жансүгіров аударғанын дәлелдеді.

Ақиықақынның шығармаларының тарихи орны
Ілияс поэзиясына тән тағы бір зор ерекшелік – оның ақындық екпініндегі өзіндік үн, лирикалық леп. Не жайында, қандай күйде жырласа да, ақын шын көңілмен жырлайды. Барлық жерде ақынның жүрек сыры ақтарылып, ыстық сезім жалын атады. Оған салқындық, селқостық яки жалған сезім жат. Дарашылдық пен эстетшілдік лирикасынан Ілияс аулақ. «Кеңесті далам, кең далам», «Айдалам, Арқам, ауылым», «Асылға бай кендерім, астыққа бай жерлерім», деген өлең жолдары, жүректің тек қана таза шыңырауынан шығуы мүмкін. Ілияс поэөзиясына айрықша әр, ажар, әсерлі күш беретін де осы – жалынды лирикалық леп. Ол – оның халқын, туған жерін шексіз сүйген ең ардақты сезімі, ол – оның сол халқын бақытқа бөлеген партияға, Мәскеуге, ұлы орыс халқына деген ең асыл, ең ыстық сезімі. Оның көкірегін жарып шыққан ақындық үнінен жалған, жат мақам табу қиын.Әрине, Ілияс өлеңінің бәрі бірдей мінсіз, мүлтіксіз шыққан емес. Оның ішінде асығыс жазылған, яки сәтсіз шыққан әлсіз, жасық немесе образдары схемалы, сөзі көп, пікірі үстірт, риторикалы, нанымсыз өлеңдер де бар. Мұнда өлеңдер, әсірее ақынның алғашқы дәуірінде, әйтпесе шығарманы әлі игеріп болмаған тың тақырыпқа газет редакцияларының тапсыруымен суыт жазған реттерде туған («Қуат» пен «Жорық» поэмалары және 1931 – 1932 жылдары өндіріс, колхоз тақырыбына жазылған кейбір өлеңдері).Ақын поэзияның кең арналы эпикалық, терең сырлы лирикалық салаларында жарқырап көзге түсті де, шын халықтық, нағыз ұлттық поэзияның өрнекті үлгілерін салды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет