Талдықорған қаласы І.Жансүгіров атындағы университеті Жобаны құрастырған: Ақпараттық жүйелер архитектор мамандығының бірінші курс студенті Марбек Талшын Сакенкызы Тақырыбы:
Іші алтын, сырты күміс сөз қалдырған...
Бағыты:"Ілияс шығармашылығының әдебиетте алатын орнын дәріптеу"
Пәні: Ілиястану
Аннотация
Бұл жобада оқырман Ілияс Жансүгіровтың шығармашылығын біліп қана қоймай,оның әдебиеттегі орнымен танысады.Сонымен қатар Ілияс поэзиясына тән ерекшеліктеріменде сусындайды.
Мазмұны
1. Кіріспе
2.Ілияс Жансүгіров қысқаша өмірбаяны
3. Ілияс Жансүгіровтыңбілім алу кезеңі
4.Ілияс Жансүгіровтың еңбектері
5. Ақиық ақынның шығармаларының тарихи орны
6. Ақынның лирикалық өлеңдері мен сатиралары
7.Ілияс шығармашылығының көп қырлылығы
8. Жазушының қазақ әдебиетіндегі орны
9. Қазақ құлагерінің қуғын сүргінге ілінуі
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі:Ілияс Жансүгіров – ақын, драмашы, прозашы, оның поэзиясы ұлттық әдебиеттің классикалық байлығының қатарына жатады. Ақынның терең идеялы, көркем мүсінді, эпикалық кең тынысты шығармаларының танымдық, тәрбиелік мәні зор.Олар қалың оқырманның ойына ой, сезіміне сезім қосады, қиялына қанат бітіреді, эстетикалық ләззат беріп, гуманистік адамгершілік идеяларды толғайды. Міне сондықтан Ілиясты "Іші алтын, сырты күміс сөз қалдырған..."жазушы ретінде танып білуіміз керек.
Жұмыстың мақсаты: Қазақ жастарының болашағына көп еңбек сіңірген жазушының өмір тарихымен танысу.
Жұмыстың міндеттері:Осы мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттер қойылады:
-Ілияс Жансүгіровтың өмірбаянынымен танысу;
-Ілистың отбасы яғни жары мен балалары туралы мәлімет алу;
-Ақын шығармашылығымен танысу;
-Ақынның ұрпақтарының осы заманда Ілиястың атын өшірмегенін дәлелдеу;
Жұмыстың құрылымы:Зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі мазмұнын ашатын бірнеше мәселеден, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.