§28. Жалпы түсінік
Етістікті сөз тіркесінің грамматикалық діңгегі етістік болады
да, соның негізінде басқа сөздер етістіктің маңына топтанады.
Сөз таптарының қайсысымен салыстырсақ та, етістіктердің сөз
тіркесін құру қабілетінің молдығын байқаймыз. Етістіктер мен
есімдердің барлық түрлері, сондай-ақ үстеулер, көсемшелер, шы-
598
Қазіргі қазақ тілі
лаулы есімдер тіркесе алады. Алайда бұл сөздердің етістіктермен
тіркесу дəрежесі, тіркесу тəсілдері мен формалары, сол сияқты
мағыналық қатынастары да əртүрлі болып отырады. Толып жатқан
есім сөздер етістіктермен ешбір қосымшасыз тіркеседі. Бұл ретте
етістіктер мен есімдердің өзара байланысу түрі қабысу болады.
Етістікті сөз тіркестерінің енді бір тобы есімдердің барыс, табыс,
жатыс, шығыс, көмектес жалғаулары арқылы салт жəне сабақты
етістіктермен м е ң г е р і л е байланысады.
Қазақ тіліндегі етістіктердің басқа сөздермен байланысуы-
ның осы ерекшелігіне қарай етістікті сөз тіркестері:
1) қ а б ы с а б а й л а н ы с қ а н е т і с т і к т і с ө з т і р к е с т е р і ;
2) м е ң г е р і л е б а й л а н ы с қ а н е т і с т і к т і с ө з т і р к е с т е р і
дейтін екі топқа бөлінеді. Етістікті сөз тіркестері демеуліктер
мен көмекші есімдердің қатысуы арқылы да құралады. Бұларды
меңгеріле байланысқан сөз тіркестерінің құрамында қараймыз.
Сөз тіркестерінің бұл көрсетілген топтары бұдан əрі де
бірнешеге таралып кетеді.
Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестері
Қабыса байланысқан етістікті сөз тіркестерінің құрамы əр-
түрлі болады. Етістіктермен қабыса байланысатын сөздер: үстеу-
лер, еліктеуіш сөздер, көсемшелер, сын есімдер, сан есімдер,
жалғаусыз зат есімдер. Есімдіктердің ішінде тек сұрау есім-
діктері ғана етістіктермен қабысу жолымен қалай оқиды? қа-
шан келеді? не алды тəріздес сөз тіркестерін құрайды. Қ а б ы -
с а б а й л а н ы с қ а н етістікті сөз тіркестері бағыныңқы сыңар-
дың ыңғайына қарай: 1) ү с т е у л і с ө з т і р к е с т е р і ; 2) е л і к -
т е у і ш с ө з д і с ө з т і р к е с т е р і ; 3) к ө с е м ш е л і с ө з т і р -
к е с т е р і ; 4) с ы н е с і м д і с ө з т і р к е с т е р і ; 5) с а н е с і м д і
с ө з т і р к е с т е р і ; 6) з а т е с і м д і с ө з т і р к е с т е р і деген алты
топқа бөлінеді.
§29. Үстеулі сөз тіркестері
Үстеулерді қимыл процесімен байланыста айтылатын сөздер
деп қараймыз, сондықтан оларды етістіктермен тіркесу үшін
қолданылатын сөздер деуге болады. Үстеулер етістіктердің ал-
599
Қазіргі қазақ тілі
дында қабыса байланыста өте жиі кездесетіндіктен, ондай сөз
тіркестеріне ерекше назар аудару керек. Үстеулер етістікті сөз
тіркестерінің құрамында пысықтауыштық қатынаста, мезгіл, ме-
кен, себеп, мақсат, т.б. мағыналарда жұмсалады.
Мұндай сөз тіркестерін екі топқа бөлген жөн: а) негізгі үстеулер
қатысты сөз тіркестері; ə) туынды үстеулер қатысты сөз тіркестері.
Н е г і з г і ү с т е у л е р қ а т ы с т ы с ө з т і р к е с т е р і . Негізгі
үстеулер деп қазіргі кезде морфологиялық тұрғыдан бөліп-жаруға
келмейтін үстеулерді айтамыз (кеше, қазір, енді, жаңа, ертең).
Бұл топқа, тарихи тұрғыдан қарағанда, екі сөздің бірігу жолы-
мен құралған сөздер, мысалы, бүгін (бұл+күн), биыл (бұл+жыл),
қосарлы оқта-текте, жол-жөнекей, жалма-жан тəрізді үстеулер
де жатқызылады. Негізгі үстеулер мен етістіктерден құралған сөз
тіркестері мынадай мағыналарда жұмсалады:
М е з г і л д і к . Бұл мағынаны білдіру үшін мезгіл үстеулері
етістікті сөз тіркестерінің құрамында жиі қолданылады. Қазіргі
қазақ тілінде мезгіл үстеуі тіркеспейтін бірде-бір етістік жоқ деу-
ге болады. Оның себебі мынада: етістіктің шақты білдіруі – оның
басты қасиетінің бірі. Үш шақтың бірінде айтылған етістіктің сол
шақтық мағынасын дəлдеп, айқындай, толықтай түсетін сөз –
мезгіл үстеулері.
Етістіктермен қабыса байланысатын мезгіл үстеулерінің сөз
тіркестері құрамындағы орын тəртібі еркін болады. Мезгіл үстеуі
етістікпен қатар тұрып та, арасына сөз салып тұрып та байланыса
береді. Өйткені мезгіл үстеулері сөйлемнің қай жерінде тұрмасын,
тек өздері қатысты етістіктермен ғана тіркесе алады, сын есім,
сан есім, есімшелер сияқты қай сөздің алдында тұрса, сол сөзге
қатысты болып қалмайды. Сондықтан кеше келді, жаңа білдім
тəрізді сөз тіркестерінің арасына есімдер қойып, үстеуді етістіктен
қашықтатуға болады: Кеше қарындасым қаладан келді. Жаңа
ғана жолаушылар атқа мінді. Ертең ол да Қарқаралыға жүрмек
(М.Əуезов).
Мезгіл үстеулерінің етістікпен тіркесіндегі мезгілдік
мағыналары əртүрлі болады. Мысалы, бүгін, кешке, кеше, ерте,
кеш, ертең, бүрсігүні, алдыңғы күні, таңертең, күндіз, түнде,
күндіз-түні, ертеңінде, ерте, ертемен тəрізді мезгіл үстеулері
қатысқан етістікті сөз тіркестері бір тəулік ішіндегі мезгілдің
кезеңдерін білдіреді:
600
Қазіргі қазақ тілі
Гудок бүгін бұрынғысынан ұзағырақ айқайлаған тəрізді
(М.Горький). Мен кеше Щербаковпен сөйлестім (Ғ.Мұстафин).
Ерте туып, кеш қалған (Мақал). Қожаш кеш келіп, ерте кетуші
еді (С.Көбеев). Ол күндіз де, түнде де ағаштарды өсірудің қамын
ойлады (А.Барагин). Керуен тартып, шұбатып, Астық тиеп
күндіз-түн (Ж.Саин). Жиренше таңертең Құнанбай аулына бір
əдемі тарғыл тазы ертіп келді (М.Əуезов).
Биыл, былтыр, жылда, жылма-жыл, қысы-жазы, күзде тəрізді
үстеулер қатысты сөз тіркестері ж ы л м е з г і л і к е з е ң д е р і н
көрсетеді.
Жеңіп ем былтыр ғана Арғынбайды,
Осы үйде домбырасы даңғырлайды.
Жылда осылайша... Бірнеше айды бірге өткізуші еді
(М.Əуезов).
Жаңа, енді, əуелі, енді-енді алдымен үстеулері етістіктермен
тіркесіп, істің алғашқы кезеңін білдіреді.
Біз жаңа соның себебін біліп келдік (М.Иманжанов). Өйткені
келген почтаны алдымен өзі тексереді («Жұлдыз» журналынан).
Ұдайы, үнемі, ылғи, ұзаққа үстеулері етістікті сөз тіркестерінің
құрамында жұмсалып, істің с о з ы л у м е р з і м і н білдіреді:
Бұл екі ауылдың арасында мұндай қақтығыс ұдайы болып
тұрады. Тары əңгімесі ұзаққа созылды (Ғ.Мүсірепов).
Лезде, қазір, тез, шапшаң, қайта, қайта-қайта, əрқашан, дем
арасында үстеулері етістіктермен мезгілдік қатынасқа түсіп, істің
шапшаң қайталану кезеңін немесе дүркінділік ыңғайын білдіреді:
Сен
немене,
Қайрақтыңа
қайта
қайтпақпысың?
(Ғ.Мүсірепов). Лезде ол қайта оралып, от тамызды (Ғ.Сланов). Біз
сол сұлу шоғырға тез жетуге аса құмартып келеміз (Қ.Бекхожин).
М е к е н д і к . Іс-əрекеттің қайда болғанын білдіру – етістікті
сөз тіркесінің арнаулы қызметінің бірі. Сондықтан мекен үстеулері
етістіктермен жиі кездеседі де, олар к ө л е м д і к қ а т ы н а с т а
жұмсалады:
Арасында құлын-тай, айнала шауып бұлтылдап, Жоғары-
төмен үйрек, қаз ұшып тұрса сымпылдап (Абай). Ол күлімсіреп
төмен қарады (С.Мұқанов). Айнадай төңкерілген, үстінде аспан,
төменде көк толқындар көбік шашқан (Т.Жароков). Полк ілгері
жүріп кетті (Ғ.Мүсірепов). Мəстек мінген əрі жүр, жүйрік мінген
601
Қазіргі қазақ тілі
бері тұр (Жамбыл). Ауылға баратын жол біресе олай, біресе бы-
лай кетеді. Кеме ақырын ғана кейін шегініп барады. Божышы
аттың басын кері бұрады (М.Иманжанов). Жүністің Қарагері
мен бір торы ат қатар келе жатыр (С.Көбеев).
А м а л . Мұндай сөз тіркестері пысықтауыштық қатынаста істің
əртүрлі істелу амалын, тəсілін білдіреді. Мысалы, тез, тез-тез,
шапшаң, ақырын, əрең, жай, қатты, жалма-жан, кілт, жалт
сияқты үстеулер етістіктермен тіркесіп, істің қ а р қ ы н ы н , д а м у
д ə р е ж е с і н көрсетеді: Поезд тез жүріп келеді (С.Мұқанов).
Байжанның əр сөзінің артынан аялдауға əрең шыдап, тағы да
тез-тез қайталап жіберді (Ғ.Мүсірепов). Ол ақырын ғана жол
үстіне қисайып отыра кетті де, қайта тұрды (Ғ.Мүсірепов).
Абай ақырын аяңдап, əкесінің үйіне келді (М.Əуезов). Біреулер
қатты-қатты қарқылдап, біреулер ақырын ғана ыржияды
(Ғ.Мұстафин). Мұрат жалма-жан қалтасындағы 20 тиынды
алды ... артынша кілт тұрып қалды (М.Иманжанов).
Кенеттен, етпетінен, шалқасынан, қолма-қол, көзбе-көз,
тікелей, зорға, əрең, босқа, əбден тəрізді сын-қимыл үстеулері
етістікті сөз тіркестерінің құрамында қ и м ы л д ы ң б о л у
т ə с і л д е р і н білдіреді. Мысалы: кенеттен шыға келу, етпетінен
құлау, қолма-қол беру, көзбе-көз сөйлесу. Байжан əбден ұзап кет-
кен соң, əйел де үйге қарай беттеді (Ғ.Мүсірепов). Шойынқұлақтың
кірпігі əрең қимылдайды («Ер Төстік»).
Көп, аз, талай, бірталай, анағұрлым, мұнша, бастан-аяқ,
біржолата тəрізді сан-мөлшер үстеулері етістіктермен тіркесіп,
анықтауыштық-пысықтауыштық қатынасқа түседі.
Қожаш бастан-аяқ барлық сырын айтты. Ертең біржолата
қайтамыз (С.Көбеев).
Үстеулер кейде күрделі болып келеді:
Келесі жылы құрғақшылық болса қайттің? (Ж.Тілеков).
Алдыңғы күні ақтар Фортқа жақындап қалған (В.Вишневский).
Əбіш келер жылы оқуын тамамдап қайтатынын айтты
(М.Əуезов).
Т у ы н д ы ү с т е у л е р қ а т ы с т ы с ө з т і р к е с т е р і . Басқа
есім сөздерге – -ша//-ше, -дай//-дей, -сыз//-сіз, т.б. аффик-
стер жалғану арқылы туынды үстеулер жасалатыны белгілі. Ол
аффикстердің соңғы екеуі қатыстық сын есімдер жасап, сөйлем
602
Қазіргі қазақ тілі
құрамында пысықтауыш мүшелердің де қызметін атқара береді.
Қатыстық сын есімдер ондайда үстеуге айналып кетпейді. Ондай
тұлғадағы үстеуге айналған сөздер көбінесе етістіктермен тіркесте
жұмсалады.
Туынды үстеулер мен етістіктен құралған сөз тіркестері əртүрлі
а н ы қ т а у ы ш т ы қ - п ы с ы қ т а у ы ш т ы қ
қ а т ы н а с т а р д а
жұмсалады: -ша//-ше қосымшалы үстеулермен (биылша, бүгінше,
қазірше, ізінше, артынша) келген сөз тіркестері қимылдың əртүрлі
мезгілдік кезеңдерін білдіреді. Бұл үшін ол үстеулер көбінесе
қимыл етістіктерімен тіркеседі: биылша барма, бүгінше тоқтай
тұр, əзірше жүрмеймін, ізінше кейін қайт, артынша қарадым.
Қабашбай, ізінше қалаға тарт (Ғ.Сланов). Бүгінше демал,
ертең Қызылжарға аттанатын бол! (Ж.Тілеков). Бүгінше жат-
сын осы кухняда (С.Мұқанов).
-ша//-ше тұлғалы жанды зат есімдерден жасалған үстеулер салт
етістіктермен тіркесіп, сол заттарға тəн істің тəсілдерін білдіреді.
Мысалы, боташа боздау, өгізше өкіру, қазақша сөйлеу, ерлерше
күресу.
Олар пештің үстінде отырып қазақша кеңесті (С.Мұқанов).
Уа, ендеше осылай... өзгеше бір ерлерше қуанайық! (М.Əуезов).
Ескі бише отырман бос мақалдап, ескі ақынша мал үшін тұрман
зарлап (Абай).
Барынша, көбінше (көбінесе) тəріздес үстеулер қатысты
етістікті сөз тіркестері істің с а н - м ө л ш е р л і к жəне с а л ы с т ы р -
м а м е з г і л д і к дəрежесін білдіру үшін жұмсалады: көбінше үйде
боламын, барынша табыс етті, осынша күттірді.
Қоғамның материалдық, мəдени қажеттерін барынша
қанағаттандыру керек (Газеттен). Бүгін қал деп осыншама
өтінсем де, қалмады. Оны күндіз барынша күтеді (М.Əуезов). Ел
қайратты деген Тілеудің осыншама егілгені несі?! (Ғ.Сланов).
Құнанбай оншама шіміркенген жоқ-ты (М.Əуезов).
Кейде -ған тұлғалы есімшелер де -ша//-ше жұрнағын қабылдап,
мезгіл үстеулеріне айналады. Ал мұндай үстеулер көбінесе өзі
меңгеретін есім сөзбен бір тіркесте қолданылады да, осы күйінде
тұтасымен етістікке қатысты болады. Айтыс Ойылға жеткенше
басылмады (Ғ.Мұстафин). Менің мектебіме түс. Қолымнан
келгенше қарасып көрейін (Ғ.Сланов).
603
Қазіргі қазақ тілі
-дай//-дей, -сыз//-сіз аффикстерін жалғау арқылы есімдерден
жасалған үстеулер сирек кездеседі. Дегенмен мұндай үстеулер
етістікті сөз тіркестерінің құрамында жиі қолданылады. Зат
есімдер мен -ған тұлғалы есімшелерге -дай//-дей жұрнақтары
жалғану арқылы жасалған үстеулер салт етістіктермен жəне сирек
болса да, сабақты етістіктермен тіркесіп, қимылдың с а л ы с т ы р -
м а л ы с а п а с ы н білдіреді. Мысалы: бұлбұлдай сайрау, көріктей
көтерілу, сүліктей сору, шыбықтай бұраңдау, безгек болғандай
қалтырау.
Кеудем көріктей көтерілді (Ғ.Мүсірепов). Нəзік бел тал
шыбықтай бұраңдайды (Абай). Ол мені танымағандай бетіме
қайта-қайта қарады (С.Шаймерденов). Қонақтың ұйқысы шай-
дай ашылды (Ғ.Мұстафин).
-сыз//-сіз тұлғалы үстеулер мен етістіктен құралған сөз
тіркестері қимылдың, іс-əрекеттің əртүрлі а м а л ы н , к ү й і н
білдіреді. Мысалы: орынсыз сөйлеу, еріксіз күлу, үздіксіз көбею.
Василий Антонович еріксіз күліп жіберді (Ғ.Мұстафин).
Кітапханалардың саны да үздіксіз көбейіп келеді («Қазақ
əдебиеті»). Итбайдың жазықсыздан-жазықсыз Амантайды бір
сабатқаны бар еді. Мынау Сырдария сияқты мол судың ауылдың
тұсынан пайдасыз ағып жатуы өз денесінің қаны төгіліп жату-
дан кем батпайтын еді (С.Мұқанов). Кейбіреу жайдары, ашық
боламын деп, орынсыз адамдармен жыртақтаған (Абай).
§30. Еліктеуіш сөзді сөз тіркестер
Еліктеуіш сөздер – өзіндік ерекшеліктері бар сөз табының бірі.
Еліктеуіш сөздер қазіргі қазақ тілінде көбінесе көмекші не негізгі
етістіктермен тіркескен синтаксистік құрамда қолданылады. Мы-
салы: (мылтық) тырс етті, (жарық) жылт етті, (арба) кілт
тоқтады, (бала) жалт қарады.
Етістікті сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары қызметінде
жұмсалатын еліктеуіш сөздер етістіктерді мəнерлі түрде еліктеу
тұрғысынан сипаттайды. Оның ішінде бір буынды еліктеуіш
сөздері бар тіркестер қимыл-əрекеттің ш а п ш а ң д ы қ қ а р қ ы н ы н
меңзейді. Мысалы: жалт-жалт қарау, бұрқ-бұрқ қайнау, тарс-
тарс соғу. Сонда олардың мағыналары кісінің көру не істеу
604
Қазіргі қазақ тілі
сезіміне үйлесімді болып, кейде дыбысқа еліктеуді, кейде қимылға
тəн əрекеттің көріну амалын білдіреді. Олардың бұл мағыналары
белгілі етістіктермен не етістіктер тобымен тіркесте анық
ұғынылады, етістіктердің мағыналарына қосақтаулы болады. Сон-
да да ондай тіркестердің құрамындағы еліктеуіш сөздер өздерінің
лексикалық та, грамматикалық та дербестігін жоғалтпайды. Оның
үстіне, еліктеуіш сөздердің тіркестік топ құра алатын етістіктері
белгілі ғана сөздер. Ол еліктеуіш сөздер бірнеше ғана болуы
мүмкін. Мысалы: қарқ-қарқ күлу, сақ-сақ күлу, сылқ-сылқ күлу,
мырс-мырс күлу.
Еліктеуіш сөздер қуану, сағыну, түсіну тəрізді адамның
ішкі күйін білдіретін етістіктермен тіркеспейді. Олар көбінесе
қимылды немесе заттың əрекетін білдіретін салт етістіктермен
тіркеседі. Мысалы: жалт бұрылу, кілт тоқтау, зыр айналу, күрс
жарылу, морт сыну, жалт-жалт қарау, тырс-тырс соғу, бұрқ-
бұрқ қайнау.
Самолет гүрс жарылып, от жайылып жүре берді. Үйдің
қабырғасында тырс-тырс соққан үлкен қабырға сағаттың ды-
бысы анық естіліп түр. Жанат сылқ-сылқ күліп жіберді. Ах-
мет қарқ-қарқ күлді. Алма сақ-сақ күліп жіберді (Ғ.Мұстафин).
Колхоздың қара сабалары гүмп-гүмп пісілді (Ғ.Мүсірепов).
Мылтық даусы гүрс-гүрс шықты (Ғ.Сланов).
Бір буынды еліктеуіш сөздер сирек қолданылады. Оның үстіне,
мұндай еліктеуіш сөздердің əрқайсысы белгілі бір етістіктермен
ғана тіркесе алады. Мысалы, шыр сөзі айналу етістігімен ғана,
кілт сөзі тоқтау, бұрылу етістіктерімен, жалт сөзі қарау, бұрылу,
беру сөздерімен, қарс сөзі айырылу, жарылу етістіктерімен жəне
морт сөзі сыну сөзімен, ал зыр сөзі жүгіру, айналу етістіктерімен
тіркесе алады.
Қос сөзді еліктеуіштер етістікті тіркестердің құрамында жиі
қолданылады. Осымен байланысты мына бір жайды ескерген жөн:
кез келген бір буынды еліктеуішті қосарлап айтуға болады (мыса-
лы, гүрс-гүрс, жалт-жалт).
Граната гүрс-гүрс жарылды (Ғ.Мүсірепов). Жанəбіл қарқ-
қарқ күлді (Ғ.Мұстафин). Аспан салдыр-гүлдір құлап келе
жатқандай болды (Ғ.Мүсірепов). Аяқ бассаң (ол жердің) сортаң
суы шып-шып шығып жатады (Ə.Сəрсенбаев).
605
Қазіргі қазақ тілі
Еліктеуіш сөздерге етіп, еткізіп түбірлес көмекші етістіктердің
жалғасуы арқылы олардың негізгі етістіктермен тіркесу
қабілеті арта түседі. Бұл жағдайда да ондай сөз тіркестері амал
пысықтауыштық қатынаста жұмсалады.
Мария апайдан басқаның бəрі де мырс етіп күліп жіберді.
Қара теңіз бұрқ-бұрқ етіп қайнап жатқандай. Əлдеқайдағы
біздің екі көк қырғи жарқ етіп көрінді. Құлағыма дүрс-дүрс етіп
аспан жүрегінің соққаны естіледі. Оқтардың гүрс етіп түсіп,
гүр етіп жарыла бастағаны естіле бастады. Семен бір темір
қалпақты сақ еткізіп төбеден ұрып жіберді (Ғ.Мүсірепов).
§31. Көсемшелі сөз тіркестері
Көсемшелер – синтаксистік қызметі жағынан етістіктің үстеуге
ұқсас бір түрі. Олар жіктік жалғауларын қабылдап, көсемшелік
қасиетін жойып ала береді, бірақ көсемше тұлғаларында оқшау
тұрып, күрделі мүшенің, мысалы, баяндауыштың құрамында, со-
нымен қатар толық мағыналы сөз ретінде етістікпен қабыса байла-
нысып пысықтауыштық қатынаста да айтылады.
Соңғы екі жағдайда да көсемшелік тұлғалар бір етіс-
тікті екінші етістікке бағынышты ететін қосымша қызметінде
жұмсалады. Солай болғандықтан, көсемшелер тек етістіктерге
қатысты болып, тек етістіктермен ғана тіркесе алады. Олардың
етістіктермен тіркесу қасиетін мынадан көруге болады: етіс-
тіктердің модальдық, шақтық, т.б. мағыналарын түрлендіру үшін
немесе əртүрлі пысықтауыштық қатынаста жұмсалу үшін етіс-
тіктер көсемше тұлғалары арқылы бірінің үстіне бірі жамалып,
өзара қат-қабаттала береді. Мысалы: асықпай оқыды – асықпай
оқып отыр еді – асықпай оқып кетіп бара жатыр еді; осылардың
ішінде тек асықпай сөзі ғана пысықтауыш мүше қызметінде дер-
бес қолданылған да, қалған көсемшелер тұтас бір түйдекті тіркес
құраған. Кейде осы тəрізді қат-қабатталудың нəтижесінде бір
сөйлем мүшесі қызметінде жұмсалатын тіркес құрамында бес
етістік, ал екі түрлі сөйлем мүшесінің қызметін атқара алатын
тіркестер құрамында одан да көп етістік болады. Мысал үшін мына
төмендегі тіркестерге назар аударайық: 1. Жүгіріп кету, жүгіріп
кетіп бара жатыр, жүгіріп кетіп бара жатыр еді. 2. Асықпай
оқып отыр, асықпай оқып отыра береді. 3. Асығып оқып кетіп
606
Қазіргі қазақ тілі
бара жатып, сүрініп кетіп жығылып қала жаздап еді. Соңғы
мысалда 11 сөз бар. Бұлар мынадай синтаксистік топтар құраған:
соңғы төрт сөз баяндауыш қызметінде (жығылып қала жаздап
еді), қалған үш топ əртүрлі пысықтауыш қызметінде айтылған:
1) асығып оқу; 2) оқып кетіп бара жатып сүріну; 3) сүрініп кетіп
жығылу.
Мұндай мысалдар қазақ тіліндегі көсемшелердің етістікті
сөз тіркестерін құрауда ерекше икемділігі барлығын дəлелдейді.
Көсемшелер таза етістікті сөз тіркестерінің көп кездесетін топтарын
құрайды. Кез келген негізгі етістік мұндай сөз тіркесі құрамында
не бағыныңқы, не басыңқы сыңар қызметінде жұмсала алады.
Мысал үшін мына сөз тіркестерінің құрамына көз жіберейік: қуып
жету, қуып жетіп озу, түсініп сөйлеу. Бұл мысалдағы бағыныңқы
көсемшелерді мына мысалдағыдай басыңқы етіп айтуға болады:
ойқастата қуу, бастырмалата қуып жету, оқып түсіну.
Көсемшелердің етістіктермен тіркесуі олардың тұлғасы мен
мағыналық үйлесіміне байланысты болады. Мысалы, сөйлеу
етістігімен кісінің ішкі, сыртқы күйін білдіретін көсемшелер ғана
тіркесе алады: ашуланып сөйлеу, ызаланып сөйлеу, күлімсіреп
сөйлеу, қылмыңдай сөйлеу, қызараңдап сөйлеу, қутыңдап сөйлеу,
күле сөйлеу, күліп сөйлеу, қылымси сөйлеу, назданып сөйлеу, біліп
сөйлеу, түсініп сөйлеу, жақтырмай сөйлеу, ұнатпай сөйлеу, сас-
пай сөйлеу, қорқып сөйлеу, отырып сөйлеу, қырылдап сөйлеу,
ентігіп сөйлеу, т.б.
Осы келтірілген мысалдардан көсемшелер мен етістіктерден
құралатын сөз тіркестерінің аясы кең екенін аңғаруға болады.
Бұдан кез келген көсемшені кез келген етістікпен тіркестіре салуға
болады деген түсінік болмауы керек. Мысалы, ентіге жүгіру,
асыға жүгіру, таяқ ала жүгіру, ақсаңдай жүгіру – əбден табиғи
байланыстағы жарасымды тіркестер. Ал жүгіру етістігімен сызы-
лып, жүре көсемшелерін тіркестіру оғаш болар еді.
Етістікті сөз тіркестерінің бағыныңқы сыңары қызметінде
көсемшелер барлық тұлғада бірдей жұмсалмайды. Бұл қызметте
-ып//-іп//-п тұлғалы көсемшелердің болымды түрі жиі жұмсалады
да, -а//-е//-й тұлғалы көсемшелер сиректеу, ал -ғалы//-гелі,
-қалы//-келі тұлғалары одан гөрі сирек кездеседі.
Көсемшелі сөз тіркестері п ы с ы қ т а у ы ш т ы қ қатынастарды,
атап айтқанда, қ и м ы л д ы ң а м а л ы н , м е з г і л і н жəне м а қ -
607
Қазіргі қазақ тілі
с а т ы н білдіреді. Сонда көсемшелер етістіктің кему процесін
білдіретін сөздердің қимылдық сапасы ретінде жұмсалады. Ол
үшін көсемшенің кез келген тұлғасының бірін жұмсаса болады
деп қарау дұрыс емес. Бұлардың əрқайсысының өзіне ғана тəн
ерекшеліктері барлығын сөз тіркесі құрамында анық байқауға бо-
лады.
-ып//-іп//-п тұлғалы көсемшелер а м а л п ы с ы қ т а у ы ш қыз-
метінде көбінесе салт етістіктермен тіркеседі.
Амантай орнынан ұшып тұрды (Ғ.Мұстафин). (Ғайша)
шешесінің қасына сызылып қана отырды (С.Көбеев). Жолдың
үстінде жалғыз қара сопайып көрінеді (Ғ.Мүсірепов). Бір қоянды
бір тазы бастырмалатып қуып келе жатыр екен (С.Ерубаев).
Əр жерде ақырын шұлғып балықшы кемелері жүр (Ғ.Мүсірепов).
Жүрегі алып ұшып, үрейленіп Құрымбай отыр (Б.Майлин).
Дегенмен -ып//-іп//-п тұлғалы көсемшелер сабақты етістік-
термен де тіркеседі. Мысалы:
Əйгерім əнін Абай мүлгіп тыңдады (М.Əуезов). Қара құс ба-
сып жейді, сұңқар құс шашып жейді (Мақал).
-ып//-іп//-п тұлғалы көсемшелер өздеріне қ а т ы с т ы
е с і м д е р м е н бірге к ү р д е л і сөз тіркесінің құрамында да
қимылдың амалын, мақсатын, т.б. білдіреді:
Қаланың солтүстік жағында ... нардай шөгіп бір тау жа-
тыр (Ғ.Мұстафин). Кісілер салқындайық деп далаға шықты
(С.Көбеев). Батальон командирі бізге қайт деп əмір етті. Пісіп
қалған алма мен өрік топ-топ етіп үзіліп түседі (Ғ.Мүсірепов).
Қыз-келіншек үй тігер, бұрала басып, былқылдап (Абай).
-а//-е тұлғалы көсемшелер мен етістіктерден құралған сөз
тіркестері қимылдың а м а л ы н , т ə с і л і н барынша а й қ ы н түрде
хабарлайды.
Лиза Рахметке қадала қарады (С.Ерубаев). Жақсылық оған
күле қарайды (Ғ.Сланов). (Ол) қуаныш ете қарап отыр (М.Əуе-
зов).
Кейде -ғалы//-гелі, -қалы//-келі жəне - а//-е тұлғалы көсем-
шелер өздеріне қатысты болатын есімдермен бірге сөз тіркесінің
құрамында қимылдың м а қ с а т ы н білдіреді:
Айғырды Шығайбай үйірге салғалы... құлын алғалы алыс-
тағы елден алдырыпты (Алдар Көсе əңгімелері). Базаралы
Құнанбайға сəлем бере келген-ді... (М.Əуезов). Достық білдір-
608
Қазіргі қазақ тілі
гелі келдік, – деді Қожекең (Ғ.Мүсірепов). Сен маған сəлем бере
келген шығарсың? (М.Əуезов).
-ғалы//-гелі, -қалы//-келі жəне - а//-е тұлғалы көсемшелер-
мен келген тіркестер күрделі не үйірлі мүше қызметінде мезгілдік
қатынаста жұмсалады:
Ел жата Олжабек көше жөнелген (Ғ.Мұстафин). Осы сəлемді
ести сала Базаралы атқа мінген (М.Əуезов).
Қос сөз түрінде келген көсемшелер етістіктермен тіркесіп,
қимылдың дүркінділігін, созыңқылығын білдіреді:
Сөйлей-сөйлей шешен боларсың (Мақал). Ұрыны ұрып-
ұрып үйден қуып жіберіпті (Алдар Көсе əңгімелері). (Ол) ...
тəтті талқанды аузын толтыра-толтыра асады (Ғ.Мұстафин).
Сары тазы енді таңғалып тұрып-тұрып, ақырында Абай ұзап
кете бастаса, тынышсызданып, үре бастайды (М.Əуезов).
Бұлардың барлығы көсемшелердің мағыналық жағынан да,
тұлғалық жағынан да етістіктермен қ а б ы с у жолымен тіркесіп,
етістікті сөз тіркестерінің ең көп таралған тобын құрайтындығын
дəлелдейді.
Достарыңызбен бөлісу: |