ХАЛЫҚАРАЛЫҚ «ҚАЗАҚ ТІЛІ» ҚОҒАМЫ
ТАЛҒАТ
САЙРАМБАЕВ
АЗА
ТІЛ БІЛІМІНІ
МӘСЕЛЕЛЕРІ
Алматы
2014
УДК 811.512.122
ББК 81.2 Қаз
С 16
Қазақстан Республикасы Мəдениет министрлігі
Тіл комитетінің тапсырысы бойынша
«Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың
2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы»
аясында шығарылды
Сайрамбаев Т.
Қазақ тіл білімінің мəселелері / Құраст.: ф.ғ.д. Ғ. Əнес жəне
К. Шаймерденова. – Алматы: «Абзал-Ай» баспасы, 2014. –
640 бет.
ISBN 978-601-7172-40-4
Филология ғылымдарының докторы, профессор Талғат Сайрамбаев
(1937–2009) қазақ тіл білімі синтаксисінің өзекті саласы – сөз тіркесінің
қалыптасу кезеңдері, даму тарихы жəне тілдік қолданыстағы өзіндік
ерекшеліктерін жан-жақты зерттеген бірден-бір жетекші ғалым. Оның
еңбектерінде сөз тіркестерінің түрлері, байланысу тəсілдері, сөйлемдегі
сөздердің бір-бірімен үйлесімді тіркес құрау заңдылықтары баяндалады.
Сондай-ақ орыс тіл білімі мен түркітану синтаксис мамандарының осы
мəселеге қатысты пікірлері, оның қазақ тіл біліміндегі сөз тіркесіне ықпалды
тұстары талданып көрсетіледі.
Қазақ тіліндегі сөз тіркесі саласы бойынша кез келген сұраққа жауап
табуға болатын зерттеуші еңбегі тілші ғалымдарға, тіл үйретуші мамандарға
жəне көпшілік тіл жанашырларына арналады.
УДК 811.512.122
ББК81.2 Қаз
ISBN 978-601-7172-40-4
© Сайрамбаев Т., 2014
© «Абзал-Ай», 2014
С 16
АЛҒЫ СӨЗ
М. Əуезов атындағы Шымкент пединститутының филология
факультетін үздік бітірген Т. Сайрамбаевтың ғылым жолына
түсу сапары Қазақстан Ұлттық Ғылым академиясының Тіл білімі
институтының аспиранты болып, осы қара шаңырақта профес-
сор Мəулен Балақаевқа шəкірт болуынан басталады. Ғалымның
ғылыми-педагогикалық еңбек жолы негізінен əл-Фараби атындағы
Қазақ Ұлттық университетінде (1971–2009) өтті. Жоғары
оқу орнындағы оқытушылық қадамы Қызылорда қаласындағы
қазіргі Қорқыт Ата университетінен (1965–1971) басталған
болатын. Алматыда өз алдына шаңырақ көтерген «Қайнар»
университетінде де (2004–2009) қосымша профессорлық лауа-
зымда қызмет атқарды.
Талғат Сайрамбайұлының шығармашылық жолына келсек, ең
басты еңбектері – 1967 жылы қорғаған «Қазіргі қазақ тіліндегі
сын есім мен сан есімнің етістікпен тіркесі» атты кандидаттық
диссертациясы мен 1984 жылы қорғаған «Қазіргі қазақ тіліндегі
күрделі сөз тіркестерінің құрамдық-семантикалық типтері»
ат-ты докторлық диссертациясы. Ғалым-ұстаз не жазса да
сол нысаналы тақырыбы – сөз тіркесі мəселесі туралы жаз-
ды. Сондай-ақ сөз тіркесі жайлы жазылған еңбектерді талдап,
авторлық көзқарастарын қолдап, қалайда осы тақырыптың
көкжиегін кеңейтуге ерекше ниетті ғалым болды. Өзінің же-
текшілігімен қорғаған 38 ғылым кандидаты мен 2 ғылым докто-
рының да зерттеу жұмыстарының басым бөлігі осы сөз тіркесі
мəселесі болатын.
Зерттеуші қазақ тіл білімі синтаксис саласының ішіндегі сөз
тіркесі мəселесімен түбегейлі айналысты. Осы тақырыпқа өзінің
барлық шығармашылық еңбегін, кандидаттық, докторлық дис-
сертацияларын, 15-ке тарта монографиялық зерттеуін, 200-ден
астам ғылыми мақаласын арнады.
4
Алғы сөз
Жұмыстарының ішінде жеке өзінің авторлығымен шығар-
ғаны 12 еңбек (монографиялар, оқу құралдары) жəне қосымша
авторлықпен шыққан 7-8 оқу құралы, 5-6 сөздік пен тілашар, 14
əдістемелік құрал (əдістемелік нұсқаулар, пəндік бағдарламалар).
Қазақ тіл білімі тарихында сөз тіркесі мəселесі – соңғы
50-60 жыл көлемінде ғана зерттеле бастаған жаңа бағыт. Бұл
мəселеге синтаксис мамандарының көпшілігі арнайы бет бұрған
жоқ еді. Ал тіл білімімен айналысқан əрбір ғалым халық танымы-
на жақын мəселелерді бұл ілімнің барлық саласы бойынша жан-
жақты зерттеді, тереңдетті, толықтырды, тілдің біртұтас
заңдылығын қалыптастырды, келешекке мұра етіп қалдырды.
Сөз тіркесі мəселесін сол қалыптасқан тіл ғылымының
(сөздің, сөйлем мүшелерінің, сөйлемнің) бір-бірінің байланысының
заңдылықтарын қарастыратын ғылым деп атасақ орынды.
Сөз тіркесі мəселесіне синтаксисте бір ғалым ғана білек сы-
бана кіріскен болатын. Ол əйгілі ұстаз – ҚР Ұлттық Ғылым
академиясының корреспондент мүшесі, филология ғылымдары-
ның докторы, профессор Мəулен Балақаев еді.
Ол кісінің шəкірті Т. Сайрамбаевтың да шығармашылық
жұмысының дені – сөз тіркесі мəселелері. Солардың басты-
бастыларын атап айтсақ, «Күрделі сөз тіркестерінің кейбір
мəселелері» (1976), «Қазіргі қазақ тіліндегі күрделі сөз тіркес-
тері» (1981), «Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі» (1991),
«Сөйлемнің тұрлаулы мүшелері» (1996), «Синтаксис туралы
ойлар» (1996), «Синтаксистің кейбір мəселелері» (2004), «Жақ
категориясының функционалдық көрінісі» (2005), т.б. оқу кұрал-
дары мен «Мəулен Балақаев» атты зерттеу-эсселік моногра-
фиясы (2007) жарық көрді.
Осы еңбектерінде сөз тіркесінің басты-басты мəселелері,
атап айтқанда, сөз тіркесінің түрлері, олардың өзіндік ерек-
шеліктері, сөз тіркесінің байланысу тəсілдері, басыңқы-
бағыныңқы сыңарлардағы синтаксистік қатынастар, сөз тір-
кесінің есімді-етістікті түрлері, күрделі сөз тіркестері, əрбір
сөз табының басыңқы сыңармен тіркесу қабілеті жəне т.б.
күрделі мəселелер егжей-тегжейіне дейін қарастырылды.
Талғат Сайрамбайұлының «Мəулен Балақаев» атты моно-
графиялық еңбегі профессор М. Балақаевтың 1939–1992 жылдар
5
Алғы сөз
аралығында шыққан еңбектеріндегі сөз тіркесі мəселесін талдап,
жинақтап, бүгінгі күнмен үйлесімді етіп жалғастырған. Сөз
тіркесі мəселесі – М. Балақаевтың кандидаттық та, докторлық
та жұмыс тақырыбы ғана емес, ғалымның қазақ тіл білімін
дамытудағы жаңа көзқарасы. Сөз тіркесі мəселесі зерттеуді
күтіп тұрған тілдік құбылыс екенін, бұл мəселені М. Балақаев дөп
басып колға алғанын, оны ерінбей зерттеп, жалықпай жазған-
дығын тарихи жылдар белесі бойынша Т. Сайрамбаев аталған
еңбегінде жан-жақты ашып көрсеткен.
Ғылымда игі сабақтастық деген болса Т. Сайрамбаев та
осы ұстазының ілімін жалғастыра, дамыта, жетілдіре жүріп,
өмірінің соңына дейін осы идеяны насихаттады, өз шəкірттері
арқылы тереңдете түсті.
Əрбір талапкерді ғалым етіп шығару оңай шаруа емес. Əркім-
нің қабілетіне орай тақырып таңдау, оның ғылыми жоба-жос-
парын жасау, сол мəселе бойынша ауқымды кеңес беру, сол
тақырыпқа қызығушылығын ояту да Талғат Сайрамбайұлының
кезекті шаруасы болатын. Одан соң жазылған жұмыстың жа-
рияланымын, оның сауаттылығын бақылап, əрбірінің дер кезінде
қорғауын мұқият қадағалап отыратын. Ең бастысы, диссер-
танттың ғылымға қосар жаңалығына көзі жетпейінше тыным-
сыз жұмыс жүргізетін. Ал олардың қорғау сəтінде де қиналыс
аз болмайтын. Балапанын қорғаған құс секілді қиындықтарды
бастан кешіретін. Қашан қорғалған жұмыс Жоғары аттеста-
циялық кеңестен бекіп келгенше көңілі орнына түспейтін ұстаз
болды.
Ғалым-ұстаздың шəкірттері де синтаксистің өзекті мəселе-
леріне ғылыми жұмыстарын арнады. Олардың бірі мезгіл, бірі
мөлшер пысықтауыштың табиғатын тереңдете зерттесе,
бірі қазіргі қазақ тіліндегі есімді сөйлемді, бірі есімді құрмалас
сөйлемді саралады. Ал енді бір талапты шəкірті сөз-сөйлем ту-
ралы диссертация қорғап, сөйтіп, қазақ жай сөйлем синтаксисі-
не жаңа сөйлем түрлері енді.
Т. Сайрамбаев ғұмырын арнаған сөз тіркесі мəселелері кейін
салаланып, фразеологизмді сөз тіркесі, тұрақты сөз тіркесті
сөйлем мүшелері арнайы зерттеліп, тіл байлығы заңдылықтары
анықтала түсті.
6
Алғы сөз
Ұстаз-ғалымның əрбір шəкіртінің қорғаған ғылыми жұ-
мыстарының қай-қайсысында да зерттеушінің пікірі өшпестей
өріліп жатады. Ол жас, жаңа буынның ойымен өрбіп, жалғасып
кете береді...
Профессор Талғат Сайрамбайұлының 44 жыл оқытушылық
жұмысындағы ең сүйікті ісі – студенттерге дəріс беру, түр-
лі формадағы сабақтар өткізу жұмысы еді. Ұстаздың те-
рең мəнді, мазмұнды лекциялары, тартысты сабақтары əрбір
шəкірттің біліміне білім қосып, сол ғылымды қабылдауға де-
ген танымдық белсенділігін арттырып отыратын. Көбіне сту-
денттерді шығармашылық жұмысқа баулитын. Бүгінгі қазақ
филологиясында жетекші ғалым болып жүрген білімпаздардың
көпшілігі – өзінің сабақ берген бұрынғы студенттері.
Басқа құрмет түрлерін айтпағанда, ол өзіне берілген екі
атаққа риза болатын. Оның біріншісі – Мəскеуден берілген
«Отличник высшей школы СССР» жəне «Қазақстан Респуб-
ликасы білім беру ісінің құрметті қызметкері» деп аталатын
атақтары.
Талғат Сайрамбайұлы Сайрамбаев – ғылымда да, өмірде де
үлкен мұра қалдырған, адалдықпен, тынымсыз ұстаздық жəне
ғылыми еңбекпен отбасына да, еңбек еткен ортасына да, əрбір
шəкіртіне де сарқыла тағылым берген, əрбір дос-жаранына
қимастай тұлға бола білген ардақты əке, асыл ата, жақсы жар,
адал дос жəне ғалым-ұстаз.
Өмірзақ АЙТБАЙҰЛЫ,
ҚР ҰҒА-ның академигі,
филология ғылымдарының докторы,
профессор
І
ҚАЗІРГІ
ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ
КҮРДЕЛІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІ
СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ НЕГІЗГІ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
І ТАРАУ
СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ СИНТАКСИСТІК ҚҰРЫЛЫСЫ
1.
Сөз тіркестерінің құрылымдық түрлері
2.
Сөз тіркесінің сөз, фразеология, тағы басқа ұқсас
единицалармен арақатынасы
3.
Сөз тіркесінің күрделенуінің негізгі тəсілдері
ІІ ТАРАУ
КҮРДЕЛІ СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ ҚҰРЫЛЫМДЫҚ
ТҮРЛЕРІ
І. Есімді күрделі сөз тіркестері
1.
Қабыса байланысқан есімді күрделі сөз тіркестері
2.
Матаса байланысқан есімді күрделі сөз тіркестері
3.
Меңгеріле байланысқан есімді күрделі сөз тіркестері
ІІ. Етістікті күрделі сөз тіркестері
Етістіктердің сөз тіркесін құраудағы рөлі
1.
Қабыса байланысқан етістікті күрделі сөз тіркестері
Сын есімдердің етістікпен тіркесі
Сан есімдердің етістікпен тіркесі
Көсемшелердің етістікпен тіркесі
Үстеулердің етістікпен тіркесі
Еліктеуіш сөзді сөз тіркестері
Зат есімдердің етістікпен тіркесі
2.
Меңгеріле байланысқан етістікті күрделі сөз тіркестері
Барыс жалғаулы сөз тіркестері
Табыс жалғаулы сөз тіркестері
Жатыс жалғаулы сөз тіркестері
Шығыс жалғаулы сөз тіркестері
Көмектес жалғаулы сөз тіркестері
АВТОРДАН
Сөз тіркесінің зерттелуі жəне оның объектісінің айқындалуы
кейінгі кездің жемісі. Сөз тіркестерінің объектілері негізінде қазақ
тілінде жəне түркологияда арнайы зерттелінді, əлі де зерттелуде.
Сондықтан да жалпы шолу мен онан кейінгі бөлімдерінде сөз
тіркестерінің зерттелуі мен өзіне ұқсас категориялардан, яғни
сөз, сөйлем, фразеологиялық бірлік пен сөйлем мүшелерімен
ұқсастықтары мен айырмашылықтары сөз болды. Ол туралы ай-
тылған əдебиеттердегі көзқарастарға жан-жақты шолу жасалды.
Сөз тіркесіне қатысты мəселенің бірі – оның құрылысы. Сөз
тіркестерінің құрылысы орыс тіл білімінің өзінде де арнайы зерт-
теудің объектісі болған емес. Жалпы осы уақытқа дейін күрделі
сөз тіркесі деп нені айтамыз дейтін мəселенің өзі де ойландырады.
Осы күнде сөз тіркестерінің құрылысы арнайы зерттелінбеді
дегенімізбен, кейбір əдебиеттерде, біріншіден, сөз тіркесінің
классификациясы, екіншіден, аздап та болса, олардың күрделену
процесінің өзіндік ерекшеліктері сөз бола бастағанын айтып өттік.
Дегенмен сөз тіркесінің күрделену процесі туралы əртүрлі
көзқарастарға шолу жасай отырып, біз сөз тіркестерінің күрделену
процесін, толық мағынасы бар сөздер мен дербес мағынасы
жоқ сөздердің де қатысын негізге алдық. Əрине, сөз тіркестерін
күрделендіруде толық мағыналы сөздер, олардың қатысы негізгі
пікір болғанымен, сөздердің күрделі сөз тіркесін құрауы туралы
да пікірталасы əртүрлі.
Ал шылау, көмекші етістік, көмекші есім, модаль сөз, т.б. əдетте
сөйлемде сөз бен сөзді байланыстыру қызметін атқарады деумен
ғана шектеледі. Шындап келгенде, олар сөз бен сөзді байланыс-
тыру қызметін атқаруы бар да, сонымен бірге ондай сөздердің
мағыналық тобы мен синтаксистік қызметін де айқындайтынды-
ғын ескере бермейді. Ғылыми əдебиеттердегі пікірталасына на-
зар аударсақ, шет тілін зерттеушілер В.Г. Адмони, О.С. Ахмано-
ва, түркологтар И.З. Гаджиева, М.Б. Балақаевтардың пікірлерін
12
Күрделі сөз тіркестері
негізге алу барысында көмекші сөздер тобының сөз тіркесіне
қалай да қатысы барлығын мойындауға тура келеді. Осыған сəй-
кес сөз тіркестерінің аясының кеңеюіне олардың қатысын ар-
найы сөз еттік.
Көмекші сөзді сөз тіркестері ішінде əсіресе шылаулардың тек
етістікті сөз тіркестерімен бірге есімді сөз тіркестерін жасау
ерекшеліктері де бұл еңбекте орын алды. Сонымен бірге фразео-
логиялық единицалардың да күрделі сөз тіркесіне қатысы туралы
орыс, түркологиялық əдебиеттерге жан-жақты шолу жасалды.
Сонымен сөз тіркестерінің күрделенуіне əрбір сөз таптары-
ның күрделі түрлері, нумеративті сөздер, қосарлы сан есім, фра-
зеологиялық единица, көмекші есім, көмекші етістік, шылау, мо-
даль сөздер қосымшалардың өзіндік қызметі сөз болды.
Жұмыстың одан соңғы тарауында оның есімді, етістікті
топтарының да құрылымдық түрлері негізінен қаралады. Сөз тір-
кесінің бағыныңқы сыңарларының байланысу формаларына қарай
есімді сөз тіркесінде қабыса, меңгеріле жəне матаса, етістікті сөз
тіркесінде бағыныңқы, басыңқы сыңарлардың жасалуы мен ма-
ғыналық тобы жəне синтаксистік қызметтері арнайы сөз болды.
Сөз тіркестерінің негізгі ерекшеліктері
Синтаксистің негізгі объектілері – сөз тіркесі мен сөйлем.
Бұлардың əрқайсысының өзіндік объектілері бар.
Қазан төңкерісіне дейінгі еңбектерде тек сөйлем мүшелерін,
олардың байланысын, орын тəртібін көбірек сөз етеді де, ал сөз
тіркестеріне байланысты мəселелер онша ауызға алынбады. Түркі
тілдерінің сөз тіркестері тек кеңестік дəуірде ғана зерттеліне бас-
тады.
Орыс тілінде сөз тіркестерін тұңғыш қолға алған В.В. Виног-
радов сөз тіркестерінің түрлері, байланысу формалары жəне
олардың құрылысы тіл білімінің ең басты бөлімі екендігін айтады.
И.П. Мелиоранский «Краткая грамматика казах-киргизского
языка» деген еңбегінде сөз тіркесі туралы арнайы тоқталмағаны-
мен, «Простое предложение» деген бөлімінде бастауыштың
баяндауышпен қиыса байланысатынын дұрыс көрсеткен [1, 1-2].
Ал септіктерге жеке-жеке тоқтай келіп, онда əрбір етістіктің ма-
13
Күрделі сөз тіркестері
ғыналық топтарының қайсысы қандай сөздерді меңгеретінін
анықтаған. Меңгеру туралы айта келіп, онда үміттену, берілу,
бағыну, келісу, мақтану, күлу, шыдау, жылау, мұқтаж болу, т.б.
етістіктер барыс жалғаулы сөздерді меңгеретінін дəлелдеген. Ал
қабыса байланысу туралы ешбір сөз қозғалмайды. Бірақ автор-
дың «Определение» деген бөліміндегі мынадай мысалдар: «ақ
тас – белый камень; жақсы кісі – хороший человек; үшінші
жыл – третий год» дегенде сөздердің қатар келіп орналасатынын
сөз етеді [1, 13]. Мұның өзі қабысу терминінің жалпы орыс тілінде
де көп уақытқа дейін енгізілмеу себебіне байланысты ма деп ой-
лауға болады.
Сонымен Қазан төңкерісіне дейінгі еңбектерде сөз тіркесі,
оның байланысу формалары жалпы болса да айтылады.
Қазақ тілінде сөз тіркестері арнайы түрде тек 1930 жылдар-
дан бастап сөз бола бастады. Мұны ең алдымен Қ. Жұбанов, т.б.
ғалымдарымыздың еңбектерінен айқын көруге болады. Ал Қ. Ба-
сымовтың «Сөйлем мүшелері туралы», «Пысықтауыш», т.б. ма-
қалаларында тек бастауыш пен баяндауыштың қиысуын ғана сөз
еткені болмаса, олардың басқа байланысу формаларына арнайы
тоқталмаған.
Сөз тіркестері туралы мағлұмат мектеп грамматикаларын-
да тек 1939 жылдары беріле бастады. Бұл ретте С. Аманжолов,
С. Жиенбаев, Т. Сауранбаев, т.б. еңбектерін атауға болады.
Əрине онда дəл қазіргідей сөз тіркестері деп аталмағанмен,
əркім өзінше сөздер тізбегі, сөздердің қарым-қатынасы, сөздердің
байланысы деп көп уақытқа дейін əртүрлі айтып келгені белгілі.
Қазақ тілі синтаксисі туралы арнайы зерттеу жүргізген
С. Аманжоловтың сөз тіркестері туралы өзіндік пікірлері болды.
1940 жылғы «Қазақ тілі ғылыми синтаксисінің қысқаша курсы»
деген еңбегінде де сөз тіркесі туралы арнайы тоқталғандығы
белгілі. Онда автор «Сөйлем мүшелерінің өзара қарым-қатынас-
тары» деп, оларды беске бөліп қарастырады.
Қиысу, жанасу, қабысу, меңгеру-меңгерілу жəне бесінші етіп
сөйлем мүшелерінің орын тəртібін де осыған енгізеді. Автордың
алғашқы төрт түріне қосылғанымен, бесіншісі, яғни «сөйлем
мүшелерінің орындары» дегеніне қосылуға болмайды.
Бұл еңбек 1950 жылы түзетіліп қайтадан басылды. Онда ар-
найы түрде «Сөйлемдегі сөздердің (сөйлем мүшелерінің) қарым-
14
Күрделі сөз тіркестері
қатынасы» деген бөлімде сөз тіркестерін «сөйлемдегі сөздердің
қарым-қатынасы» деп атай отырып, қиысу қарым-қатынасы мең-
герілу, қабысу жəне жанасу деп төртке бөліп дəлелдейді.
Сөйлемдегі сөздердің байланысына 1939 жылы Т. Сауранбаев
С. Аманжоловпен бірігіп жазған мектеп грамматикаларында жəне
«Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер жүйесі» деген еңбегінде
біраз тоқталған. Бұл еңбегінде автор сөз тіркестерін «синтаксис-
тік қатынастар» деп атай отырып, оларды субъекті, предикаттық,
объектілік, атрибуттық жəне сипаттауыштық қатынас деп бір-
неше түрге бөледі.
Автор бастауыш пен баяндауыш арасындағы қатынасты субъ-
екті, предикаттық деп атаса, ал толықтауыш сөздердің етістікпен
байланысын объектілік, ал анықтауыш пен анықталатын мүше-
лердің байланысын атрибуттық қатынас деп бөледі. Сол сияқты
бұлардан өзгеше изафеттік құбылысты өз алдына қарастырып,
оның өзіндік жасалу жолдарын дұрыс көрсетеді. Бұдан кейінгі
шыққан «Қазақ тілі» (Педучилищеге арналған) еңбегінде сөз
тіркестерінің қиыса, меңгеріле, қабыса жəне жанаса байланыса-
тынын айтады [2, 156-157]. Жай сөйлемге енген сөздердің бір-
бірімен өздерінің орын тəртібі, интонация, қосымшалар, шылау-
лар арқылы байланысу жолдарына тоқталады.
С. Жиенбаев «Синтаксис мəселелері» деген еңбегінде сөйлем
мүшелерінің байланысу формалары туралы арнайы сөз етпей-
ді [3, 3]. Онда автор «Жай сөйлемнің синтаксисі, құрмалас сөй-
лемнің синтаксисі» деп, сөз тіркесінің синтаксисін жеке қарас-
тырмайды [3, 34]. Алайда сол еңбектің «Синтаксистің кейбір
мəселелері туралы» деген бөлімінде «Қиысу туралы» арнайы
тоқталып, өзіндік тұжырымдар жасайды. Мұның өзі автордың
бұл мəселеге аздап болса да көңіл аударғандығын аңғартады [3, 6].
Ал «Сөйлемдегі сөздердің байланысы туралы» деген бөлі-
мінде автор байланысу формаларынан гөрі байланысу амалдарына
назар аударғысы келеді [4, 62-70].
Бұл еңбектерде сөз тіркестері туралы айтылғанымен, олардың
толып жатқан заңдылықтары, атап айтқанда, байланысу форма-
лары мен амалдары, түрлері, оның синтаксистік қатынастары
арнайы сөз болып қозғалмайды. Бұл жөнінде жалпы түркология,
оның ішінде қазақ тіл білімінде көптеген жұмыстар жазылып
жəне одан ары зерттеліп жатқаны да белгілі [5; 6; 7; 8; 9].
15
Күрделі сөз тіркестері
Жалпы сөз тіркестерін зерттеу тек 1950 жылдардан кейінгі
уақытта ғана бір жүйеге келе бастады.
Отандық тіл ғылымында сөз тіркесі синтаксисі мəселесі жө-
нінде Н.К. Дмитриевтің, А.Н. Кононовтың, Е.И. Убрятовалардың
еңбектері жарық көрді. Олар қиыса, қабыса жəне меңгеріле бай-
ланысқан сөз тіркестері түрінде сипаттайды.
Қазақ тілі білімінде сөз тіркесі (сөйлем мүшелерінің бай-
ланысы) 1950 жылдарға дейін тек мектеп грамматикаларының
көлемінде айтылып келді. Онда да сөз тіркесіне толық анықтама
беріп, оның түрлі жақтарын егжей-тегжейіне дейін зерттеген
ешкім болған емес. Сөз тіркесінің зерттелуі тек кейінгі кездің
жемісі болып отыр.
Сол туралы А.А. Коклянова: «Сөздердің байланысы, септікті
жəне шылаулы тіркестер мен анықтауышты конструкциялар түркі
тілдерінде əлдеқашан қолға алынған болатын. Алайда арнаулы
зерттеулер тек қазір пайда бола бастады. Соның бірі – профес-
сор М. Балақаевтың «Основные типы словосочетаний в казахс-
ком языке» деген еңбегі. Бұл еңбегінде автор сөз тіркестерінің
құрылымдық түрлері, есімді, етістікті сөз тіркестерін, шылаулы
меңгеру мен септікті меңгеру сияқты көптеген мəселелерін жан-
жақты дұрыс көрсетеді» [10, 39] – деген болатын.
М. Балақаевтың еңбегі – түркі тілдерінде сөз тіркестері ту-
ралы бірінші туынды. Мұнда автор сөз тіркестерінің көптеген
теориялық мəселелерін жан-жақты ашып берді, сондықтан ға-
лымның еңбектерінен толық мағлұмат алуға болады.
М. Балақаев сөз тіркестерін жалпы есімді, етістікті етіп екіге
бөліп, оның əрқайсысының өзіндік ерекшеліктерін, олардың ба-
сыңқы компоненті мен бағыныңқы компонентінің қандай сөз
таптарынан болатындығын жəне ондай кездегі тіркесу қабілетін
дұрыс қорытындылайды.
Сол сияқты автор бұл еңбегінде сөз тіркестерінің байла-
нысу формалары мен амалдарын жəне олардың синтаксистік
қатынастарын сөз етеді. Сөз тіркестерін байланысу формаларына
қарай қабысу, қиысу, меңгеру жəне матасу деп төртке бөліп қа-
растырады.
Осы күнге дейінгі жəне осы кездегі көптеген түркі тіліндегі
еңбектерде байланысу формаларын дəл орыс тіл біліміндегідей
16
Күрделі сөз тіркестері
үшке бөліп берушілік басым болып келді. Əрине, мұндай
жағдайда əрбір тілдің өзіндік ерекшелігіне қарау керектігі айқын.
Осы тұрғыдан алғанда М. Балақаев басқа тілдерге қарағанда
қазақ тілінде 4-түріне матасу деген байланысу формасын енгі-
зеді. Мұндай бөлудің өзіндік белгілері мен ерекшеліктеріне сай
дұрыс алынуы практикада айқын байқалып жүр.
Сөз тіркесін сөйлемнен ажырату – жалпы тіл білімінде негізгі
мəселелердің бірі. Алдымен сөз тіркесі дегеніміздің өзін ашып,
оның не екенін түсінуіміз керек. Бұл жердегі негізгі мəселе мы-
нада.
Сөз тіркесіне синтаксистік топ құрайтын барлық сөздердің
тіркесін жатқызамыз ба, əлде предикативті қатынасты да жат-
қызамыз ба?
Осы негізде кейбір ғалымдар, мысалы: Фортунатов, Пешков-
ский, т.б. толық мағынасы бар грамматикалық тіркестердің бар-
лық түрін сөз тіркесіне жатқызамыз дейді. Фортунатовтың пікірі
бойынша, сөйлем дегеніміз – сөз тіркесінің бір түрі (разновид-
ность), көрінісі. Бұлардың пікірінше, сөйлем мен сөз тіркесінің
ешбір айырмашылығы болмайды. Керісінше, кейбір ғалымдар
Буслаев, Потебня, Шахматов, т.б. сөз тіркесін жоққа шығарады.
Олардың ойынша, негізгі етіліп сөйлемнің теориясы жəне сөй-
лемнің мүшелері алынады. Сөйтіп сөз тіркесі туралы мəселе тек
түркі тілдерінде ғана емес, басқа тілдерде де түрліше қаралды.
Сөз тілдік единица болып табылады. Ол морфология, лексико-
логия, семасиологияның объектісі бола отырып, сөз тіркесіне де
қатысты. Өйткені ол сөз тіркесіне де, сөйлемге де негіз болады.
Оларсыз жалпы сөйлем құрылмаған да болар еді. Сөз, негізінде,
сөз тіркесін құруға негіз болса, ал екеуінің бірлігі сөйлем құрауға
негіз болады. Олай болса, сөз де, сөз тіркесі де бірімен-бірі тығыз
байланысты. Сол сөздерді бірімен-бірін тіркестіріп, оны жетілдіре
түсу ыңғайында ғана келесі біреуге ойымызды толық жеткізуге
болады.
Профессор М. Балақаев сөзді тілдік единица ретінде лекси-
кология, семасиология, стилистика, сөз таптары жəне сөйлем
мүшесінің де объектісі ретінде зерттеді. Сонда сөз тіркесі кемінде
толық мағыналы екі немесе одан да көп сөзден құралады да, олар
біріне-бірі бағына байланысады екен.
17
Күрделі сөз тіркестері
Сөз тіркесі мен сөйлем – синтаксистік категория. Бұл екеуі
тығыз байланысты. Бірақ кейбір ұқсастықтары болғанымен, əр-
қайсысының өзіндік объектілері бар.
Негізінде бұлардың айырмашылықтары көптеген еңбектерде
айтылып келеді.
Н.К. Дмитриев сөз тіркесі мен сөйлемді талдай келіп, екеуінің
бір-бірінен айырмашылығын ашып алу керектігін айтады.
Автор Яңа ой янды (Новый дом сгорел) деген сөйлемді тал-
дай келіп, соның ішінен яңа ой (новый дом) десе, ол сөйлем бо-
лып шықпайды. Себебі, бұл жай атаудан ешқандай қорытынды
не тұжырым жасауға болмайды. Керісінше, мұнда аяқталмаған
логикалық ой, толық ойға меңзейтін ойдың үзіндісі ғана болып
тұр.
Сөйлемде (логикалық не грамматикалық жағынан алсақ та)
екі полюс, яғни бастауыш пен баяндауыш болуы хақ. Сонымен,
бір-біріне қатысы жағынан бастауыш жəне баяндауыш болып
келетін кез келген синтаксистік бірлікті сөйлем дейтін боламыз.
Керісінше, өзара іштей бастауыш жəне баяндауыш болып келме-
ген кез келген синтаксистік тіркес сөйлем емес, с ө з т і р к е с і
деп танылады. Сонда сөз тіркесі сөйлем ішіндегі статикалық
қатынастарды баяндаудың формасы ғана [11, 202-203].
Сөйлем мен сөз тіркесінің айырмашылығын Н.К. Дмитриев
былай көрсетеді: «Егер бастауыш пен баяндауыштық қатынастан
құралып, аяқталған ойды білдірсе, сөйлем деп танылады, егер
бастауыш пен баяндауыштық қатынас болмай, олар тиянақты ойды
білдірмесе, сонда ғана сөз тіркесі», – дейді. Сөйтіп, Н.К. Дмитриев
сөз тіркесі мен сөйлемнің айырмашылығы етіп олардың тиянақты
жəне тиянақсыз келуін есепке алады. Осы сияқты Н.А. Баскаков,
Б.А. Убрятова, т.б. көптеген ғалымдар сөйлем мен сөз тіркесінің
бір-бірінен айырмашылықтарын көрсете келіп, Н.К. Дмитриевтің
жоғарыдағы пікірін қолдайды. Бұлай бөлу жалпы орыс тілі
ғылымында көп уақытқа дейін орын алып келді. Сөйтіп предика-
тивті түрі бастауыш пен баяндауыштық қатынастан құрылады
да, бұлар аяқталған ойды білдіреді, мұны сөз тіркесіне есеп-
темей, сөйлемге жатқызды. Ал бастауыш пен баяндауыштан
басқа қатынастағылар, яғни олар аяқталған ойды білдірмейді,
сол себептен оларды сөз тіркесі деп қарастырады. Н.А. Баскаков
18
Күрделі сөз тіркестері
жəне Г.И. Инкижековой-Грекул сөз тіркесі мен сөйлемді пре-
дикативті, предикативті емес деп бөле отырып, оның предика-
тивті емес түрінің өзін бірнеше бөлімдерге бөліп қарастырғанын
көреміз. Сонда Н.А. Баскаковтың пікірі бойынша, тек атрибуттық
қатынастағылар ғана сөз тіркесі болу керек. Осының негізінде ол
сөз тіркесі туралы өзіндік жаңа топшылау жасағысы келеді. Ол
«оңды полған (полым – там бывший, быв там, атха мунген) мініп –
севший на лошадь, сев на лошадь»
[12, 464]
деген мысалдарды
талдай келіп, сөз тіркесі мен сөйлемді ажыратуда олардың басың-
қы мүшесінің (лошадь) қай формада екендігіне баса назар аудара-
ды. Мұндай жағдайда «соңғы (басыңқы) сөз есімше не көсемше
формасында тұрса ғана сөз тіркесі де, ал олар етістіктің басқа фор-
маларында келсе, сөйлем», – деді.
«Атха мунген» дегендегі мунген басыңқы мүшесі тиянақсыз,
сондықтан ол – сөз тіркесі. Егер атқа мінді болса ол сөз тіркесі
емес, тиянақты сөйлем деп қарастырады. Негізінде сөз тіркесінің
əрбір сыңарларын бұлай қарау олардың қасиетін толық аша ал-
майды. Сөз тіркесі мен сөйлемді ажырату немесе олардың ара-
сына жоғарыдағыдай шек қою дұрыс болып шықпайды. Өйткені
мұндай шек қою негізгі критерий бола алмайды. Ол үшін сөз
тіркесі мен сөйлемнің əрқайсысының зерттелетін негізгі объек-
тілерін ашу керек сияқты. В.В. Виноградов кейінгі еңбектерінде
сөз тіркестері мен сөйлемді басқаша қарастыра бастады. Ол жалпы
предикативті жəне предикативті емес деп бөлушілікке бүтіндей
қарсы тұрды. Сөйтіп, сөйлем мен сөз тіркесінің айырмашылығын
біздің отандық тіл ғылымында сөйлемге интонация мен пре-
дикативтілік сияқты екі белгі тəн екендігін, былайша айтқанда,
сөйлеушінің болмысқа қатынасын жəне аяқталған ойды білдіретін
грамматикалық категориялардың жиынтығы деген қорытын-
дыға келді [13, 76].
Бұл принципке қарағанда, сөйлемнің сөз тіркесінен бір
өзгешелігі, біріншіден, əрбір сөйлемнің айтылу интонациясы
болады. Бұл қасиет сөз тіркесінде болмайды. Əрбір сөйлеуші
сөйлемді айтқанда өзінің сазына келтіріп, яғни интонациямен
айтады. Мысалы: Жақып – студент. Мұнда интонация арқылы
айтылған. Ал егер интонация арқылы болмай «Жақып студент»
десек, онда анықталушы жəне анықтаушы сөз болып, сөйлем бол-
19
Күрделі сөз тіркестері
майды. Екіншіден, негізінде, сөйлемдерге тəн нəрсе – олар көбіне
бастауыш пен баяндауыштық қатынастан құралып, біршама
аяқталған ойды білдіруі. Бұл құбылыс та сөз тіркесінде үнемі
бола бермейді. Сөз тіркесі толық мағыналы сөздерден құрала
отырып, сөйлемнің бір ұйысқан бөлшегі болып табылады. Бірақ
сөз тіркесі мен сөйлемнің осындай айырмашылықтары болғаны-
мен, олардың өзіндік ұқсастықтары да бар.
Сөз тіркесі сөйлемнің негізінде жасалады. Мысалы: Кітап
оқыды – бұл əрі сөйлем, əрі сөз тіркесі. Олай болса, бір сөз табы
басқа сөз таптарына ауысып отыратыны сияқты, бұл екеуі бір-
біріне ауысып отырады, əрі екеуі де құрылысы жағынан кейде
ұқсас келеді. Сөйлем де, сөз тіркесі де екі немесе одан да көп сөз-
дерден құрала отырып, сөйлемдермен сəйкес келе береді. Қорыта
келгенде, сөз тіркесі жəне сөйлем жалпы тіл қатынасы, ой қатына-
сы бола отырып, əрқайсысының өзіндік объектілері бар. Бұл,
əсіресе, қазақ тілі негізінде жазылған профессор М.Б.Балақаев-
тың еңбектерінде дұрыс, нақтылы көрсетілген.
Сонда сөз тіркестерінің негізгі белгілеріне мыналарды жат-
қызуға болады:
1) сөз тіркестерінің байланысу формалары,
2) сөз тіркестерінің байланысу амалдары,
3) сөз тіркестерінің синтаксистік қатынастары,
4) сөз тіркестерінің түрлері.
Яғни бұл төрт белгі – сөз тіркестеріне тəн белгілер. Сол сияқ-
ты сөз тіркестеріне интонация жəне орын тəртібі, құрылысы да
негізгі бір элемент болып кіреді.
Біздің мақсатымыз – сөз тіркестерінің басты ерекшелікте-
ріне талдау жасау.
Енді солардың əрқайсысына жеке-жеке тоқталайық.
Сөйлемдегі сөздер бірімен-бірі қалай болса, солай тіркес-
пейді. Мұны А.М. Пешковскийдің сөзімен айтқанда: «Тіліміздегі
кез келген екі сөз қатар тұру арқылы сөз тіркесін құрай ал-
майды, олар сөз тіркесі болуы үшін мағыналы жағынан байла-
ныста болуға тиіс» [14, 34].
Кез келген сөздер сөз тіркесін құрау үшін олардың қалып-
тасқан семантикалық мазмұны үлкен рөл атқарады. Яғни басың-
қының семантикалық мағынасы бағыныңқы мүшенің мағынасы-
20
Күрделі сөз тіркестері
на сай келуі тиіс. Бұл жағынан алғанда олар тарихи категория
болып есептелінеді. Басыңқы мүше бағыныңқы мүшемен мағы-
налық байланыста айтыла отырып, бірімен-бірі əрі грамматикалық,
əрі интонация жағынан байланысады. Сонда грамматикалық
тəсілге түрлі қосымша арқылы байланыс қатысты болса, ал инто-
нация үшін сол сөйлемдегі сөздердің табиғи орын тəртібі қажет.
Негізінде, сөйлемдегі сөздердің мұндай байланысын аналитика-
лық жəне синтетикалық деп бөледі. Сонымен бірге үшінші етіп
аналитика-синтетикалық тəсілді қолданушылар да бар. Соңғы тəсілде
аналитикалық жəне синтетикалық тəсілдің де элементі болуға тиіс.
Ол мектепке дейін барды десек, осындағы мектеп сөзі алды-
мен барды басыңқы мүшесімен синтетикалық тəсіл арқылы бай-
ланысса, ал сол сөз тағы да басыңқы мүшемен дейін шылауы
арқылы аналитикалық тəсілмен байланысқан. Олай болса, мұндай
сөздерде əрі аналитикалық, əрі синтетикалық тəсілдердің де эле-
менттері болуына байланысты аналитика-синтетикалық деп ата-
лып жүр.
Сөйлемдегі сөздер екі түрлі жолмен сабақтаса жəне салаласа
байланысады. Ол үшін мына мысалдарды талдап көрелік. Бірінші
мысалда Əбіш, Мағаш, Күлбадан сияқты бірыңғай мүшелер бар.
Олар өзара сөз тіркесін құрай алмайды. Өйткені, біріншіден,
біріне-бірі бағына байланысу ыңғайында емес, олардың əрқайсы-
сы басыңқы мүшемен жеке-жеке байланысқан. Сөйтіп, тек сала-
ласа байланысқан. Ал екінші мысалдағы сөздер бір-бірімен са-
бақтаса байланысқан. Мысалы: жіңішке сөзі жол сөзімен, жол
сөзі келу етістігімен тіркесіп, біріне-бірі бағына байланысқан.
Сөйтіп, сөйлемдегі сөздер екі түрлі жолмен байланысады.
Жалпы тіл мамандарының арасында сөздердің салаласа, сабақта-
са байланысу түрінің қайсысын сөз тіркесіне жатқызу тура-
лы əртүрлі пікірлер бар. Көптеген ғалымдар сөз тіркесі болу
үшін олар біріне-бірі бағына байланысуы тиіс деп, тек сабақтаса
байланысқан топты ғана сөз тіркесіне жатқызса, ал кейбір автор-
лар салаласа байланысқан сөздерді де сөз тіркесі дейді [15, 9].
Осы
негізде Н. Сауранбаев: «Сөздер біріне-бірі бағынбай, тең дəре-
жеде тұрып байланысса, ол салалас тіркес болады», – дейді.
Достарыңызбен бөлісу: |