Талғат СҮлтангереев әдептілік әдемілік



Pdf көрінісі
бет2/3
Дата12.02.2017
өлшемі0,89 Mb.
#3965
1   2   3

с ө й л е с у

■ *   • —

  *» ■

ж а рм аса 



-   бас  ж а ^ ы і  

' д ТӘС  жарады-  «

Я

  ӨЛӨАІ>>  ■  ^



 

е

~



з

әсерін ің  қаншалыіды  қудіретті  екенін  білдіреді.  Бір

а уы з  сөзге  бола  кейде  ел  іші,  ағайын  арасы  бүлініп, 

та ту  достар  бір-бірін  енді  қайтып  көрместей  болып 

кетіп  жатады.  Сондықган  сөзді  дурыс  түсініп  қана 

қоймай,  оны  дурыс  айта  білу  де  -   үлкен  біліктілік, 

мәдениеттілік, әдептілік.

Ә ңгімелесу  кезінде  жастар  арасында  болсын, 

үлкен  кісілердің  ортасында  болсын  руды  қурал  етіп, 

кейде  қару ете сөйлесу дағдыға айналып барады. Тілі 

енді  ғана  шыққалы  жүрген  балаға  «қай  елаң  *  Д®" 

р у ы н  

айтқызамыз  да  мәз  боламыз.  Осынымыз  қалаи

к с ғ о

мемлекеттік 

СЬІИЛ^

рЫ“ ы  Асанәлі  Әшімовпен 

халқының  мақган  тут 

р 

р а қ . ж а у а п т а р г а  



келіп

кездесу  жүріп  жаткан.  Ке,3®1о тәпімгері:  «Аға, Садін 

дапі.ж о гар ы о ку о рн ы н ьің ар  

^р ап 


т ця*

^

  * % £ £  о % -  П Г н Ы



  “ И

чүсінікп.  Сура 

5ірқатары 

т 

кызықтағакдаи 

отыртандарД 

Сурактьің  жауа  ь 

елінен,

Кейбіреулер* 

д „ кең  кемеңгер 

„  деп

14


болып.  көрінуге 

тырыспай, 

өзіңізді 

қарапайым 

ұстауыңыз қажет.

Әңгіме  қызық болу үшін,  әңгіме тақырыбын  таңдау 

үлкен  роль  атқарады.  Әңгіме  тақырыбы  әр  түрлі 

жағдайға байланысты, әр алуан болуы мүмкін:

•   сөйлесушілердің  арақатынасына  (дос,  туыс, 

қызметтес т.с.с) лайықты;

•  

әңгімелесушіпердің, 



жиналу 

себебіне 

байланысты;

•   қатысушыларды  қызықгыратын  ортақ  мәселеге 

қатысты;

•   қонақта  отырғанда  үй  иелері  бағыттаған 

тақырыпқа орай, т.с.с.

Қайсыбір  тақырыпта  әңгіме  жүргізсеңіз  де,  мына 

ережелерді есте сақтаған жөн:

•  ұзақ сөйлемеңіз;

•   өзіңізді  ғана  қызықтыратын  мәселені  айта 

бермеңіз;

•  мақтанбаңыз;

• біреуді жамандамаңыз;

•  біреудің қүпиясын жарияламаңыз;

•  өз жанұяңыздың кикілжің мәселелерін айтпаңыз;

•  науқас адамға өлім туралы әңгіме етпеңіз;

•   жол  үстінде,  ұшақта  апаттар  туралы  айтуға 

болмайды;

•   дастарханда  жиіркенішті  әңгімелер  айтудан 

аулақ болыңыз;

•   әңгімелесушінің  жеке  өмірі,  қызметі  жайлы 

қазбапап  көп сұрамаңыз;

•  әйелдің жасын сұрамаңыз;

•  өрескел қалжың айтпаңыз;

•  әңгімелесушісін асыра мақтауға болмайды;

•  

қатысушылардың  жеке 



басын 

қорлайтын 

(қызметіне,  денсаулығына,  әлеуметтік  жағдайына, 

т.с.с. байланысты) қалжыңдар айтудан сақ болыңыз;

•  

сөйлесіп 



тұрғанда 

әңгімелесуші 

адамның 

иығынан қағуға, киімінің түймесін ұстауға болмайды;



15

•   баспалдақтың  төменгі  жағында  тұрып,  жоғарғы 

жағында  тұрған  адаммен  сейлескеннен  гөрі  оның 

жанына барып сөйлескен дұрыс;

• 

әңгімелесушілер 



бір-бірінің 

дем 


алысы 

сезілетіндей 

жақын  жерде  тұрмауы  (отырмауы) 

абзал;


•   көпшілік  ішінде  біреумен  сыбырласып  сейлесу 

басқаларға  ыңғайсыз жағдай тудыруы мүмкін;

• 

сөйлескен 



кезде 

бет-аузыңызды 

«мың» 

қүбылтудың  және  қолыңызды 



ербеңдете  берудің 

қажеті жоқ;

• әңгімені айта білу сияқты, тыңдай да біліңіз;

•  сейлесу  кезінде  дауыс  ырғағына  көңіл  бөліңіз: 

тым  қатты  сөйлеу  дөрекілеу  керінеді,  ал  тым  жай 

сейлеу серігіңізді жапықтырып жіберуі мүмкін;

•  

әңгімелесу 



кезінде 

қатысушыларды 

аса 

дәріптемей,  жай  ғана  қошамет  сөз  айтып  қоюға 



болады.

•  күлген  кезде  ауызды  барынша  ашу дұрыс  емес. 

Шиқылдап  немесе  қатты  қарқылдап  күлген  де 

ұнамсыз  болады.  Ең  әдемі  күлкі  -   шын  жүректен 

шыққан жайдары, ақпейіл күлкі.

•   сұхбаттасыңызға  теріс  қарап  тұрып  сөйлеу 

әдептілікке жатпайды.

•  


сағыз 

шайнап, 


не 

темекі 


шегіп 

(егер 


сұхбаттасыңыз  темекі 

шегіп 


тұрмаса)  сейлесу 

тәрбиелілікті керсетпейді.

ТЕЛЕФОНМЕН  СӨЙЛЕСУ 

ӘДЕПТЕРІ


Телефон,  ұялы  телефон  қазіргі  кезде  адамдар 

арасындағы  көп тараған  байланыс қүралдары болып 

отыр.  Телефон  арқылы  күн  сайын  талай  іс  бітіп, 

талай  нұсқаулар  беріліп,  талай  келісімдер  жасалып 

жатады.  Жеке  қарым-қатынастарда  да  телефон  хат 

алысу 


дәстүрін 

ығыстырып 

барады. 

Адамзат


16

ақылының  бұл  ұлы  жетістігі 

адамдар  арасындағы 

байланыстарды  соншама  кеңітті,  алыс-қашықтыкты 

қысқартты, қалалар мен елдерді жақындатты.

Алайда,  соншама  мүмкіндіктер  әперген  осы 

байланыс 

қүралдарын 

қалай 


пайдалану 

керек 


екендігін толығымен білеміз бе?

Үйдегі ж ә н е  ж ум ы ст а ғы   т елеф онм ен сөй ле су 

ж а й л ы

Телефонмен  сөйлесудегі  ең  бастысы  -   әңгіменің 

қысқалылығына, 

маңыздылығына,

сұқбаттасушыңыздың 

уақытын 


сыйлауға 

және 


сөйлесу сыпайлылығында болып табылады.

Үйге  біреу  телефон  соқса,  атыңыэды  атамай-ақ 

«тыңдап  түрмын»  немесе  «алло»  деп  айтқан  жөн. 

Кейбіреу «бұл  кім  екен?» десе,  «кім  керек еді?» - деп 

сұрау  керек.  Ал  жұмыстағы  телефон  шырылдаса, 

жұмыс  орнын  немесе  аты-жөніңізді  айтып  жауап 

бересіз.  Мысалыға:  «Адал»  дүкені»,  «Университет 

ректорының 

қабылдау 

бөлмесі», 

«Редакция», 

«Тыңдап 


тұрған 

Сарыбаев»  т.с.с. 

Егер  біреу 

қателесіп,  басқа  номер  теріп  қойғанын  білсеңіз 

ұрыспай-ақ  «Сіз  номерден  жаңылыстыңыз»  -  деңіз. 

Телефон  соққан  адамға  сіз  емес  жұмысыңыздағы 

немесе үйіңіздегі басқа адамды сұрайтын болса «Сәл 

сабыр  етіңіз,  қазір  шақырамын»  немесе  «ол  кісі  бір 

жаққа шығып кетіп еді, оған келген соң не айтайын » - 

дегеніңіз сыпайылық болар еді.

Қоңырау  соққан  адам  сізбен  қызметтес  немесе 

бірге тұратын басқа адамның қайбір номерге қоңырау 

шалғанын 

өтінетін 

жағдайлар 

жиі 


кездеседі. 

Сондықган  телефон  жанында  үнемі  қағаз,  қалам 

болғаны ыңғайлы болар еді.

Шырылдаған  телефоннын  тутқасьт-кә^ере  -сала 

«Бұл кім?» - деп сұрау әдептшіккетк&ШйШВ?.®

Телефонмен  сейлесе  алмайтын  жағдайда тұтқаны 

көтере  салып,  тастап  жібөрмөңіЗг  одан  д а . «бі)эер

у

к

>

-  

ЧУУб 

В  

КІТАПХАНАСЬ 

11 

I


минуттан  кейін  қайтадан  хабарласыңызшы»  -  деп 

өтініш жасаңыз.

Қоңырау  соққан  адам  «Бул  қай  номер?»- десе,  сіз 

«Сізге қай номер керек еді?» - деп анықтаңыз.

Өзіңіз 

біреуге 


телефон 

соғар 


болсаңыз, 

әңгімеңіздің маңыздылығына көңіп бөліңіз, яғни:

•  Сөйлесетін  адамыңыздың  уақытын  немесе 

мазасын алмайсыз ба?

• Айтар өңгімеңіз оған жағымды болады ма?

• Қоңыраулатып жатқан кезіңіз жайлы уақыт па?

Қоңырау  шалсаңыз,  бірінші  болып  өзіңіз  қысқа

амандасқан  соң,  өзіңізді  таныстырыңыз,  содан  соң 

өзіңізге керек адамды телефонға шақыруды өтініңіз.

Телефон  арқылы  бос,  артық  сөз  сейлемеңіз. 

Сухбаттасыңыздың 

уақытын 


алмауды 

ойлаңыз. 

Әңгіме  ұзаққа  созылар  болған  жағдайда,  ол  кісімен 

кездесіп сөйлесу туралы келіскен дұрыс болар.

Телефон  тұтқасын  көтерген  адамға  «Бұл  кім?» 

немесе  «Сіз  кімсіз?»  -  деп  бірден  сұрақ  қойған 

әдепсіздік  болады,  одан  гөрі  сәлемдесіп  апып, 

өзіңізге керек адамды сұраңыз.

Өте  қатты  қажеттілік  болмаса,  тым  ерте,  не  тым 

кешкі уақытта телефон шалмаңыз.

Біреу  өте  шұғыл  жағдаймен  қоңырау  жасауға 

сұранса, телефоныңызды бере тұру керек.



¥ялы  т елеф онмен сөйлесу

Қазіргі  таңда  ұялы  телефон  ұстамайтын  адам  кем 

де  кем  шығар.  Өте  ыңғайлы  сөйлесу  құралы 

болғандықтан,  бұл  құбылыстың  заңдылық  екені  де 

рас.

Заманымыздың  зор  жетістігі  болып  отырған  ұялы 



телефонды  пайдалану  үлкен  әдептілікті  талап  етері 

де даусыз.

Автобуста  ма,  трамвайда  ма,  жұмыс  кезінде  ме, 

тойға барғанда  ма,  қонақта отырғанда  ма  шырылдай

18


салатын  немесе  әндете  салатын  бұл  құрапды 

пайдалану  езіңіэді де  езгелерді  де  мазалауы  мүмкін. 

Сондықтан  ондай  кездерде  «абоненттің  қолы  тимей 

жатыр»,  «абонент  жиналыста»,  «абонент  қонақта 

отыр» деген сияқгы жүйелерге қойып қойған дурыс.

Көшеде бір топ адам болып әңгімелесіп тұрғанда -  

ұялы 

телефоныңызға 



қоңырау 

келсе 


сұхбаттастарыңызға  «кешіріңіздер»  деп,  телефонмен 

оңашалау кетіп сейлескен жөн.

Театрда,  концертте,  кинода,  жиналыс  кезінде, 

қазалы жерде ұялы телефонды сөндіріп қойыңыз.

Қайғы-  қасіретке  көңіл  айту  үшін  телефон  соғу  -  

әдепсіздік.

КӨШЕДЕ,  ҚОҒАМДЫҚ 

ОРЫНДАРДА,  МӘДЕНИЕТ 

ОШАҚТАРЫНДА,  КӨЛІКТЕ

Көше  -   халықтың  ең  көп  жүретін  жері.  Көшеде 

қаншама  бейтанью  адамдардың,  таныстардың  сіз 

танымасаңыз  да  сізді  танитын  адамдардың  болуы 

ықтимал.  Көшеде  киген  киіміңіз де,  жүріс-тұрысыңыз 

да, 


басқа 

да 


қиымыл-әрекеттеріңіз 

жалпыға 


жағымсыз  болмауы  тиіс.  Сондықтан  әдепті  адам 

осының бәріне мән береді.

•   Көшеге  шығардан  бұрын  киіміңіздің тазалығын, 

ыңғайлылығын,  қалтаңызда  бет  орамалыңыз  бар 

екенін қарап алыңыз.

•   Кешенің  оң  жағындағы  тротуармен  яғни, 

автомобильдер жүретін бағытпен жүрген дұрыс.

•   Кездесіп  қалған  досыңызбен  тротуардың  қақ 

ортасында  тұрып  алмай  бір  шетіне  ығысып  тұрып 

сөйлескен  жен.  Сейлесу  ұзақтығы  танысыңызды 

басқа жұмыстарынан қалдырмау керек.

•   Жаныңызда  немесе  қарсы  алдыңызда  адамдар 

бар  кезде  түшкіруге,  жетелуге,  сіңбіруге,  түкіруге 

абай болыңыз.

19


•  Түмау немесе басқа жуқпалы індетіңіз бар кезде 

маска (медициналық) киіп алған жөн.

•  Жүргенде 

қолыңызды  салбыратып,  не 

қулаштап жүру әдемі көрінбейді.

• Аяқ пен қол бір ырғақта қозғалған жөн.

• 

Кең 


адымдап, 

асыға 


басу 

еркектерге 

жарасқанмен, әйелдерге лайықты емес.

• 

Біреумен 



қолтықтасып  журер  болсаңыз, 

мүмкіндігінше аяқты тең басып жүріңіз.

• 

Көшенің 


арғы 

бетіндегі 

танысыңызбен 

айқайласып  сөйлесу  басқалардың  мазасын  апуы 

мүмкін.

•  Жол ережелерін сақтаңыз.



•  Қария  адамдарға,  әйелдерге,  жас  балаларға, 

мүгедектерге кешеден етіп кетуіне көмектесіңіз.

•   Біреумен  соқтығысып  қалсаңыз,  ілтипатпен 

кешірім сұраңыз.

•  Кешеде  жөн  сұрағандарға  білгеніңізді  айтып 

беріңіз.


•   Өзіңіз  біреуден  бірдеңенің  жөнін  сұрар 

болсаңыз  сөлемдесіп  алып  «кешіріңіз»  деп  тұрып 

сұрағыңызды  қойыңыз.  Жауап  алған  соң  алғыс 

айтуды ұмытпаңыз.

•   Көшеде  өн  салу,  ысқыру,  қатты  сөйлеу,  қатты 

күлу, дауласу көргенділікке жатпайды.

•   Керегі  жоқ  нәрсені  (қағаз,  темекі  тұқылы  т.с.с.) 

көшеге 


лақгыра 

салмай 


арнайы 

жәшіктерге 

тастаңыз.

•   Өзіңнен  жасы  үлкен  адамнан  темекі  тұтатып 

алмаңыз.

•  Басқалардың  көзінше  ғашықтардың  кешеде 

сүйісіп  тұруы,  жабысып  құшақтасып  тұруы  өрескел 

көрінеді.

• Сағызды  білдірмей шайнаған жөн.

•   Кепшіліктің  көзінше  әйелдің  боянғаны  әбестік 

болады.

•  Қадірлі  адамыңызды  және  әйелді 



оң 

жағыңызда  жүргізіңіз.  Егер  әйел  қол  сөмкесін  сол

20


қолында  ұстап  келе  жатса,  онда  ер  адам  оның  оң 

жағына шығады.

Қоғамдық  көлік  (автобус,  трамвай,  траллейбус, 

пойыз  т.с.с.)  тоқтамай  жатып  алдыға  ентелемеңіз. 

Көпшілік  көлікке  ең  алдымен  егде  адамдардың, 

әйелдердің  мініп  болуын  күтіңіз, 

көмек  керек 

жағдайда қолтығынан демеп жіберуге де болады.

Қоғамдық  көліктерде  жүргендегі  негізгі  қағида  -  

адамдардың  бір-біріне  деген  сыйластығы.  Әсіресе 

қарт адамдарға, балалы  әйелдерге жағдай  жасалуы 

қажет.  Бос  орындар  біріншіден  осы  тақылеттес 

адамдарға 

берілуі 


керек. 

Тәрбиелі  ер-азамат 

түргеліп  тұрған  әйелге орын  ұсынады.  Келіктен  түсу 

үшін  адамдар  арасынан  тығылысып  етуге  тура 

келеді.  Ондай  жағдайда  қоршағандардан  кешірім 

сұрай өтіңіз.

Автобус,  трамвай,  траллейбустарда  тамақ жеуге 

болмайды, салонға бапмұздақ алып кірмейді.

Қол  жүгіңіздің  басқа  жолаушыларға  ыңғайсыздық 

тудырмауына  көңіл  бөліңіз,  алдын-ала жинақы  етіп 

алыңыз.  Пойызда  егде  адамдардың,  әйелдердің 

жүктерін 

орналастыруға 

көмектесіп  жіберіңіз. 

Вагондағы 

бегде  адамдармен 

бірден  таныса 

салуға,  не  әңгімелесіп  кетуге  құлшыну  дұрыс  емес. 

Бұл  мәселе  жолаушылардың 

кеңіл  күйлеріне, 

мінездеріне, 

еріктеріне 

байланысты 

байыппен 

басталуы  керек.  Себепті  кажеттілік  болмаса,  қысқа 

жолда  әңгімеге  тартқылай  беру  де  ізеттілікке 

жатпайды.

Пойыздан  түсерде  вагоннан  бірінші  жас  адам 

түсіп  үлкенге  немесе  ер  адам  түсіп  әйелге 

кемектеседі.

Таксиге  орналасқанда  қонағыңыэды  алдыңғы 

орынға  жіберіп,  өзіңіз  артқа  отырғаныңыз  орынды 

болмайды. 

Ондай 


жағдайда 

қонақгы 


артқы 

орындықтың оң жағына (тротуар жағына) отырғызып, 

өзіңіз  қарсы  есіктен  кіріп  оның  жанына  жайғасыңыз.

21


Егер  өзіңіз  рөлде  болсаңыз,  оны  жаныңыздағы 

орындыққа отырғызуға болады.

Баспалдақта  қолында  жүгі  бар  адам  сізге  қарсы 

жоғары көтеріліп  келе жатса, ығысып жол беріңіз.

Баспалдақпен  кетерілерде  ер  адам  алда,  ал 

түсер кезде әйел адам алда жүреді.

Лифті  есігінің  жанында  тек  әйел  мен  ер  адам 

тұрса, лифтіге әйелді бірінші еткізеді,  егер  көп адам 

тұрса  жақын  тұрғандары бірінші  кіреді.  Лифті  ішінде 

басқалардың бетіне тесіле қарау ынғайсыз болады.

Дүкенге, 

не 


супермаркетке 

кіре 


қалсаңыз 

сатушыға,  кассирге,  басқа тұтынушыларға  қолайсьіз 

жағдай  туғызбас  үшін  теменгі  ережелерге  көңіл 

бөліңіз:


•  Сіз  алған  тауар  құнын  есептеп  жатқанда, 

ақшаңызды  дайындап  тұрыңыз.  Кассир  сумманы 

айтқанда,  қалтаңыздан  ақша  іздеп  жату  кезекте 

тұрған басқалардың уақытын алады.

•  Кассирдің  күрделі  жұмысын  қиындатпас  үшін 

касса жанында ұялы телефонмен сөйлеспеңіз.

•Сөреден зат (тауар) алып жатқанда тауар жерге 

түсіп  кетіп,  сынып,  не  шашылып  қалса,  сол  күйінде 

тастап  кетпеңіз,  бұл  туралы  дүкен  қызметкерлеріне 

ескертіңіз.

•   Сауда  лентасында  жатқан  біреудің  тауарын 

жылжытпаңыз, ұстамаңыз.

•  Тауар  салған  арбаны  автомобиль  тұрағына 

қалдырып кетпей, дүкенге апарып тастаңыз.

Мейрамханаға,  кафеге,  асханаға  кірген  ер  адам 

бас киімін шешеді. Содан соң гардеробқа сырт киімін 

өткізеді.

Егер  еркек  әйелмен  келсе,  ол  өзімен  келген 

әйелдің 

сырт 


киімін 

шешуге 


(кейін 

киюге) 


кемектеседі.  Әйел  қарсы  болмаса,  немірді  еркек өз 

қалтасына  салады.  Сырт  пішінін,  шашын  ретке 

келтіру  залға  кірмес  бұрын  вестюбюлде,  не 

әжетханада жасалады.

22


Мейрамхана залына бірінші әйел  кіреді,  одан  соң 

ер адам  алдыға  өтіп үстелге  қарай жүреді.  Егер бос 

:  орын  табу  қиынға  соғатындай  болса  даяшылардан 

сұраған  жен.  Үстелдер  арасынан  етіп  бара  жатып 

онда 

отырғандарға 



тесіле 

қарамаңыз 

және 

орындықтырға  тиіп  кетпеңіз.  Үстел  табылған  соң, 



і  орындықты  арқасынан  үстап  әйелдің  отыруына 

і 

ыңғайлаңыз.  Ер  адам  мен  әйел  екеуі  ғана  келсе, 



шағын  үстелге 

бір-біріне  қарама-қарсы  отырады. 

Топ  болып  келген  жағдайда  ер  адам  ертіп  келген 

I  әйелінің  сол  жағына  орналасады.  Үстел  үстіне 

шынтақ қойылмайды.  Тамақты жасы үлкен  адамдар 

немесе  әйелдер  бірінші  таңдайды.  Мейрамханадан 

кетуге  (тарқауға)  бірінші  болып  жасы  үлкен  кісі 

немесе әйел ниет білдіреді.

Театрға  барудың  өзі  -   үлкен  мереке.  Сондықтан 

қай  қойылымды  көруге  барсаңыз  да,  ұқыпты 

дайындалғаныңыз дұрыс.

Театрға,  концертке  жақсы,  сәнді  киініп  бару  -  

саптанаттылықгың және  өнерге,  өнер  саңлақтарына 

деген құрмет белгісі.

•   Қалыптасқан дәстүр бойынша ер адамдар қара, 

қоңыр,  күңгірт  түсті  костюммен,  галстук  таққан,  ақ 

көйлек кигені дұрыс.

•   Театрға  әйелдер  сәнді  де,  сыпайы  кейлек  не 

костюм  киеді.  Концертке  кешкі  кейлек  кисе  де 

болады.  Шүбатылмалы  етегі  бар  көйлек  кисеңіз, 

езіңізге де өзгелерге де ыңғайсыздық тудырасыз.

•  Қыздарға ақшыл көйлек киген дұрыс.

•   Театрға,  концертке  әйелдер  қысты  күні  өзімен 

і  бірге  туфлиін  апа  келіп,  арнайы  бөлмелерде  не 

:  әжетханада киіп алса болады.

•   Көрермендер  залына  басқаларға  сахнадағы 

әрекеттерді,  не  экрандағы  филімді  керуге  кедергі

I  жасайтын бас киімдермен кіруге болмайды.

•   Басқалармен  қатар,  тығыз  отыратын  жерлерге 

[  барардаеткір иісті  тағамдар ішпеуге тырысыңыз.

•  Әтір мен иіс су себерде де мөлшерден аспаңыз.

23


• Киноға көшеге киетін киімдермен бара береді.

•  Театрға 15-20 минут ерте келіңіз.

•  Ер адам вестибюлге кіргенде бас киімін шешеді. 

Жанындағы  әйелдің  сырт  киімін  шешуге  кемектесіп 

немірлерді  әйел  қарсылық  етпесе  ер  адам  ез 

қалтасына салады.

•   Залға  (театр,  концерт,  кино)  кірерде  ер  адам 

бірінші  болып  кіреді,  шығарда  әйел  бірінші  болып 

шығады.  Егер екі жұп болған жағдайда бірінші бір ер 

адам,  сонан  соң екі  әйел,  сонан  бір  ер  адам  кіреді. 

Екі жұп осы ретпен отырады.

•   Сіздің  орныңыз  залдың  ортасында  болса 

ертерек  орналасып  алыңыз.  Ал  орныңыз  шетте 

болса, соңғы қоңыраудың алдында кіріңіз.

• 

Сіз(дер)ден 



бұрын 

отырып 


қалған 

керермендерге  алдыңғы  жағыңызды  беріп  өтіңіз.  Ер 

адам  алда  жүреді,  әйелді  өзінің  оң  жағына 

отырғызады. 

Олай-бұлай 

еткенде, 

отырғанда, 

тұрғанда 

креслолардың 

тықырламауына, 

шықырламауына  көңіл  беліңіз.  Алдыңғы  креслоға 

сүйенуге,  не аяқ тіреуге болмайды.

•  Бағдарлама басталып кеткеннен  кейін  келсеңіз. 

есіктің  жанында  қалыңыз  не  ең  шеткі  креслоға 

орналасыңыз.

•  Өнерді, өзгені сыйлаушы  көрермен бағдарлама 

жүріп  жатқанда  тыныш  отырады.  Аса  қажет 

жағдайда  ғана  ешкімге  кедергі  етпейтіндей  жәй 

сейлескені абзал.

•  Дүрбі  сахнадағы  көріністерді  керуге  ғана 

арналған,  сондықтан оны  көрермендерге бағыттаған 

ыңғайсыз болады.

• Қол шапалақтау жақсы өнерге деген марапаттау 

болып есептеледі.

•  Балет  немесе  опера  спетакльдерінің  алдында 

сахнаға шыққан дирижерге қол соғады.

•  Классикалық  концерттерде  сахнаға  дирижер, 

концертмейстр 

немесе  солист  шыққанда  қол 

соғылады.  Дирижер  тұғырға  көтеріліп,  таяқшасын

24


көтергенде  қол  соғу  кілт  тоқтау  қажет.  Солист 

немесе  ансамбль  енерін  бастар  алдында  да  қол 

шапалақтауды тыю қажет.

•  Концерт  не  спектакль  аяқталғанда,  сахнаға 

сәлем 

жасап 


шыққан 

орындаушыларға, 

бағдарламаны жасаушыларға қол соғылады.

•   Концерт  не  спектакль  унамаса,  бағдарлама 

жүріп  жатқанда  шығып  кету  әдептілікке  жатпайды 

және басқа керермендердің мазасын алатыныңызды 

ұмытпаңыз.

Ашық  жерде  ететін  бағдарламаларда  көрермен 

өзін  еркін  ұстағанмен  өнер  керсетушілерге,  басқа 

көрермендерге кедергі жасамауы қажет.

Мұражайда,  кермеде,  кітапханада ең басты ереже 

айналадағыларға  кедергі  жасамау.  Экспонаттарға, 

мұрағаттарға, кітаптарға ұқыпты болу.

Бұл мекемелерге арнайы киіну қажеттілігі жоқ.

Қызметтес  досым  бапасының  үйлену  тойына 

кешкі  сағат  19:00-ге  мейрамханаға  шақырған. 

Әдеттегідей  уақытылы  бардым.  Бірақ  жиналған 

адамдар  саны  тым  аз  екен.  Бұл  той  да  уақтылы 

бастала 

қоймайтын 

болды-ау  деп 

уайымдай 

бастадым.  Айтқандай  бір  сағатқа  жуық  уақыт 

өткенде  ғана  қонақтар  жиналып  қалғандай  болды. 

Той  иесіне  «қашан  бастайсыз?»  -  деген  сұрақтар 

қойыла  бастады.  «Қүдалар  келмей  жатыр»  -  деп 

күңкілдеді  ол.  Сонымен,  көп  күттірген  құдалар  да 

келді-ау!

«Ырғалып-жырғалғанша»  уақыт  кешкі  9-ға  да 

жақындап  қалған  еді.  Басталды-ау  әйтеуір!  Менің 

жанымда  отырған  алпыстарға  тақап  қалған  екі 

кісімен  танысып, 

бір-бірімізге  ас-дәм  ұсынып

О Л )  


ҚОНАҚҚА БАРУ, 

ҚОНАҚ  ҚАБЫІ1ДАУ

25


отырдық.  Бірі  той  иесінің  туыс  ағасы  екен  де,  бірі 

нағашы  ағасы  екен.  Бір  сағатқа  жетер-жетпес 

уақытта  олар  қайтатындарын  айтты.  Есік  алдына 

дейін 


шығарып  салуға  орнымнан  тұрдым.  Есік 

аузында:  «Ағалар-ау,  асығыс тұрдыңыздар  ғой»-деп 

едім,  «Айңалайын,  біздер  бәлен  облыстың,  бәлен 

ауданының,  бәлен  ауылынан  келдік.  Ағайындар 

тойға  сендер  барып  қайтыңдар  деп  ұйғарған  соң 

жұмысымыздан  3-4  күнге  әзер  сұранып,  жеке 

шаруашылығымызды  кейінге  ығыстырып  қойып, 

аудан  орталығынан  осы  жерге  дейін  пойызбен  18 

сағат  жүріп  келгенбіз.  Енді  қазір  кешкі  23:00-де 

пойызымыз  бар,  одан  қалсақ  жұмысқа  сұранған 

уақытымыздан  екі  күнге  кешігіп  қаламыз.  3 - 4  сағат 

болса да тойды тамашалап, елге әжептәуір әсермен 

қайтамыз ғой деп едік... Халық кеш жиналды ғой... »- 

деді.  Ренжіп  бара  жатты.  Ренжитіндей-ақ  бар-ау! 

Алыстан  келсін,  жақыннан  келсін  уақытылы  келген 

қонақты соншама күттіруге бола ма екен?!.

Сондай-ақ,  «Құдаңды  құдайыңдай  сыйла»  деген 

мақал  шығарып  алыппыз.  Жаратқан  иемізге ешкімді 

де,  ешнәрсені  де  теңестіруге  келмейді.  Рас  құданы 

құрметтеу ләзім, ал Раббымызбен қатар қою қателік. 

Сондықтан мақалдарға да абай болған абзал.

Құда  демекші,  құда  келмей  той  бастамау  әдетке 

айналып  кетті.  Уақытылы  келген  қонақты  күтгіріп 

қоятын  болдық.  Құданы  құрметтеу  халқымыздың 

бойына сіңген  қадірлі қасиет.  Бірақ бізді құрметтеуге 

тиіс  деп 

соншама 

кешігіп 


келу  басқаларды 

сыйламаушылық  емес  пе?!  Қонаққа  бару,  мейман 

күту кезінде мына ұстанымдарды есте ұстаған жөн:

•  Қонаққа  барсаңыз,  уақытылы  барыңыз!  Кешігіп 

бару  шақырушыларды  басқа  қонақтар  алдында  өте 

ыңғайсыз  жағдайға  қалдырады.  Кешігіп  бару  қай 

ортада  да,  қай  заманда  да  мәдениеттілікке  жатқан 

емес!


•   Шақырылған  жерге  бара  алмайтын  болсаңыз, 

бірден 


немесе 

алдын-ала 

7-8 

күн 


бұрын

26


ескерткеніңіз  жөн.  Бұл  қонақ  кутушілерді  бекер 

әуреге салмау деген сөз.

•  Қонаққа  барарда  әдемі  киініп  бару,  өзіңізді  де, 

езгелерді де сыйлағаныңыз болып табылады.

•  Қонақта  отырғанда  да үлкендерді  сыйлап  көңіл 

бөліп отырыңыз.

•   Басқалардан  бұрын  дастарханға  отыра  сапмай 

үй иелерінің  ұсынысын кутіңіз.

• 

Үй 


иелері 

ұсынған 


дәмдерді 

«мынаны 


унатпаушы  едім»  демей  унаған  тағамыңызды  алып 

отырыңыз.

• Жаппыға салынған тегенедегі тамақгы  шұқылап 

таңдамай  шетінен  ғана 

алып  өз  тәрелкеңізге 

салыңыз.


•  

Тамақ 


дайындаған 

үй 


иесін 

(әйелді) 

тағамдарының дәмділігін айтып,  қошеметтеп  қоюды 

ұмытпаңыз.

•   Үстел  үстінде  тамақ  жеп  отырып  жерге  түсіп 

кеткен  қасық,  шанышқы  т.с.с.  кетермеңіз,  басқасын 

беруді өтініңіз.

•  Орындыққа  отырғанда  бүкірейіп  қалмай,  не 

шалқаламай, бірқалыпты еркін отырыңыз.

• Дәм үстінде үстелге шынтағыңызды қоймаңыз.

•  

Орындықгы 



дырылдатып 

ығыстырмаңыз, 

арқалығынан ұстап қана көтере жылжытыңыз.

•   Орындыққа  отырғанда  аяқты  бірінің үстіне  бірін 

қоймаңыз,  аяқтарыңыздың арасын  тым  алшақ ұстап 

отыруға  да  болмайды.  Аяқтарды  созбай,  тізелерді 

өкшелерді бір-біріне мүмкіндігінше жақын ұстаңыз.

Қонақта отырғанда қол қимылына да көңіл бөліңіз:

•  

Тізеңізге 



алақандарыңызбен 

сүйеніп 


отырмаңыз.

•  Біреудің орындығының арқасына қол қоймаңыз.

•  Қолдарыңызды  кеудеңізге айқастырмаңыз.

•  Жағыңызды таянбаңыз.

•  Екі қолыңызды желкеңізге қоймаңыз.

•  Үстелді немесе орындықты тақылдатпаңыз.

•  Тырнақтарыңызды шұқыламаныз.

27


•  Басыңызды, желкеңізді уқаламаңыз.

• Қол сермеп сөйлемеңіз.

• Саусағыңызды шошайтпаңыз.

Той  өткізу  салтымыз  да  түсініксіз  болып  жүр. 

Тойға  үлкен  де  кіші  де  шақырылып  (әке-шешесі, 

баласы-келіні т.с.с)  бір залға  кейде тіпті  бір үстелге 

отырғызылады.  Бәрін  топтап  тост  айтуға  шақырыл, 

шетелдің айқай-шу әуеніне бірге билетеді. Атасы да, 

келіні  де,  қайнағасы  да,  енесі  де,  күйеу  баласы  да 

соның  ішінде.  Қайынатасы  мен  келіні  қайтіп 

билемек?! Түсініксіз...

Үйге 


қонақ 

шақырар 


болсаңыз 

алдын-ала 

(оншақгы  күн  бұрын),  қандай  себеппен  екенін,  қай 

уақытта,  қандай  жерге  (мекен-жайы)  екенін  дәл 

айтып,  арнайы  өзіңіз  шақырғаныңыз  жөн  болады. 

Қонаққа  біреу  арқылы  шақыру  дұрыс  болмас  еді. 

Сонымен  қатар  қонақтар  үйдегі  біреудің  туған  күні 

екенін  келгеннен  кейін  ғана  білсе  өте  ыңғайсыз 

жағдайда 

қалатынын 

естен 

шығармаңыз. 



Шақыратын 

қонағыңызға 

шақыратыныңызды 

басқапардың көзінше емес өзіне ғана айтыңыз.  Ерлі- 

зайыпты  адамдарды  бірге  шақырған  дурыс.  Қонақ 

өзімен  бірге  баласын  не  немересін  ертіп  келсе 

ренжімей,  ол  баланың  да  көңілін  табатындай 

жағдай жасаңыз.

Қонақ  келіп  жатқанда  қазан-ошақтың 

қасында 


жүріп  қалмай  немесе  аула тазалап  жатпай,  алдын- 

ала киімдеріңізді киіп, күтіп алуға дайын түрыңыз.

Қонақ  күтуге  дайындалу  да  оңай  шаруа  емес, 

дегенмен  қонақтарыңыз  келгенде  шаршағаныңызды 

не  қобалжығаныңызды  білдірмей  жарқын  жүзбен 

жайдары  күйде  қуана  қарсы  алыңыз.  Сырт  киімін 

шешуге  көмектесіңіз.  Қайбір  қонақ  сурап  қалған 

жағдайда  үйде  киетін  жеңіл  таза  аяқ  киімдердің 

дайын түрғаны жөн.

Бірінші 


келген 

қонақтар 

басқаларды 

күтіп 


отырғанда  іштері  пыспас  үшін,  үй  иелерінің  бірі

28


оларға  серіктесіп  отырады  немесе  жаңа  газет  -  

журнал, фотоальбом т.с.с. ұсынады.

Төрден  жасы  үлкен  адамдарға  орын  беріледі. 

Қатысушы  жасы  үлкен  адамдар  өздерді  отыратын 

төрдегі  орындарды  алыстан  келген  немесе  апғаш 

рет келіп отырған  қонақтарға ұсынуына ерікті.

Қонақтарды бір-бірімен үй иелері таныстырады.

Қонақтардың 

еркін 

әңгімелесіп 



отыруына 

теледидардың кері әсері болуы мүмкін болғандықтан 

оны  өшіріп  тастаған  жөн.  Қонақтар  үшін  дыбысын 

аздау  қылып 

жеңіл  ғана  баяу  сарынды  музыка 

ойнатып қоюға болады.

Үй  иелері  қонақтарға  бірдей  (алаламай)  көңіл 

бөлулері  қажет.  Тағам  алуды  бірінші  қонақтар 

бастайды.  Үй  егелері  қонақтан  бұрын  тамақ  жеп 

болғанын білдіруге болмайды.

Тарқап  бара  жатқан  қонақтарға  рахмет  айту  үй 

иелерінің әдептілігі болып есептеледі.

Қонақтардың  ішінде  жалғыз  келген  қыз  немесе 

әйел  адам  болса  олардың  үйлеріне  жаяу  кетпеуін 

және жайлы баруын үй иесі ұйымдастырғаны абзал.


«Алланың өзіде рас,  сөзі де рас,

Рас сөз еш уақь/тта жалған болмас. 

Көп кітап келді Алладан,  оның төрті 

Алланы танытуға сөз айырмас» 

Абай

«Мен ақылдымын деген адамның ең соңғы  табан 

тірер нүктесі Ислам болуга тиіс»

Лев  Толстой

«Адамгершіліктің бүкіл қағидаларын Құраннан 

артық дамыту,  Ілгерлету мүмкін емес»

Гете

«Еуропаны Ислам ғана қүтқарады»

Ридчард Белл

«Дін  - ғылымның анасы, 

Дін -  ғылымның көкесі 

Ғылым

  -  


діннің баласы 

Ғылым -  діннің бөпесі»

Мүқағали Мақатаев

зо



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет