Талжанов С.
Орталық Қазақстан ауыл шаруашылығын табиғи-
географиялық аудандастыру / С.Талжанов // Ізденіс. – 2004. –
№1. – 169-172 б.
Ауыл шаруашылығын жүргізудің ғылыми негізделген жүйесін
ұйымдастыру - экономикалық жəне техникалық шаралардың бір-бірімен
байланысты біртұтас жиынтығы іспеттес. Бұларды ауыл шаруашылық
кəсіпорындары мен шаруа қожалықтарында табиғи жəне экономикалық
жағдайлар мен мемлекеттің товарлы өнімнің белгілі бір түріне деген
заказдарын ескере отырып жүзеге асыру жер көлемі өлшеміне еңбек пен
қаражатты аз жұмсауымен-ақ ауыл шаруашылық өнімдерін өндірудің жоғары
дəрежесіне жетуге мумкіндік береді. Бұл шараларға мыналар жатады:
өндірісті мамандандыру, шаруашылық салаларын, егіншілік пен мал
шаруашылығы жүйелерін дұрыс үйлестіру, ауыл шаруашылығы өндірісінің
барлық салаларын кешенді механикаландыру жəне электрлендіру, күрделі
қаржыны барынша тиімді бағыттау жəне пайдалану, жоғары өнімді ауыл
шаруашылық өндірістің барлық салаларын тиімді жүргізу жөніндегі
ұйымдастыру экономикалық шаралары. Төменде Қазақстанның ауыл
шаруашылық кəсіпорындары мен шаруа қожалықтарында шаруашылықты
жүргізу жүйесін жасаудың жалпы кестесі келтірілді.
Табиғат жағдайларының сипаттамасы. Агроклиматтық жағдайлар, жергілік-
ті рельефтер, топырақ қабаттары мен өсімдік дүниесі, су ресурстарының
микроаймақтары бойынша сипаттама. Мұнда мынандай мəселелерге назар
аудару қажет:
1. Жыл мезгілдері бойынша жылдық орта температура мен жауатын
жауын-шашын; вегетация мезгілінің жылдық орта ұзақтығы, осы мезгіл
ішінде жауатын жауын-шашын мен қолайлы температура жиынтығы; аязсыз
мезгілдің ұзақтығы; мал түліктеріне қарай жайып бағу уақытының ұзақтығы.
Ауыл шаруашылығы өндіріс үшін климаттың қолайсыз құбылыстары
(қуаңшылық, аңызақ, тоңазу, мұзтайғақ, қалың қар, қақаған аяз жəне
осылардың қайталануы мен ұзақтығы).
2. Шаруашылық топырағының агроөндірістің сипаттамасы (типтері,
айырмашылығы мен олардың көлемі); жыртылатын қыртыстың тереңдігі,
қара шірік топырақтың сапасы; сортаңдылығы; топырақ типіне қарай
тыңайтқыш қабылдауы; эрозияға (жел жəне су) ұшыраған жер көлемі, жер
асты су қабатының терендігі жəне оның минералдануы.
3. Шаруашылық территориясының рельефі (далалы, жазықты, дөңесті,
жыралы, таулы т.б.); ылдилардың бағыты мен тіктігі, рельеф шарттары
бойынша жыртылмайтын жерлердің көлемі мен пайызы.
4. Шаруашылықтың суландырылғандығы мен сумен қамтамасыз
етілгендігі, (өзендер, көлдер, бөгендер, құдықтар, скважиналар) олардың
жазғы жəне қысқы мезгілде адамдар мен малды сумен қамтамасыз етудегі
рөлі мен маңызы; жер асты жəне артезиандар суының жатқан тереңдігі; жер
асты суының сапасы, мал жайылымы участоктарының сумен қамтамасыз
етілуі.
5. Табиғи өсімдіктердің басым түрлері, шабындық пен жайылымдар-
дың типологиялық құрамы, мал жайылымының маусымдылығы мен
өнімділігі.
Орталық Қазақстан жерінің топырақ-климат жағдайы өте күрделі болып
келеді. Мұнда табиғи шаруашылық үш зонаға бөлінеді: құрғақ далалық аймақ
шөлейтті аймақ, шөлді аймақ.
Бірінші құрғақ далалық аймақта сүт өндіретін мал шаруашылығы негізінен
алғанда сүтті қалаларға жəне жұмысшы кенттеріне немесс сүт қабылдау
пункттеріне кедергісіз жеткізіп тұру үшін өнеркəсіп орталықтарының маңына
орналасқан шаруа қожалықары шоғырланған.
Құрғақ далалык аймақ өзіне тəн жер бедері - оқшауланып тұратын биік
шоқылары, бұйраттары, аңғарлары мен жазықтары бар ұсақ шоқылы
аймақтың орталық бөлігін алып жатыр. Топырағы күңгірт қара-қоңыр, ал
солтүстігінде аздаған оңтүстіктің қара топырағы кездеседі. Жауын-шашын-
ның жылдық мөлшері 260-300 мм. Құрғақ далалык аймақтың негізгі өсімдігі
жусан бетеге, боз-селеу, қылтабас, жоңышқа, тобылғы жəне т.б. Климат
жағдайы егіншілікті кеңінін дамытуға мүмкіндік береді. Бұл аймаққа
Осакаров, Бұқар жырау жəне Қарқаралы ауданының Томар жəне Еңбек, Нұра
ауданының Амантау, Балықтыкөл, Нұра шаруашылықтарынан басқасы енеді.
Құрғақ далалық аймақтың ауыл шаруашылық өнімін өндіретін
шаруашыылықтар жерінің жалпы көлемі 8 млн. гектардай. Қарағанды
Теміртау, Саран, Шахтинск, Абай қалалары осы далалық аймақта. Бұл
аймақта астық, ет, сүт, жұмыртқа, көкөніс, картоп өндіріледі.
Екінші - шөлейтті аймақ. Ол қазақтың ұсақ шоқылы аймағының оңтүстігін
жəнс оңтүстік-батысын алып жатыр. Жер бедері жағынан бұл аймақ едəуір
жазық келеді. Топырақ сортаңдығы əр түрлі қара-қоңыр жəне ашық қара
қоңыр. Сортаңданбаған қызғылт қоңыр жəне бозғылт қоңыр топырақ
егіншілік үшін пайдаланады. Климаты өте құрғақ əрі контитентальды.
Жауын-шашынның жылдық мөлшері 220-260 мм. Солтүстігінде шөлдік
шөптермен аралас, шымға шығатын астық тұқымдастар басым. Кей жерінде
жусандар тараған. Шаруашылықтың маңызы жөнінен шөлейтті аймақ - ірі
қара мен қойдың жайылымы. Су қоры аз, сондықтан егіншіліктің тиімділігі
жоқ. Бұл аймақ Жаңаарқа ауданының 15-шаруашылығын, Жезқазғанның
солтүстік-шығысындағы 7-шаруашылығын, Шет ауданының 7-шаруашылы-
ғын, Ақтоғай ауданының солтүстік бөлігіндегі 6-шаруашылығын, Нұра
ауданының 3-шаруашылығын жəне Қаркаралы ауданының далалық аймаққа
кірмей қалған екі шаруашылығын қамтиды. Шөлейтті аймақ шаруашылықта
пайдалану жөнінен алғанда ірі қара, жылқы, қойдын жайылымы. Мал
шаруашылығының жетекші саласы - етті мал өсіру.
І-кесте. Облыс жерінің табиғи шаруашылық аймақтарға
бөлінуі мен мамандануы
Зона
Кіретін аудандар
Топырақ жамылғысы
Мамандануы
1. Қүрғақ
далалық
Осакаров, Бұхар Жы-
рау, Қарқаралы (Еңбек,
Томар шаруашылықта-
рынан басқасы). Нұра
ауданының Балықтыкөл,
Нұра шаруашылықтары-
нан басқасы. Жаңаарқа
ауданының солтүстік бө-
лігімен Шет ауданының
солтүстік бөлігі кіреді.
Күңгірт қара-қоныр жə-
не қара-қоңыр, ал сол-
түстігі оңтүстіктің қара
топырағы.
Сүт өндіру, етті - сүтті
ірі қара мал шаруашы-
лығы, шошқа шаруашы-
лығы жəне астық көк-
өніс, картоп өндіру.
2. Шөлейт Жаңаарқа ауданының 15
шаруашылығы Жезқаз-
ғанның солтүстік шығы-
сында - 7, Шет ауданын-
да -7, Ақтоғай ауданын-
да - 6, Нұра ауданында
- 3, Қарқаралы
ауданының -2 шаруашы-
лығы кіреді.
Сортаңды, əр түрлі
қара-қоңыр жəне ашық,
қара-қоңыр топырақ.
Қой шаруашылығы, етті-
сүтті ірі қара мал шаруа-
шылығы, егін шаруашы-
лығы.
3.Шөл
Ақтоғай, Шет, Жезді ау-
дандары кіреді.
Қара-қоңыр жəне ашық
қара-қоңыр топырақ
Қой
шаруашылығы,
жылқы, жылқы шаруа-
шылығы, аздап сүт ша-
руашылығы
(Балқаш,
Жезқазған қалалары).
Үшінші - шөлді аймақ. Ақтоғай, Шет, Ұлытау аудандары кіреді. Облыс
жерінің шегінде бұл аймақ Бетпақдала шөлінің солтүстік жағын, шөл болып
келетін Балқаштың солтүстік жағалауын жəне Қарақұмның біраз жерін алып
жатыр. Топырағы негізінен - құба жəне сұрқұба топырақ. Жауын-шашынның
жылдық мөлшері 110-150 мм.
Егіншшік жоқ, негізгі жер қоры қойға жайылым ретінде пайдаланылады.
Өсімдігі жусан, жусанды ащылы жəне сораң шөп басым. Шөлді аймақтың
өсімдігі қой мен түйе үшін маусымдық жайылым. Құмды жерлерде еркек-
шөп, еркекшөп-теріскен, сұр жусан өседі.
Жезқазған, Балқаш қалаларына жақын шаруашьшықтарда аздап сүт
өндіреді.
Облыс жерін табиғи-шаруашылық аймақтарға бөлгенде, негізінен алғанда,
топырақ климат жағдайлары еске алынады. Сонымен қатар ауыл
шаруашылығы өндірісінің қалап алған орналасу жағдайы, жерді игеру
дəрежесі жəне басқа да мəселелері ескеріледі [1].
Ауыл шаруашылығын территориялық тұрғыдан тиімді ұйымдастыру үшін
табиғат жағдайы мен ауыл шаруашылығы өндірісінің өзгешеліктерін жан-
жақты қарастыру керек [2]. Қарағанды облысының ауыл шаруашылығын
аудандастыру кезінде ауыл шаруашылық өндірісінің территориялық
орналасуы мен табиғи жəне экономикалық жағдайларын тиімді пайдалануы
қарастырылды.
Əдебиет
1. Христенко А.Ф. Сельское хозяйство сухостепной зоны Казахстана.
Караганда. 2001. С.44-70.
2. Ракитников А.Н. Методы перспективного сельско-хозяйственного
районирования. М.. 1979. 100-112 с.
3. Клок Б.Н., Дроздов А.И., Берг А.Я. Ауыл шаруашылығын өркендету
жүйесі жөніндегі ұсыныстар. Алматы, 1968. 368 б.
Резюме
В работе определены природиые услония региона дяя использования
сельско-хозяйственных земель и рассмотрены природно-географические
районирования сельского хояйства Центрального Казахстана.
Достарыңызбен бөлісу: |