Талшықты-оптикалық байланыс жүйесінің заманауи технологиялары



Дата11.12.2022
өлшемі44,02 Kb.
#56536
Байланысты:
11 дәріс


Дәріс 11
Талшықты-оптикалық байланыс жүйесінің заманауи технологиялары
WDM және SDH өндірушілерінің құрылғыларын салыстыратын болсақ, онда оны екі топқа бөлуге болады: PDH/SDH жүйелерінің дәстүрлі өндірушілері және соған сәйкесінше құрылғылар (Alcatel, ECI, Ericsson, Lucent, NEC, Nokia, Nortel, Pirelli (Cisco компаниясымен иемденген ), Siemens) және басқалары (ADVA, Cambrian (Nortel компаниясымен иемденген), Ciena, Eonyx, IBM, Osicom) — жаңа өндірушілер.
Біріншілері WDM жүйелерін SDH/SONET жүйелері бірігіп қолданатындай WAN – ға қолданбалы транспорттық құралы ретінде дамытты; екіншілері - LAN үшін транспорттық құрал ретінде (жақсы жағдайда, MAN үшін). Бұл осы өндірушілердің жүйелерінің WDM жүйесінің кірісі мен шығысындағы сигналдарының логикалық форматтарын түйістіру (түрлендіру) үшін пайдаланылатын логикалық интерфейстердің жиынтығынан көрінеді. Осы мағынада бірінші топқа Ciena компаниясын жатқызу керек, себебі ол оған, жабылатын дистанция ұзындығымен (500-800 км) ғана жақындамайды, және пайдаланылатын арналар санымен де (40, 96) және тағы да оларды пайдаланылатын минималды жиіліктер айырымымен (50 ГГц, осындай тығыз арналы жоспарды пайдаланатын жалғыз компания) жауып тастайды.

WDM және DWDM аппаратурасының өндірушілерімен оптикалық арналар саны N = 16/32 бастап N = 40/80 дейінгі аппаратураларды өнеркәсіптік қабылдау және шығару, бұл тарату жылдамдығы STM-64 (10 Гбит/с) және STM-16 (2,4 Гбит/с) деңгейінде болатын SDH аппаратурасы үшін. WDM/DWDM жүйелерінің аппаратурасы транспорттық магистралдың сызықты трактіне едәуір жоғалтулар (бір оптикалық арнаның екі жағында қосқанда 14-18 дБ дейін) енгізетіндіктен, оның оптикалық күшейткішсіз пайдаланылуы қысқа желілерде ғана мүмкін – шамамен бірнеше ондаған километр.


Қазіргі уақытта оптикалық арналар саны 160 (Nortel, Lucent, Siemens) пен 256 (Alcatel) және тарату жылдамдығы 10 және 2,4 Гбит/с болатын DWDM жүйелерінің өнеркәсіптік шығарылуы иемделінген,осының арқасында бір ОТ-ғы өткізу жолағын сәйкесінше 1,6 және 0,625 Тбит/с жеткізуге болады. Alcatel компаниясы бір оптикалық талшық бойымен таратудың қосынды жылдамдығының мифтик 10 Тбит/с барьердің жоғарылауын жариялады.
TeraLight TM түріндегі талшық бойымен ұзақтығы 100 км ТОБС тесттік сынақтарында жылдамдығы 40 Гбит/с болатын 256 оптикалық арналар таратылды, бұл таратудың қосынды жылдамдығына, 10,24 Тбит/с сәйкес келеді. Осының өзінде толқын ұзындықтарының диапазоны 1529,94 - 1561,22 нм (C-диапазон) және 1569,59 - 1602,53 нм (L-диапазон) аралығындағы жиіліктік торы 50 ГГц 128 жартылай өткізгішті РОС - лазерлері пайдаланылды.
Талшықты - оптикалық байланыс жүйелерінің дамуының қазіргі кезеңі, тарату жүйелерінің тиімділігін арттыру жолындағы кезең ретінде сипатталады. Бұл мәселенің шешімі салынып жатқан регионалды, қалалық масштабтағы және локалды ТОТЖ жүйелерінің бағаларының түсуінен тәуелді. Осы арзан және үнемді ТОТЖ – дың көптігін ескере отырып, DWDM

  • жүйелерінің үлкен жүктелуін қамтамасыз етуге болды. Осындай әдістің бір түрі – «қатаң» спектралды тығыздалуы бар - CWDM (Coarse Wave Division

Multiplexing) жүйелері.
ТОБС – ғы оптикалық сигналдардың күшейткіштері.
Арналардың спектралды тығыздалуы бар (WDM- және DWDM-жүйелері), заманауи талшықты – оптикалық байланыс жүйелерінің негізгі түйіндерінің бірі болып, оптикалық күшейткіш саналады. Кең жолақты оптикалық күшейткіштердің (басқа элементтермен қатар) пайда болуы, 90 – ы жылдардың соңында жүзден аса спектралды мультиплекстенуі бар және ақпаратты тарату жылдамдығы 1 Тбит/с дейін жететін тәжірибелік талшықты
– оптикалық байланыс жүйелерін құруға мүмкіндік берді.
Мұндай жүйенің жұмыс істеу қағидасы 1 суретте көрсетілген.



.
Жүйедегі терабитті тарату жылдамдықтарына, сигналдардың уақыттық (ТDМ) және спектралдық (WDM) тығыздалуын (мультиплекстелуін) пайдалану кезінде қол жеткізуге болады. Мультиплексті жүйеде В ақпаратын таратудың толық жылдамдығы - N спектралды арналар санының бір b арнадағы ақпарат тарату жылдамдығының көбейтіндісіне тең:



  • = N·b.

b шамасы технологияның сигналды уақыттық тығыздай алу мүмкіндігімен анықталады. Қазіргі уақытта бір арнадағы тарату жылдамдығы 40 Гбит/с дейінгі жүйелер орын алған, және де бір арнадағы тарату жылдамдығы 160 Гбит/с дейінгі көпарналы тәжірибелік жүйелер туралы айтылған. Жүйедегі N спектралды арналарсаны, көршілес арналар арасындағы

  • толқын ұзындығы бойымен бөлінуі (0,4÷0,8) нм болатын, жоғары да айтылғандай 100-ге дейін жете алады.

Осылайша, ұзартылған терабиттік жүйені жүзеге асыру үшін, спектралды жолағы жоқ дегенде 30 нм болатын, кең жолақты оптикалық күшейткіштер қажет.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет