86
тұсынан бастап бар ұзындығы бойынша кесіп немесе бүйір тұсындағы жиегін
қиып тастайды. Уылдырықты (егер бар болған жағдайда) пайдаланбайды.
Берер алдында мәйекті сауыттан босатып, ен бойына тіктеп кесіп, сорпа
құяды да қайнатады. Бөктірілген күрішпен береді. Бөлек көкөніс қосылған
қызанақ тұздығын немесе кілегей қосылған «Голландтық» тұздығын береді.
Теңіз шаяндарын да осыған ұқсас етіп береді.
Табиғи пісірілген теңіз шаяндары. Толықтай емес ерітілген теңіз
шаяндары топтамасын қайнап жатқан тұзды суға түйіршікті бұрыш пен лавр
жапырағын қосып салады (1кг теңіз шаянына 3л су мен 150г тұз).
Араластырып, шикілей мұздатылғандарды 5 минут ішінде, пісіріліп
мұздатылғандарды 3 судың екінші мәрте қайнау сәтінен бастап 3 минут
пісіреді.
Дайын теңіз шаяндары бетіне қалқып шығады. Оларды үлестерге бөліп,
дербес басытқы ретінде береді.
Тазартылған теңіз шаяндарын гарнирмен (піскен картоп, май қосылған
піскен көкөністер) және тұздықпен (қызанақты немесе сүтті) беруге болады.
Достарыңызбен бөлісу: