Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері


Күріш қосылған теңіз шаяндары



бет76/174
Дата02.12.2023
өлшемі0,77 Mb.
#132712
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   174
Байланысты:
Тамақтандыру кәсіпорындарының технологиялық процестері-emirsaba.org (1)

Күріш қосылған теңіз шаяндары. Пісірілген теңіз шаяндарын сүбеге
бөліп, сорпа құйып, қайнатуға дейін апарады. Басты пиязды жартылай
шеңбермен турап, шала қуырады.
Берер алдында тәрелкеге шашыраңқы күріш ботқасын салып, үстіне теңіз
шаяндары мен шала қуырылған пиязды салып, үгітілген ірімшік себеді. Бөлек
қызанақ тұздығын береді.
Қаймақты немесе сүтті тұздықта пісірілген асшаяндар. Май жағылған
үлеспе табаға пісіріліп тілімдеп кесілген картоптың жартысын, оның үстіне
піскен асшаян сүбесін, жан-жағына картоптың қалған тілімдерін салады.
Сүтті немесе қаймақты тұздық құйып, үгітілген ірімшік себеді. Ерітілген
маргарин сеуіп, қуыру шкафында 5 минут ішінде пісіреді.
«Мұхит» пастасымен әзірленген тағамдар. Жібітілген «Океан»
пастасын түбі жуан ыдысқа салып, өз шырынында ақырын қайнатып,
қайнаған сәттен бастап 3 минут ішінде бөктіреді. Егер паста жылумен
өңделген тағамдарды әзірлеуге пайдаланылатын болса, онда оны алдын ала
бөктірмейді.
Бөктірілген пастаны жайпақ табаға қабатының қалыңдығы 5 см-ден
аспайтындай етіп салады. Дәкемен жауып, 12-10°С-қа дейін салқындатады.
Паста картоппен, күрішпен, басты пиязбен, майонезбен, ірімшікпен, сары
маймен жақсы үйлеседі. Ол ірімшік қосылған пастаны, майонезді, картоп
салатын, турамаланған жұмыртқаларды, әртүрлі сорпаларды (толықтай
пісуіне 3 минут қалғанда пастаны салады), екінші тағамдарды әзірлегенде
қолданылады.





87 
9.6.
Екі жаппалы ұлулардан әзірленген тағамдар
Рецептуралар жинағында ұлулардан жасалған тағамдар келтірілмеген,
бірақ әлемдік аспаздықта олар өте жоғары бағаланады.
Табиғи ұлулар. Табиғи түрде (шикілей) тек тірі ұлуларды – (кәдімгі және
португалдық) беруге болады. Оларды шұңғыл жармада, лимон шырынын
құйып береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   174




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет