Таныкпаева Балауса Ерденовна А. Байтұрсынов атындағы



Pdf көрінісі
Дата09.01.2017
өлшемі1,61 Mb.
#1503

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


Таныкпаева Балауса Ерденовна 

А.Байтұрсынов атындағы  

Қостанай мемлекеттікуниверситеті 

Қостанай қаласы 

 

ИНФОРМАТИКА САБАҒЫНДА ЖАҢА ИННОВАЦИЯЛЫҚ 

ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУ  

 

Түйін 


Инновациялық    технологияны  білім  жүйесіне  енгізу  үрдісі  әр  түрлі 

пәндік  ауқымдағы  информатиканың  интеграциясын  түсіндіреді.  Ол  білім 

алушылардың  сана  түсінігін  заманауи  қоғамдағы  ақпараттандыру  үрдісін 

қалыптастырады.    

Аннотация 

Внедрение  инновационной  технологии  в  содержание  образовательного 

процесса  подразумевает  интеграцию  различных  предметных  областей  с 

информатикой,  что  ведет  к  информатизации  сознания  обучающихся  и 

пониманию ими процессов информатизации в современном обществе.  

 

Summary 



Introduction  of  innovative  technology  in  the  content  of  educational  process 

means  integration  of  various  subject  domains  with  informatics  that  conducts  to 

informatization  of  consciousness  trained  and  to  understanding  them  processes  of 

informatization in modern society. 



 

 

Кілтті  сөздер:  Инновация,  білім  сапасы,  ақпараттандыру,  жаңа 

технология, интерактивті тақта, электронды оқулық. 

 

Қазіргі  білім  жүйесінің  ерекшілігі  –  тек  біліммен  қаруландырып  қана 



қоймай, өздігінен білім  алуды  дамыта отырып, үздіксіз  өз  бетінше  өрлеуіне 

қажеттілік тудыру. Бiлiм беру саласында инновациялық үрдiстi жүзеге асыру 

мұғалiмдерден  өз  мінез-құлықтарын,  ұстанымдарын,  мүмкіндіктерін 

түрлендiрудi талап eтедi. 

Дамыған елдердегі білім беру жүйесінде ерекше маңызды мәселелердің 

бірі  –  оқытуды  ақпараттандыру,  яғни  оқу  үрдісінде  ақпараттық  – 

коммуникациялық  технологияларды  пайдалану.  Қазіргі  таңда  елімізде  білім 

беру жүйесінде жаңашылдық қатарына ақпараттық кеңістікті қүру енгізілді. 

Информатика 

сабағында 

ақпараттық 

коммуникациялық 



технологияларды пайдалану арқылы оқушылардың ақпараттық құзіреттілігін 

қалыптастыру,  қазіргі  заман  талабына  сай    ақпараттық  технологияларды, 

электрондық оқулықтарды және Интернет ресурстарды пайдалану оқушының 

білім  беру  үрдісінде  шығармашылық  қабілетін  дамытуға  мүмкіндік  береді. 

Оқушылардың  ақпараттық  құзырлылығы  мен  ақпараттық  мәдениетiн 

қалыпастыру қазiргi таңда үздiксiз педагогикалық бiлiм беру жүйесiндегi ең 

көкейтестi мәселелердiң бiрiне айналып отыр. 


Жаңа  ақпараттық  технологиялар  дегеніміз  –  білім  беру  ісінде 

ақпараттарды  даярлап,  оны  білім  алушыға  беру  процесі.  Бұл  процесті  іске 

асырудың  негізгі  құралы  компьютер  болып  табылады,  сол  себепті  қазіргі 

мектепке  шығармашылық  ізденіс  қабілеті  дамыған,  жаңа  педагогикалық 

технологияларды  жете  меңгерген,  мамандық  шеберлігі  қалыптасқан,  жаңа 

ақпараттық технологиялардың тілін білетін мұғалім қажет. 

Ақпараттық  технологиялардың  бірі  —  интерактивтік  тақта, 

мультимедиялық және он-лайн сабақтары.  

Қазіргі  білім  беру  мекемелері  интерактивті  тақтамен  толық 

жабдықталған. 

Информатика сабақтарында ақпараттық  - коммуникациялық  

технологияларды пайдаланудың тиімділігі:  

 

оқушының өз бетімен жұмыс жасауы; 



 

аз уақытта көп білім алып, уақытты үнемдеу; 



 

білім-білік дағдыларын тест тапсырмалары арқылы тексеру



 

шығармашылық  есептер  шығару  кезінде  ақпараттық  процестерді  



түсіндіру арқылы жүзеге асыру; 

 



қашықтықтан білім алу мүмкіндігінің туындауы; 

 



қажетті ақпаратты жедел түрде алу мүмкіндігі; 

 



экономикалық тиімділігі

 



іс-әрекет,  қимылды  қажет  ететін  пәндер  мен  тапсырмаларды  оқып 

үйрену; 


 

оқушының ой-өрісін дүниетанымын кеңейтуге де ықпалы зор. 



Мұғалім  сабағында  ақпараттық  –  коммуникациялық  технологияларды 

пайдалану арқылы оның тиімділігін жүйелі түрде көрсете біледі. Ақпараттық  

-  коммуникациялық  технологияны  пайдалану  оқытудың  тиімді  әдістерінің 

бірі екені сөзсіз. 

Мұғалім  үшін    электрондық  оқулық  –  бұл  күнбе-күн  дамытылып 

отыратын  ашық  түрдегі  әдістемелік  жүйе,  оны  әрбір  оқытушы  өз 

педагогикалық  тәжірибесіндегі  материалдармен  толықтыра  отырып,  әрі 

қарай жетілдіре алады. Электрондық оқулық арқылы үй тапсырмасын, жаңа 

сабақты түсіндіруге және тест тапсырмаларын орындауға болады. 

Оқушыларға  информатика  сабағында  электрондық  оқулықтарды 

пайдалану өте тиімді. Бұның тиімді жағы көп: сабаққа қажетті материалдар, 

кестелер 

мен 

сызбалар, 



анимациялық 

көріністер, 

оқушыларды 

машықтандыру  фильмдері,  анықтама  сөздік,  оқушы  білімін  бекітетін 

дидактикалық  материалдар  бар.  Әр  тараудағы  тест  сұрақтары,  әр 

тапсырманың  өзіндік  жұмыстары  (есептер,  диктант)  оқушы  білімін 

бақылауда және оқушының өз бетінше ізденісін туғызуда көмегі зор. 

 

 



 

 

  



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

Электрондық 

оқулықтар 

мен 


компьютерлік 

оқу-әдістемелік 

құралдарды өз дәрежесінде қолдануды үйренген оқушылар өзі белсенді жеке 

жұмыс  істей  алады.  Электрондық  оқулық  пән  оқытушылары  үшін    бұл 

күнделікті дамытылып отыратын ашық түрдегі әдістемелік жүйе, оны сабақта 

қолдану  мұғалімнің  шығармашылықпен  жұмыс  жасауына,  белсенділігін 

арттыруына мол мүмкіндік береді. 

Оқу 


процесінде 

оқытудың 

ақпараттық-коммуникациялық 

технологияларын  информатика  сабағында  тиімді  пайдалану    және  қолдану 

айтарлықтай  оң  тәжірибе  беріп  отыр.  Атап  айтсақ,  ақпараттандырылған 

қоғамның  талабына  сай  мұғалім  де,  оқушы  да  жаңаша  көзқарасты,  терең 

ойлы болуы керек. Сондықтан заман талабына сай жас ұрпақты көкірегі ояу, 

ізденімпаз,  өзіндік  шығармашылық  жұмыспен  айналыса  алатын  дәрежеге 

жеткізуіміз керек. 

Мұғалім  жаңа  материалды  өте  қызықты  әрі  түсінікті  етіп  түсіндіру 

үшін  керекті  ең  бірден-бір  құрал  бұл  –  интерактивті  тақта.      Интерактивті 

тақтаны  пайдалана  отырып,  жаңа  сабақ  барысында  қосымша  қызықты 

материалдарды ұсынуға, көлемді қиын тақырыптарды тірек-сызбалар арқылы 

жеткізуге,  өзінің  жаңа  идеяларын  әсерлі,  тартымды  етіп  көрсетуге    болады. 

Интерактивті  тақта  өзінің  аты  айтып  тұрғандай  мұғалім  мен  оқушылар 

арасындағы  белсенді  қарым-қатынасты  қалыптастырады.  Топпен,  жекелей 

жұмыс  жасауға  зор  ықпалын  тигізеді.  Алдын-ала  дайындалған 

презентациялар,  графикалық  сызбалар,  мәтіндік  ақпараттар,  бейне  және 

Көрнекілік, сурет, сыз-

балар компьютермен 

іске асырылады 

Алған білімін 

тексереді 

Электрондық 

оқулық 

Тест тапсырмала-

рын орындайды 

Пәнге қызығу-

шылығы 

артады 


Түрлі ақпарат-

тық анықтама-

лар алады 

Практикалық 

тапсырмаларды 

орындайды 

Дидактикалық 

материалдарды 

қолдану тиімділігі 

артады 


Ойлау қабілетін 

дамытады 



аудио  материалдар,  алдын  ала  үйлестірілген  жаңа  сабақты  меңгертуге 

арналған ойындар, гиперсілтемелер арқылы сабақтың оқушы үшін қызықты 

да, тартымды өтуіне көмегін тигізеді. 

Сабақта  оқушылардың  білімге  ынтасы  мен  қызығушылығын  арттыру 

үшін  сабақтың  құрылымы  мен  әдістерін  түрлендіріп,  тірек  сызбаларды  

техникалық құралдар көмегімен түрлендіре отырып, түрлі ойындарды тиімді 

қолдану керек. Интерактивті тақтаның бұл жағдайда көмегі мол. 

Білім 


беру 

жүйесін 


ақпараттандыру 

 

мен 



ақпараттық- 

коммуникациялық  технологияны  информатика  сабақтарында  пайдалану 

оқушының  өз  мамандығына  қызығушылығы  мен  мамандық  сапасын 

арттырып,  шығармашылық  шабытын  шыңдап,  ғылыми  көзқарасын 

қалыптастырып,  еңбек  нарығындағы  бәсекеге  қабілетті  мамандар  даярлауда 

қоғамның даму жолдарын анықтайтыны сөзсіз. 

Жаңа  ақпараттық  технология  құралдары  оқыту  құралы  қызметiн 

атқарады.  Дәстүрлi  оқу  құралдарынан  басқа  тыңдаушыға  мына  типтегi 

материалдар ұсынылады: 

 



компьютерлiк үйрету бағдарламалары;  

 



электрондық оқу құралдары

 



компьютерлiк тестiлеу жүйесi мен бiлiмдi бақылау; 

 



аудио және видеоматериалдар; 

 



Интернет желiсiндегi ақпараттық материалдар.  

Аталған  құралдар  оқу  материалдарын  жеделдетiп  меңгеруге  және 

оқытудың  сапасын  арттыруға  игi  әсерiн  тигiзедi.  Қашықтықтан  оқыту 

материалдарын  жасақтаушылар  осы  құралдарды  негiзге  алуы  қажет.  Оқу 

құралдарын жасақтау ұзақ процесс. Оқу құралдарын жасақтау қашықтықтан 

оқыту формасының тиiмдiлiгiн арттырудың негiзгi көзi болып табылады. 

Ақпараттық  ортада  жұмыс  жасау  үшін  кез  келген  мұғалім  өз  ойын 

жүйелі  түрде    жеткізе  алатындай,  коммуникативті  және  ақпараттық 

мәдениеті дамыған, интернет желісін пайдалана алатын, Он-лайн режимінде 

жұмыс жасау әдістерін меңгерген мұғалім болуы тиіс. 

 Қорыта  айтқанда,  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды 

сабақта қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының 

күрт  артқандығы  байқалады.  Мұғалімдер  де  өздеріне  қажетті  әдістемелік, 

дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады. Заман талабына сай 

жас 

ұрпаққа 


сапалы 

білім 


беруде 

ақпараттық-коммуникациялық 

технологияларды сабаққа пайдалану – оқытудың жаңа технологиясының бір 

түрі ретінде қарастыруға болады. Сонымен қатар электронды материалдарды 

сабақта  пайдалану  кезінде  оқушылар  бұрын  алған  білімдерін  кеңейтіп,  өз 

бетімен  практикалық  тапсырмалар  орындайды.  әрбір  оқушы  таңдалған 

тақырып  бойынша  қажетті  материалдармен  танысып,  кестелер  және 

сызбалармен 

жұмыс 

жасауға 


дағдыланады. 

Электронды 

оқулық, 

интербелсенді  тақта  арқылы  түрлі  суреттер,  бейне  көріністер,  дыбыс  пен 

музыка  тыңдатып  көрсетуге  болады.  Бұл,  әрине  мұғалімнің  тақтаға  бормен 

жазып  түсіндіргенінен  әлдеқайда  тиімді,  әрі  түсінікті.  Меңгерілуі  қиын 



тақырыптарды  компьютердің  көмегімен  түсіндірсе  жаңа  тақырыпқа  деген 

баланың құштарлығы оятады.  

Жаңа ақпараттық технологияларды сабақта қолдану келесі нәтижелерге 

жеткізеді: 

1. Оқушыларға еркін ойлауға мүмкіндік береді; 

2. Тіл байлығын дамытады; 

3. Өз ойын жеткізуге, жан-жақты ізденуге үйретеді; 

4.  Шығармашылық  белсенділігін  арттырып,  ұжымда  бірігіп  жұмыс  істеуге 

тәрбиелейді. 

5.  Өз  бетімен  білім  алатын,  ақпараттық  технологияларды  жақсы  меңгерген, 

білімді жеке тұлғаны қалыптастырады. 

Сондықтан  әр  бір  мұғалім  күнделікті  сабағына  өмір  талабына  сай 

дайындалып  ақпараттық  –  коммуникациялық  технологияларды  кеңінен 

пайдалануы тиіс. Ол заман талабы. 

Ақпараттық-коммуникациялық технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім 

беру  жүйесін  дамытуға  және  оның  мүмкіндіктерін  әлемдік  білімдік  ортаға 

енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.  

Оқытудың 

ақпараттық-коммуникациялық 

технологиясы-білімді 

жаңаша  беру  мүмкіндіктерін  жасау,  білімді  қабылдау,  білім  сапасын 

бағалауы,  оқу  тәрбиесі  үрдісінде  оқушының  жеке  тұлғасын  жан-жақты 

қалыптастыру  үшін  бойында  ақпараттық  мәдениетті,  сауатты  адам-

ақпараттың  қажет  кезін  сезіну,  оны  табу,  бағалау  және  тиімді  қолдану 

қабілетін арттыру керек. 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер: 

 

1.

 



Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы 

2.

 



“Болашақтың  іргесін  бірге  қалаймыз”    Н.Ә.Назарбаевтың  Қазақстан 

халқына Жолдауы, 2011 жыл  

3.

 

Қазақстан  Республикасы  білім  беруді  дамытудың  2011-2020  жылдарға 



арналған мемлекеттік бағдарламасы. 

4.

 



“Информатика негіздері” журналы №1, 2010 жыл  

5

М.Ғалымжанова,  «Ақпараттық  коммуникациялық  технологияларды      

пайдалану  арқылы  білім  беру  деңгейін  көтеру».  Информатика  негіздері.  №3, 

2006 ж. 

6. «Информатика негіздері»  журналы №4, 2005 ж.  



 

 

 




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет