Секптицизм (грекше skeptikos – ойланушы, зерттеуші) баяғыдан бері жалпы қабылданған тіпті аксиомаға айналған қағидалардың ақиқаттығына күмән келтіреді. Философия мен мәдениет тарихында тұтастай скептицизм екі жақты рөл атқарады. Ақылға сыйымды скептицизмнің пайдасы бар, тіпті шығармашылық қызметке де керек. Таным амалы ретінде скептицизм ақиқатқа жақындау болып табылатын күдік келтіру формасында көрініс береді.Күдік ғылымда жаңа жетістіктерге бастайтын жемісті нәтиже бере алады. Белгілі үнді ақыны Р. Тагордың ақылды шамға теңегені сияқты, жарың көп болған сайын көлеңке де қою. Агностицизм (грекше а – емес, gnostos – дүниенің танылмайтындылығы туралы ілім. 1869 жылы ағылшын биологі Т.Гексли өзінің философиялық ұстанымын осылай атаған. Алайда ғылымның өзі жаратылыстанушы ретінде табанды агностик бола алмады. Агностиктердің ұстанымы бойынша адам әлемді тек бөлшектеп қана таниды немесе мүлдем тани алмайды. Оптимизм немесе гностицизм – танымының бүгіні мен ертеңіне оптимистік түрде қарайды. Олардың пікірінше, әлемді тануға болады. Адамның дүниені тануда мүмкіндігі өте зор.