Ғылымға қатысына қарай білімнің түрлері: - ғылыми емес білім; (мифтік, діни, көркем) - ғылыми білім; - ғылымнан тыс білім (магия, алхимия, астрология, парапсихология, мистика,эзотерика) Дүниені игеру тәсіліне қарай білімнің түрлері: - күнделікті;
«Ең биік білім - ол туа біткен білім. Одан төменгі – игерілген білім , келесі – қиындықтарды бастан кешіп алынған білім» (Конфуций) Конфуций (Кун-фу-цзы) б.д.д. 551-479 ж.ж.. Негізгі еңбегі - « Лунь-Юй»
Танымның мүмкіндіктері мен шектері туралы көзқарастардың негізгі бағыттары
Гносеологиялық оптимизм - адамның дүниені танып білу мүмкіндігіне сену
Скептицизм (грек тілінен: «скепсис» – күмәндану) - адамның дүниені танып білу мүмкіндігіне күмәндану. күдікке көп орын беретін философиялық ілім (Пиррон).
Агностицизм (грек тілінен: «а» - жоқ, «гнозис» - таным) адамның дүниені танып білу мүмкіндігін жоққа шығару
Скиф Анахарсистің скептицизмі
Анахарсис (б.з.д. 610—545 жж.) Антикалық скептицизм катарсистік, яғни тазартушы сипатта болған. Бұл бағыт ой мен көңіл-күйде сақталған ескі сенім-нанымдарға, яғни догмаға айналған менталдылыққа күмәнданып, оны сынға алған. Секст Эмпирик «Adversus logicos» (VII, 55) атты еңбегінде скептик Анахарсис Скиф туралы айтқан: «Анахарсистің хаттарында» эллиндер мен варварлар негізінде тең деп айтылған, яғни варварлар гректерден кем емес делінген