Орталық Қазақстан Академиясы Әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасы
Пән: «Философия» Дәріс-презентация №5 Таным және шығармашылық Жаңа типтік оқу жұмыс бағдарламасы бойынша Құрастырған: философия ғылымдарының докторы, профессор Мирзабекова Алма Шаимовна
Қарағанды – 2020 -2021 оқу жылы
Таным және шығармашылық
1.Таным проблемасы 2.Танымның шегі мен мүмкіндіктері туралы тұжырымдамалар 3.Ақиқат мәселесі 4. Таным және шығармашылық
Таным мәселесі
Гносеология” — грек тілінен: «гнозис» — таным, білім , «логос» — ілім). «Эпистемология» - лат. тілінен: «эпистема» — білім.
Таным теориясы келесі сұрақтарға жауап береді:
- Таным дегеніміз не, оның негізгі түрлері қандай?
- Танымның субъектісі және объектісі дегеніміз не?
- Танымдық үрдістің құрылымы қандай?
- Ақиқат дегеніміз не және оның өлшемі қандай?
Танымның нәтижесі - білім
Танымның объектісі мен субъектісі
Таным субъектісі -таным процесін жүзеге асыратындар.
Бұл: жеке адам, адам тобы, жалпы қоғам
Таным объектісі – бұл зерттеліп жатқан нәрсе: дүние, жеке заттар,олардың белгілері мен қатынастары, процестер, құбылыстар, танымның өзі
Танымның негізгі формалары
Сезімдік таным:
Түйсік
Қабылдау
Түсінік
Рационалдық таным
Ұғым
Пайымдау
Ой тұжырымы
Түйсіктердің танымдағы рөлі
Түйсіктер - біздің санамыздың дүниеге ашылатын қақпасы: таным түйсіктерден басталады