ТАНЫМ МӘСЕЛЕСІ Таным – бұл сыртқы заттар мен құбылыстардың, олардың қатынастарының адам санасында идеалды образдар жүйесі ретінде бейнелеуінің қайшылыққа толы күрделі процесі. Кейбір философтар дүниені танып-білу мүмкіндігін мүлде жоққа шығарады, абсолютті ақиқат, заттардың ішкі мәніне таным арқылы жетуді мойындамайды, мұндай позиция агностицизм д.А. (Д. Юм, И. Кант) Жалпы таным процесі – бұл әлем туралы нақты білім алуға бағытталған адам баласының шығармашылықты іс-әрекеті. Таным процесі әлеуметтік болмыспен тығыз байланысты: қоғамның ішкі қажеттілігінен және адамдардың мақсатынан, құндылығынан, талаптарынан туындайды.
"Таным" деген не?", "Білімді қалай алуға болады?" деген мәселелер төңірегінде ойлана отырып, адам сонау ежелгі заманда-ақ өзін табиғаттың бір бөлшегі ретінде сезінген. Философтар таным теориясының мәселелері төңірегінде ой қозғай бастады. Гносеология — айналадағы әлемді тану туралы философиялық ғылым. Таным теориясы немесе гносеология (грекше gnosis — білім, таным) — философиямен бірге, оның іргелі бөлімдерінің бірі ретінде пайда болды және қалыптасты. Ол адам танымының сипатын, білімінің формаларын, оның жадағай түрінен тереңіне бойлау әдістерін зерттейді.
Таным процестерінің дамуы Нәресте жасының бас кезінде бала жан-жағына қарап заттарды заттардан, не таныстарды таныстардан ажырата алғанымен,оның қабылдауы әлі нашар дамыған. Таным процестеріне байланысты бөбектің тіліне де әсер етеді. Егер біреудің бізге таныс емес тілде сөйлеген дауысын естісек, осыған байланысты дыбыстарды ажырата алмаймыз. Бізге сол дыбыстар тек шудан тұратындай болып көрінеді. Мұның себебі үйренгендіктен: ана тілімізде естіген сөздер тек белгілі тәртіпке бағынатын сияқты. Осыны фонематикалық есту деп атаймыз. Фонематикалық есту әркімнің қабылдауының өз тіліне бейімделіп өзге тілдегі дыбыстарды елемеуі. Осы қасиет тек бөбек жасынан басталып,олар өз тілінің фонематикалық есту ерекшелігін өзге тілдерден ажырата бастайды.
Таным процесінде дүниені тануға бола ма, болмай ма деген мәселеге екі түрлі көзқарас бар: Гностицизм – дүниені тануға болады, адамның танымдық мүмкіндігін шексіз деп түсінетіндер; Агностицизм – дүниені тануға болмайды, адамның танымдық мүмкіндігі шектелген деп түсіндіретіндер. (Иммануил Кант). Қазіргі заманғы гносеология көбінесе гностицизм бағытын ұстанады.
Танымның субъектісі деп жеке адамдарды, таптар мен әлеуметтік топтарды, кең мағынада алғанда, тұтас тарихи нақтылы қоғамды айтуға болады.
Танымның объектісі Материалдық және рухани дүниенің қоғаммен практикалық және теориялық тұрғыдан қарым-қатынасқа түсетін, нақты тарихи іс-әрекет барысында субъекті игерген бөлігі
Таным объектілері адамның практикалық қызметімен тығыз байланысты және әрқашан соған тәуелді болады. Практика дегеніміз- адамдардың табиғатты және қоғамдық құбылытарды нысаналы түрде өзгертуге бағытталған қоғамдық және материалдық қызметі. Сезімдік таным дегініміз-сезім мүшелері:көру,есту,сезіну және басқалар арқылы жүзеге асырлатын танып білу. Сезім мүшелері болса біздің айналымыздағы дүние туралы мәліметтер санамызға келіп кіретін бірден бір арна болып табылады. Сезім мүшелері үш формада болады:
Түйсік
Қабылдау
Елестеу
Сезімдік таным түрлері: • Түйсік (ощущения) - адамның сезім мүшелеріне тікелей әсер ететін объективті дүниенiң материалдық заттары мен нәрселерінің жеке қасиеттері мен сапаларының қарапайым, элементарлы бейнеленуі. • Қабылдау (восприятие) - адамның сезім мүшелеріне тікелей әсер ету нәтижесінде, санада материалдық заттар пен нәрсенің біртұтас бейнесі қалыптасатың, сезімдік танымның ерекшк формасы. • Елестету - сезімдік қабылдау негізінде қалыптасқан, заттардың жаңамасезімдік бейнесі; бұрын қабылданған заттар мен нәрселердің көрнекі бейнесін сезiм мүшелері арқылы қайта жаңғырту процесі
Рационалдық танымның бейнелеу түрлері: Ұғым (логикалық ойлаудың аса маңызды элементі. Бүкіл ойлау процесі ұғымдар туғызу, оларды жүйеге келтіру және пайдалану жолымен қалыптасады) Пікір (заттар мен құбылыстар арасындағы байланыстар мен қатынастар бөлшектелген және кеңінен жинақталған түрде бейнеленеді.) Ой тұжырымы (осы арқылы біз бастапқы білімнен логикалық жолмен жаңа білім аламыз)
Қорытынды • Сонымен, табиғатты және қоғамды танудағы ең басты принцип – адамдардың әлеуметтік қызметінің мәнін ашып, оның сан қилы қасиеттерін, түрлері мен формаларын, қоғамдық қатынастар мен сананың арақатынасын анықтау қажет. Адамның әлеуметтік мәні қанша бай, терең болса, адам қызметі де сонша көп түрлі болып келеді