«Ж.Бәрібаев атындағы орта мектеп» КММ
Орындаған: А.Қ.Камалова
Тексерген: Г.К.Мерказиева
Бекітемін
Мектеп директоры А.Есмаханова
«ТАНЫМДЫҚ ОЙЫН — БІЛІМДІЛІК КІЛТІ»
Интеллектуалды химиялық кеш
Кештің мақсаты:
Химия пәнін өмірмен байланыстыра отырып, маңызына ғылыми тұрғыдан түсінік беріп, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.
Алған білімдерін дамыту, тұрмыста, еңбекте, өмірде қолдану.
Оқушыларды адамгершілікке, шеберлікке, сөз сөйлеу мәнеріне, жылдамдыққа, ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу
«Ж.Бәрібаев атындағы орта мектеп» КММ, химия пәні бойынша практикант А.Камалованың ұйымдастыруымен
9 сынып оқушылары арасындағы
«ТАНЫМДЫҚ ОЙЫН — БІЛІМДІЛІК КІЛТІ» атты
интеллектуалды химиялық кешінің
СЦЕНАРИІ
Өтетін күні: 10.03.2022
Өтетін орны: АКТ зал
(АКТ залда химия пәніне қатысты суреттер, шармен молекулалар жасалынып безендіріледі, интерактивті тақтада: «Танымдық ойын — білімділік кілті» атты интеллектуалды химиялық кеш» жазуы фонда көрсетіледі.)
ФАНФАР
Ортаға оқушы жүріп, Қадыр Мырза Әли «Менделеев кестесі» өлең жолдарын оқып шығады
Оқушы:
Балалықпен байқамаппын, ол кездерде аңғалмын.
Менделеев кестесіне қарап кеше таң қалдым.
Таң қалдым да ойға шомдым, жасырамын несіне,
Химия емес, осы кесте салды өмірді есіме.
Кім ойлаған формулалар қозғайды деп шеріңді,
Ұядағы әр элемент бір тағдыр боп көрінді.
Анау емес, мынау емес — Титан болу сорың ба?!
О жасаған! Титан неге жиырма екінші орында?!
Темірдей деп мақтаушы едік.
Темірдің де кезі өткен.
Кезі өтпесе, тұрар ма еді жиырма алтыншы кезекте.
Былқ етпейтін сабырлы да, салмақты да болғасын,
Тоғызыншы қатарға әрең ілігіпті қорғасын.
Ал орынын сұрама сен,
Айтуға оны ұялам.
Сығалайды ол бейшара ақырғы бір ұядан.
Элементтер ішінде де қатты-ау, сірә, қақтығыс,
Шылапшындық мысыңнан да кейіндеу тұр ақ күміс.
Күміс дейміз,
Күмістің де өмір емес өмірі —
Екінші емес,
Үшінші емес, —
Қырық жетінші нөмірі.
Қалай саған ұнай ма бұл?
Ұнаса егер, ал тыңда:
Жүлделі орын тимей қалған платина,
Алтынға!
Жетпіс сегіз,
Жетпіс тоғыз —
Екеуінің кезегі.
Екеуі де жаратқаннан бір қиянат сезеді.
Тас-талқанын шығарғысы келгендей бір шетінен,
Достарыңызбен бөлісу: |