1-жүргізуші: Әдемі тілектеріңіз бен жылы лебіздеріңізге рақмет! Орындарыңызға жайғасуларыңызды сұраймын.
1-жүргізуші: Бәрі керемет, бәрі тамаша! Бүгінгі сайыс көрермендерге ұнады деген ойдамын. Енді қай топ оза шапты, қай топта әттеген-ай деген жерлер болды екен, жарыс қорытындысын шығару үшін әділ қазылардың қорытынды ұпайларын күтеміз. Дайын болғанша, «Индикатор»тобының қолдаушысы Жасанбай Талшынның орындауында «Арманым-ай» әні. Қарсы алыңыздар!
2-жүргізуші:Құрметті қонақтар, көрермендер, бүгінгі химиялық кешке келгендеріңізге алғыс айтамыз. Осымен «Танымдық ойын-білімділік кілті» атты интеллектуалды сайысымыз өз мәресіне жетті. Келесі кездескенше қош-сау болыңыздар!!!