Анализ – бүтінді бөлшектеп, майдалау, мүшелеу, белгілерге бөліп қарау. Адам өзінің күнделікті әрекетінде заттар мен нәрселерді алдымен бөлшектеп, талдап отырады
Синтез деп – ой арқылы бүтіннің белшектерін біріктіріп, оны бүтінге айналдыруды айтады.Анализсіз синтез, синтезсіз анализ болмайды, Бұл екеуі - бірінен-бірі ешқашан ажырамайтын ой процесінің негізгі компоненттерінің бірі
Ойлау формалары
Ұғым – ойдың бастапқы формасы.
Пікір – ойды мақұлдау, не оны бекерге шығару.
3. Ой қорытындылары – бірнеше пікірлерден жаңа пікір шығару. Ой қорытындыларының өзң 3-ке бөлінеді: 1. Индукция 2. Дедукция 3. Аналогия
Ұғым
Ой қортындылар
Пікір
Сөйлеу
Сөйлеу - адамның тілдік амалдар арқылы пікір, ой білдіру әрекеті. Сөйлеу анатомиялық мүшелердің қатысуымен іске асқанымен, негізінен, адамның психикалық қабілетіне, қоғамдағы пікір алмасу тәжірибесіне сүйенеді. Сөйлеу процесі айтылатын пікірдің мазмұнына, пікір айтудың жағдайына (пікірді ауызша не жазбаша айту, диалог түрінде айту, көпшілік алдында айту, тындаушының білім дәрежесін, жас мөлшерін ескеру т. б.) сай түрліше құрылады.
Сөйлеу түрлері
Сыртқы сөйлеу
Ауызша сөйлеу
Диалогтық сөйлеу
Жазба сөйлеу
Монологтық сөйлеу
Қиял
Қиял - сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс.
Қиял түрлері
Пассив
Актив
Арман
Шығармашылық
Ғылыми танымның әдісі
Әдіс – бұл белгілі бір қорытындыға жетуге көмектесетін әрекеттердің жиынтығы. Эмпирикалық ғылымның негізін салушылардың бірі - Ф.Бэкон танымның әдісін циркульмен салыстырған. Әрбір адамның ойлау қабілетінің деңгейі әртүрлі, сол себепті барлық адамдардың жетістікке жетуге деген мүмкіндіктерін теңестіру үшін белгілі бір құрал керек. Ғылыми әдіс осындай құрал болып табылады. Сондай – ақ, әдіс адамдардың мүмкіндіктерін теңестіріп қана қоймай, олардың іс - әрекетін біркелкі жасап, ғылыми зерттеулердің ұқсас нәтижесін алуға ықпал етеді
Ғылыми зерттеу әдісі
Эмпирикалық зерттеу әдісі